Кембридж бағдарламасы бойынша ашық сабақ Тақырыбы: Тәуелсіздік монументі

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы

Ш.Сариев.Тәуелсіздік монументі

Мақсаты

Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу; мемлекет, Отан, тарих ұғымдарын түсінудің алғашқы сатысына жол салу.


Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің мазмұнын түсініп, сауатты оқиды .Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді. Сыныпта топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым- қатынас орнатады.


7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл», «Эссе», «Кубизм» әдістері

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



Тренинг

Үй тапсырмасын сұрау

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік , жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2 дейін санау арқылы топқа бөлу.

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

1-топ «Көк аспан», 2-топ «Алтын күн»

«Тоқсан жастағы тарлан» мәтінін сахналау

«Кубизм» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы бекіту.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Оқушылар сахналық қойылым көрсетеді, сұрақтарға жауап береді

Білу

Миға шабуыл


Интерактивті тақтадада «Желтоқсан » деректі фильмінен үзінді .

Фильмнен кейінгі ойтолғаныс.

Оқушылар интерактивті тақтадан көрген деректі фильмді талдайды.


Түсіну

Жаңа сабақ

Тәуелсіздік монументі»


Сандардың квадратын табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Автор туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқу.


Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Өлеңнің мазмұнына тоқталып , мағынасына және автордың жазу тіліне мән береді.


Қолдану

Жигсо пайдалану

«Тәуелсіздік монументі» туралы бейнекөрсетілім көрсету.

Оқушылардың мұндағы мақсаты Тәуелсіздік монументі туралы мағлұмат алу.

Топпен жұмыс жасау

Талдау

Ойлан тап

Әр топқа тапсырма беру.

1.Тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде қандай игі істер жасалды, қандай ғимараттар бой түзеді?

2. Өз ауылымыздағы қандай істер сені мақтаныш сезіміне бөлейді?


Әр топ сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау

I-топ: Отан, туған жер, атамекен

жайында мақал-мәтелдер айту .

"Егер мен

Президент болсам..." тақырыбында

эссе жазу

II-топ: "Мен өз еліммен мақтанамын!"

постер қорғау

Оқушылардың мақсаты- берілген тапсырмаларды орындау.

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Рефлексия

Кембридж бағдарламасы бойынша ашық сабақ Тақырыбы: Тәуелсіздік монументі

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

1. Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.

2. Отбасында , үлкендер арасында желтоқсан

көтерілісі туралы әңгімелер, деректер сұрастыру.





© 2010-2022