«Ю дыбысы мен әрпі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ю дыбысы мен әрпі»Келісемін: Бекітемін:

Мектеп директорының Мектеп директоры:

оқу -тәрбие жөніндегі ________ А.М.Елемесова

орынбасары: «___» __________2013жыл

______А.А.Курмашева

Тақырыбы: «Ю дыбысы мен әрпі»



Өткізетін мұғалім: Божканова Л.Б.

Күні: 28.11.13







2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру

Міндеттері: 1. Ю дыбысы бар сөздерді айту, дыбыстық, буындық талдау жасату, сигналды белгілермен жұмыс жасау; геометриялық фигуралармен таныстыру

2. Оқушының тілін, ойын дамыту.

3. Өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ю әрпі, ауыл көрінісі, тақырыпқа байланысты суреттер, жазбақағаздар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт.

Алақай, келіңіз!

Дайын тұр төріңіз!

Пальтоны ілейік,

Шешіңіз,беріңіз.

Тамақтар дап- дайын

Таңдайсыз қандайын?

Тағамның не түрін

Тағы қандайын?

Келіңіз, келіңіз

Сый -сыяпат көріңіз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мына геометриялық фигуралар арқылы не құрастыруға болады екен?

Ол үшін артындағы тапсырмаларды орындайық. (Әр орындалған тапсырма сайын оюлар беру)

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Жиһаз сөзінде неше әріп, неше дыбыс?

  3. Қоян сөзінде неше әріп, неше дыбыс?

  4. Бояу сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

  5. «Қызғаншақ» өлеңін оқып беріңіз.

  6. «Құлыншағым - құндызым» өлеңін оқып беріңіз.

  7. Қатарларға тапсырма

* Я дыбысы кездесетін 5 қыздың атын ата.

* Я дыбысы кездесетін 5 ұлдың атын ата.

* Осы аттарды қатыстырып сөйлемдер құра.

Сонымен не құрастырдық?

Ендеше балалар біз автобуспен көрмеге барамыз.

ІІІ. Ой қозғау

  • Біз көрмеге жеттік. Қазақтың ұлттық оюлары бөлімінде оюлардың үлгілері қойылған. Балалар сендерге қолдарыңа не тараттым?

  • Оюлар қалай жасалады? Ою не үшін керек?

  • Енді балалар ою деп айтыңдаршы, сендерге қай әріп таныс емес? (ю дыбысы)

  • Дұрыс. Онда біздің жаңа сабақта өтетін дыбысымыз Ю әрпі мен дыбысы. Ю дауысты дыбыс, орыс тілінен енген сирек кездесетін дыбыс.

  • И мен У ды қоссаң қосарлану болар,

Істің артын тоссаң, жалғыз әріп қалар.

Баспа түрі Юю Жазба түрі Юю. Ю дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Мысалы: Орысша қазақ үйді юрта деп атаймыз. Юрта сөзінде сөздің басында кездеседі. Компьютер сөзінде ю әріпі ортасында келеді. Бұл әріптің ерекшелігі я әрпі сияқты қосарлы дыбыс береді. Осы айтылған қосарлы дыбысты көрейік. Ю / Й+У Я / Й+А Бірақ жазған кезде бір дыбыс жазамыз.

  • аю ою ию ұю үю бағандағы сөздерді хормен оқу.

  • Жұмбақ шешейік:

Қыс бойына жатады.

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

Өлеңді оқу.

Таңқурай мен қорбаңбай

Қызарып пісті таңқурай,

Теріп жүр аю қалдырмай.

Жапырып бәрін қоғадай,

Қос қолдап келіп соғады -ай.

  • Көшетін өзім егіп ем, -

Шелектен суды сеуіп ем, -

Деп қойып, аю ербеңдеп,

Жидекті соқты телмеңдеп.

1 қатардың балаларына тізбектеп оқыту, 2 қатардың балаларына ю дыбысы бар сөздерді тапқызу, 3 қатардың балаларына талдату.

  • Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Көрмедегі кілемше, сырмақ түскиіздерді қараңдар олардың әрқайсысында әртүрлі оюлар бейнеленген екен.

Дәптермен жұмыс. Саусақпен ауада жазу, жазу дәптеріндегі үлгіні жазғызу. Ал балалар қазіргі кезде осы кілемшелерді дүкеннен де алуға болады. Бірақ біз қазір кілем сататын емес қандай дүкенге барамыз. Суретке назар аударту. Сұрақтар қоя отырып, мәтін мазмұнын ашу

Дүкенде мәтіні оқылып, 3-4 балаға оқытып, талданады.

Дүкенде

Ержан әлі кішкентай. Ол ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреді. Апасы Ержанды дүкенге ертіп апарды. Ержанға ақ аюдың қонжығы қатты ұнады. Апасы сатып алып берді.

Ал енді келесі заттарды әрине қыздар жақсы көреді. Ол әшекей бұйымдар және әдемі көйлектер.

Тақтамен жұмыс

Аң аю тиін түлкі

Аңдар аю... тиін... түлкі...

Ү. Ой толғау

- Бізде Ержан сияқты дүкенде мазасызданамыз ба?

- Сонымен дыбыстар нешеге бөлінеді екен?

Ал балалар автобусқа отырып, сыныбымызға кері қайтайық.

Ендеше мына дыбыстарды қызыл мен көк үйге орналастырайық.

  • Балалар адасқан буындарды табайық.

  • Мен сендерге қызық тапсырма ұсынғым келеді, сендердің мына алған оюларыңды ақ қағазға жапсырып, кілемше жасағандарыңды көрейік.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Бүгін біз қандай әріппен таныстық?

  • Ол сөздің қай жерінде кездеседі?

Үйге тапсырма: «Таңқурай мен қорбаңбай» оқу, «Дүкенде» жазу

Бағалау: Қызыл ою -жұлдызша, көк ою - төртбұрыш, жасыл ою - үшбұрыш деген бағалармен бағаланады.



© 2010-2022