Әдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Наурыз - жыл басы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ө.Ақыпбеков «Наурыз - жыл басы»

Кабдулхахова Бибігүл Ерсайынқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Ө.Ақыпбеков «Наурыз - жыл басы»

Жалпы мақсат:

«Наурыз -жыл басы» өлеңімен таныстыру, негізгі идеясын ашу.

Наурыз мейрамы жайында білімдерін толықтыру.

Нәтижесі:

Өлеңді оқып, мазмұнын түсінеді.

Ақын ойын өз сөзімен әңгімелейді, суреттейді.

Наурыз мейрамы жайында толық мағлұмат алады.

Сабақта қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Power Point презентациялар, слайд, бағалау парағы, рефлексия парақтары, бетшелер,түрлі- түсті бояулар, маркерлер,стикерлер

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу. 2 сынып Атамұра 2013ж.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалықпаймыз оқуға

Талапты боп шығамыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Білу

«Жаңа жыл», «Жаңа күн», «Наурыз» атауларымен оқушыларды топқа бөлу.

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі

«Жаңа жыл», «Жаңа күн», «Наурыз» атауларымен мозайкалық әдіспен 3 топ болып топтасады.

Оқушылар үй тапсырмасын бір-біріне сұрақтар жазу арқылы пысықтайды.

Түсіну

1.Наурыз мерекесіне байланысты бейнебаян көру

2.»Ой қозғау»

Бейнебаянды талдату.

3.Ө.Ақыпбеков өмірі, шығармашылығымен таныстыру.

4. Оқулықпен жұмыс

- жеке оқыту

- жұппен оқыту

- талдау

Бейнебаян көреді.

Бейнебаяннан көргендері жайында әңгімелейді.

Автор жайында мәліметтер алады.

Іштей оқып мазмұнын түсінуге тырысады, жұппен, топпен талқылайды,

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуы.

Бой сергітеді.

Қолдану

Шығармашылық тапсырма

1 топ 1-2 шумақ

2 топ 3-4 шумақ

3 топ 5-6 шумақ

Топ оқушылары өлең шумақтарына сәйкес сурет салады.

Талдау

«Венн диаграммасы»

Жаңа жыл мерекесі мен Наурыз мерекесін салыстырады.

Жинақтау

Ақылдың алты қалпағы.

Ақ қалпақ - қажетті ақпаратқа назар аударады.

Сары қалпақ - жағымды жақтарын зерделейді.

Қара қалпақ - жағымсыз жақтарын айтады.

Қызыл қалпақ - сезімді білдіреді.

Жасыл қалпақ - жаңа идея айтады.

Көк қалпақ - қорытынды пікір айтады.

Өз пікіріне байланысты қалпақ таңдап, ой түйеді.

Үйге тапсырма

Өлеңді түсініп оқу, наурыз мейрамы жайында шығарма жазып келу.

Өлеңді түсініп оқиды, наурыз мерекесі жайында шығарма жазады.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау бетшесін толтырту.

Өзін - өзі бағалайды.

Кері

байланыс

Мен сабақта қалай жұмыс істедім?

Белсенді / салғырт

Өзінің сабаққа қатысын бағалайды.

Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларыма ......

көңілім толды/ көңілім толмады

Сабақ маған ........ көрінді.

ұзақ болып / қысқа болып

Сабақта мен ..............

шаршадым / сергек отырдым.

Сабақтағы тапсырмалар маған ....... болды.

Пайдалы / пайдасыз



© 2010-2022