2 сынып. Арнайы курс. «Нан дастақанға қалай келді?»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 - сынып. Арнайы курс.

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келді?

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып, сәлемдесу, сыныптың санитарлықлық жағыдайына көңіл бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру. Жемістердің атауларын білулерін қадағалау.Күз туралы сұрау.

ІІІ. Сабақтың мақсатын барысын, айту.

Сабақтың барысы:

  1. Білімділік.

Сауатты сөйлеп, жаза білу қабілеттерін қалыптастыру.

  1. .Дамытушылық .

  • Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  • Дұрыс жауап беріп, қисынды ойлау қабілеттерін қалыптастырып, сөздік қорын дамыту.

  1. Тәрбиелік.

  • Нанның қасиеті туралы айтып, «Нан дастарқанға қалай келді?» тақырыбында тәрбиелік әңгіме жүргізу.

ІҮ. Сөздікпен жұмыс.

1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру. а) Сөздердің мағынасын түсіндіру, қайталату ә) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау. б) Сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік жұптарын табу. в)Оқушылар сөз тіркестерінен сөйлемдер құрату. в) Дәптерге жаздыру.

Шашылу - рассыпаться тарту - молоть

жан - жақтан - со всех сторон Қай жақтан? - откуда?

Өсіру - вырастить Нан жабу - выпекать хлеб

арғы тегім - предки Дирмен - мельница

жеп көру - попробовать Ұн - мука

байқау - заметить Қастерлеу - ценить

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

«Нан дастарқанға қалай келді?» тақырыбы бойынша жұмыс.

  1. Мәтінді оқып, түсіндіру;

  2. Әр оқушыға мәтін жазылған карточка беру;

  3. Аудару;

  4. Сұрақ - жауап;

  5. Мәнерлеп оқыту.

  1. тапсырма.

Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Егін жақсы шығу үшін жәндіктерден қорғайды.

Содан кейін күзде піскен егінді комбайнмен жинайды. Машинамен элеваторға тасиды, себебі элеваторда астық жақсы сақталады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Содан соң ұн элеватордан наубайханаға түседі. Онда наубайшылар тәтті тоқаштар, дәмді нандар пісіреді. Наубайханадан нан дүкенге түседі. Дүкеннен қалаған нанымызды сатып аламыз.

Нан дастарқанға дейін көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.

  1. тапсырма.

  • Мақалды оқып, аудару.

  • Дәптерге жазу.

Ас атасы -нан. ҮІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

  • Өткен тақырыпқа шолу;
  • Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;
  • Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту;
  • Өткен сабақта оқушының үйренген сөздері мен өтілетін сабақтың жаңа сөздерін қатыстарып сөз тіркестерін айта білулерін тексеру;
  • Сөйлесуді толықтырып оқи білулерін қадағалау;
  • Сәлем . . . !
  • Сен қайда барасың?
  • Мен дүкенге барамын.
  • Не сатып аласың?
  • Нан сатып аламын.
  • Нан туралы мақал білесің бе?
  • Иә, білемін. «Ас атасы - нан»

ҮІІ. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі

  • Жаңа тақырыпты меңгеру үшін барлық жаттығуларды мұқият оқып, танысуларын қадағалау;
  • Сөздік жұмысын жүргізу;
  • Сөздерді оқып беру;
  • Оқушыларман бірге аудару;
Мәтін бойынша сұрақ - жауап ұйымдастыру:
  • Диқандар көктемде не істейді?

  • Егін жақсы шығу үшін не істейді?

  • Бидай жиналып алынған соң дүкенге түскенге дейін қандай жұмыстар істеледі?

  • Нанды қастерлеу дегенді қалай түсінеміз?

ҮІІІ. Сабақты бекіту.

Сурет бойынша жұмыс. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру;

2 сынып. Арнайы курс. «Нан дастақанға қалай келді?»

Егіншілердің көктемгі жұмысы.

2 сынып. Арнайы курс. «Нан дастақанға қалай келді?»

Піскен егінді жинау кезеңі.


2 сынып. Арнайы курс. «Нан дастақанға қалай келді?»

Егістік дала. ІХ. Жаңа материалды оқып меңгерту дәрежесін тексеру кезеңі

  • Сұрақ - жауап беру;
  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру;
  • Жазбаша жұмыстардың орындалуын тексеру;
  • Жаңа сөздерді қайталап, буынға бөліп, сөз тіркестерін қайталау;
Х. Жаңа сабақты қорытындылау
  • Қандай жаңа сөздермен таныстық?
  • Өрбітіп сөйлеуге үйрету;
  • Нан.
  • Дәмді нан.
  • Өте дәмді нан.
    • Нан.
    • Қасиетті нан.
    • Қасиетті нанды қастерле.
ХІ. Бақылау және өзін - өзі бақылау кезеңі
  • Оқушыларға бір -біріне сұрақ қоюды үйрету;
  • Бір - бірін мұқият тыңдауға баулу;
  • Сұрақ - жауапты қайталатып, аудару;

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сөздікті қайталау. Рефлекция. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады? Сабақ саған ұнады ма? Қандай жаңа сөздерді білеміз? Нан туралы қандай мақалды білеміз?

Шалгинбаева Қ.О.

2 сынып. Арнайы курс. «Нан дастақанға қалай келді?»2 сынып. Арнайы курс. «Нан дастақанға қалай келді?»

© 2010-2022