Урок по литературе жануарлар кыскы тиршилиги

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: « Жануарлардың қысқы тіршілігі »

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі : Балаларға жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі мен таныстыру . Олардың төлдері мен корегі туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі : Жабайы жануарлармен олардың төлдерінің және коректерінің суреттері мен ойыншықтар.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті

Жаңа сабақ

  • Кәнекей, балалар бір - біріміздің қолымыздан ұстап,күн жасап, шаттық шеңберіне жиналып тұрайық .

Шаттық шеңбері

  • Қуан, шаттан, алақай,

  • Қуанатын күн келді.

  • Күліп шықты күн бүгін ,

  • Қайырлы таң, қайырлы күн!

Жаңа сабақ :

  • Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

  • Қыс, көктем, жаз, күз .

  • Қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Қыс мезгілі .

  • Қыс мезгіліне қандай айлар жатады?

  • Желтоқсан, қаңтар , ақпан .

  • Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарында.

  • Қандай өзгерістер болады?

Қар жауады

Урок по литературе жануарлар кыскы тиршилиги

Урок по литературе жануарлар кыскы тиршилиги

АУрок по литературе жануарлар кыскы тиршилигиУрок по литературе жануарлар кыскы тиршилигияз болады Боран болады

Урок по литературе жануарлар кыскы тиршилигиУрок по литературе жануарлар кыскы тиршилиги

Күн суытады Тұман түседі


  • Ал балалар ,осы сендер қыста тонасыңдар ма?

  • Иә

  • Олай болса , біздер сияқты аңдарда тонады екен .

  • Балалар, қыста қандай аңдар болады?

  • Қасқыр , түлкі ,қоян, аю т.б.

  • Қыста орман өте суық болады.Жануарлар азық таба алмай қиналады.Сондықтан көптеген жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Борсық пен кірпі де - ұйқыға кететін жануарлар .

Қасқыр - жыртқыш аң. Ол өте ақылды, әрі ұғымтал . Қасқыр қыста топталып жүреді. Қасқырдың баласын бөлтірік дейді . Қасқыр қоянның түлкінің етін жегенді жақсы көреді.

Түлкі - өте иісшіл , саққұлақ , қырағы көз , айлакер, қу аң жыртқыш. Ең сүйікті асы - тышқан , көжек , балықпен қоректенеді. Түлкінін баласы мыржай деп аталады.

Қоян - қорқақ , құйрығы бір тұтам .құлағы сала құлаш ,киімі екі түрлі болады. Жазда қоңырлау, ал қыста ақ қардан ажырату қиын . Бұта арасында жатады , ағаш бұтасын кеміреді. Егер бір нәрседен үріксе , қарғын шығып зымырай жөнеледі . Қоян сәбіз жегенді ұнатады. Қоянның баласын көжек дейді.

Аю - үлкен денелі жуан дауысты жануар .Аюдың түсі қоңыр болады. Жаз бойы азығын жинап өзінің денесіне сақтайды да қыста сонымен қоректенеді. Қалай дейміз бе? Аю қыс бойы апанда ұйықтайды , сонымен қатар табанын жалап қоректенеді . Аю қонжығын ертіп көктемде бірақ шығады.

Жұмбақ шешеу.

Құстай ұшады ,

Құландай жортады,

Қойдан қорқады.

( Қоян )

Жол үстінде қу қазық ,

Жүргіншіге жол азық.

(Қоян )

Өзі қу,жүрген жері ,

Айқай шу.

( Түлкі )



© 2010-2022