Жетім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖетімЖетімЖетімЖетімЖетімЖетімЖетімЖетімЖетімТақырыбы: М.Әуезов «Жетім»

Мақсаты: М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын, негізгі идеясын ашу.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін арттыру.

Жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге,үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: М.Әуезовтің портреті, ребус, тірек сызбалар,кітаптар

Жүрісі.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Психологиялық дайындық

Ана тілім айдыным,

Ана тілім ай-күнім.

Ана тілім болмаса,

Керегі не байлықтың?

ІІІ.Үй жұмысын сұрау.

1.Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң»

7 М2.Қорытынды сұрақ - жауап

ІV.Ребус шешу.

Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.

- Балалар, жетім деген жақсы сөз бе, жаман сөз бе? Қалай ойлайсыңдар?

- «Жетім» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?

V. Қашаған Күржіманұлының «Бұ дүниеде не жетім» деген өлеңінен үзінді оқып беру.

-Өлеңнен не түсіндіңдер, Қашаған не туралы айтады?

Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім,

Бағусыз,қараусыз қалған кемпір мен шал жетім.

Суын адам мен мал ішпесе көл жетім

Әйелсіз қалған үй жетім,

Әке-шешеден айырылған сәби жетім,

- деген екен.

- Балалар, олай болса бүгін біздер Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесімен таныс боламыз.

(Күннің жадын, тақырыптың атын жазамыз)

- Қалай ойлайсыңдар, шығарма неліктен «Жетім» деп аталған екен?

VІ. Мұхтар Омарханұлы Әуезов кім? Ол туралы не білеміз? (Сызбамен жұмыс)

Жетім

Қазақтың ұлы жазушысы

қоғам қайраткері

Қазақстан ғылым академиясының академигі

профессор

филология ғылымдарының докторы

ғұлама ғалым

1897-1961

Семей облысы ,Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген елді мекенде дүниеге келді.

«Абай жолы», «Еңлік-Кебек», «Ботагөз», «Қилы заман», «Жетім» , т. б.

VІІ. Мәтінмен жұмыс

1.«Жетім» әңгімесін мұғалімнің оқуы, қысқаша мағлұмат беруі.

2. Сөздік жұмысы

Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемділік

Қаға беріс - шеттеу,бұрылыс,тасалау жер.

3. Оқушылардың мәтінді «тізбекпен» оқуы.

4.Жоспар құру. (Жоспар бойынша оқушыларды сөйлету)

Қасымның әжесінен айырылуы.

Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.

Тау ішіндегі қорқыныш.

Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.

VІІІ. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

- Жалғыз жаяу бала келе жатқан кездегі табиғат көрінісін тауып оқы.

- Жанашыры жалғыз әжесі өлгендегі Қасымның қиналған жерін тауып оқы.

- Қасымның қаңғырып кетуіне себеп болған тұсты тауып оқы.

- Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталды?

ІХ. Дәптермен жұмыс . Көркем жазу .

Жетім көрсең жебей жүр. (Оқып, мағынасын ашу, дәптерге қатесіз, әдемі жазу)

Х. Қорытынды. Шығарманың құндылығы:

1.Әрбір бала өз ата-анасымен бақытты.

2.Ата-ананың қадірін бағалай білу.

3.Тәрбие -отбасынан басталады.

4. Қоғамның айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауы.

Қарама-қайшы элементтер:

Қасым-ойын баласы.Ащы өмірдің соққысына ерте ұшырап отыр.

Иса-туыс.Қамқор, мейірімді болуы керек.Қасымның тағдырынан дүниесі қымбат.

Қасым жас бала,қорқақ.Тауды бетке алып,қашып кетті.

Иса-әке. Балдарына жақсы, дұрыс тәрбие беріп,жол көрсету керек.Қасымды қуғызып, таспен ұрды.

Сонымен балалар, Мұхтар Әуезов өзінің шығармасы арқылы қоғам арасындағы өмірге немқұрайлы қарап,айналасындағы адамдарға деген аяушылық,жанашырлық қасиеттерін бөліп беруге көңіл бөлмейтін, менмендік,байлық құмарлықты көздейтін сынайлы.Адам басына қиыншылық түссе, қол ұшын беріп,көмектесіп,жетім көрсек басынан сипап, құшағын ашып мейірімділік көрсете білсек біздің қоғамымызда қатыгездік, қылмыс жасаушылық болмас еді деп ойлаймын.Қасым секілді құрбы-құрдастарыңа оң көзбен қарап,жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын естеріңнен шығармағандарың дұрыс .

ХІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып , мазмұнын айтып келу.

ХІІ.Бағалау



© 2010-2022