3-сынып тақырыбы: Біздің отбасымыз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пән: қазақ тілі Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз

Сабақтың мақсаты : а) Отбасы мүшелерін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету;

ә) Тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру;

б) Жақындарына деген сыйластық сезімдерін ояту, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : отбасы мүшелерінің суреттері

Пәнаралық байланыс : орыс тілі

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Отбасы мүшелерінің суреттері салынған үйді көрсетеді. Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдап, түсініп, сөйлемді қайталайды. Отбасы мүшелерінің аттарын айтады, естерінде сақтайды. Отбасы мүшерелінің аттарын біліп, тақырыпқа сай бірнеше сөйлем құрастырады, қойылған сұраққа дұрыс жауап береді, сурет бойынша әңгімелей білу.

Ә дыбысын және осы дыбыстан басталған сөздерді дұрыс айту.

Мынау - менің үйім. Менің үйімде атам, әжем, әкем, анам, ағам, әпкем, інім, қарындасым (сіңлім) бар. Мен отбасымды жақсы көремін.

Білімді бекіту : Балаларға отбасы мүшелеріне байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : отбасы туралы әңгіме құрастыру

© 2010-2022