Ашық сабақ на казахском языке Өсімдікке су және топырақ керек

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек

Сабақтың мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар, су мен топырақтың өсімдік үшін

маңызын түсіндіру

Оқыту нәтижесі: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды атады, су мен топырақтың өсімдік

үшін маңызын білді.

Әдіс -тәсілдер: Топтық жұмыс, кері байланыс

Дереккөздер: Оқулық, ресурстар, дидактикалық материалдар

Негізгі идея: Оқушыларды іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Тапсырмалар: Оқулықтың 66-68 беттегі берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындау

Пайдаланылған модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін

бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,

талантты және дарынды балаларды оқыту.

Жеке жұмыс: Шығарма: «Өсімдіктің пайдасы»

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру:

Сыныпта психологиялық жақсы ахуал орнату. Сыныпты топқа бөлу.Смайликтер арқылы топқа бөлінді.

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып, білім аламыз.

Алдымызда 8-наурыз аналарымыздың мерекесі келе жатыр, сондықтан мен сендерді гүлдермен бағалаймын. Сендер бүгінгі сабақтан алған гүлдеріңізді аналарыңызға апарып сыйлайсыңдар.

ІІ. Үй тақырыбын сұрау

Үйге берілген «Мәдени өсімдіктер» тақырыбын «Алма жинау» ойыны арқылы сұраймын.

  1. Мәдени өсімдіктер деген не?

  2. Дәнді дақылдарды ата

  3. Жеміс ата.

  4. Көкөністерді ата.

  5. Жидектерді ата.

  6. Өсімдіктердің көбеюі туралы әңгімеле.

  7. Бір жылдық өсімдіктерді ата.

  8. Екі жылдық өсімдіктерді ата.

  9. Көп жылдық өсімдіктерді ата.

ІІІ. Тақырыптық байланыс:

- Өсімдікке қажетті жағдайларды ата.

-Су, ауа, жылу, жарық, қорек керек.

-Олай болса біз бүгін тіршілік үшін қажетті жағдайлардың бірі су және топырақ туралы өтеміз.

ІҮ. Жаңа тақырып: Өсімдікке су және топырақ керек

Мұғалімнің түсіндірмесі

Өсімдік - тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйнейді, жеміс береді. Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Су, ауа, құнарлы топырақ, күннің жылуы - мұның бәрі өлі табиғатқа жатады. Егер осылардың бірі жетіспесе өсімдік баяу өседі. Соның бірі - су. Сусыз адам да, өсімдіктер де, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады. Кез келген өсімдіктің жапырағының, сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады. Бұл өсімдік бойындағы су. Суды өсімдік арқылы топырақтан сіңіреді. Әсіресе өсімдік өсіп келе жатқан кезде су көп керек. Ал жемісі пісе бастағанда аз су жеткілікті. Топырақтағы қоректік заттардың (еріген тұздардың) бәрі өсімдікке сумен араласып барады.

Топырақ - жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты. Топырақ қара топырақ, сор топырақ, бозғыл топырақ, тұзды топырақ болып бөлінеді. Маңғыстау жері құмды, сазды, шіріндісі аз топырақты жер. Шірінді - өсімдік қалдықтары, жәндіктердің қалдықтары шіріп, топырақпен араласып, шірінді, құнарлы топыраққа айналуы.Өсімдік қалың өскен жерде топырағы құнарлы болады. Шіріндісі көп топырақ өсімдіктің өсуіне өте қолайлы. Себебі шіріндісі көп топырақта түрлі тұздар да болады. Бірақ топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді. Топырақ құмды, сазды болып, шіріндісі аз болса, ондай кезде топырақты қолдан тыңайтады. «Тыңайту» дегеніміз - өсімдікке керекті қоректік заттарды топыраққа қосымша араластыру. Олар: көң, құстардың саңғырығы, қарашірік, шымтезек.

Ү. Оқулықпен жұмыс:

І топ: Мәтіннің бірінші бөлігін оқу

ІІ топ: Мәтіннің екінші бөлігін оқу

ІІІ топ: Мәтіннің үшінші бөлігін оқу.

І топтық тапсырма:

І топ: Өсімдікте судың барын қайдан білеміз? Өсімдікке су не үшін қажет? Жауындатқыш

деген не? Маңғыстау, Бейнеу жерінде суды қайдан аламыз және қалай пайдаланамыз?

ІІ топ: Өсімдікке топырақ не үшін қажет? Шірінді қалай пайда болады? Топырақтың

түрлерін ата.

ІІІ топ: Маңғыстау жерінде қандай топырақ бар? Қолдан тыңайту деген не?

Топтық бағалау жүреді.

ҮІІ. Жеке жұмыс «Өсімдіктің пайдасы» тақырыбында шығарма

ІІ. Бекіту: Сұрақ-жауап

Алдымызда 8-наурыз аналарымыздың мерекесі келе жатыр, аналарымызды қуанту мақсатында оларға бүгінгі сабағымыздан гүлдер алып барайық. «Гүл» жинау ойыны. Гүлдің суретінің артында сұрақтар жазылады, кім дұрыс жауап берсе гүлді сол алады.

  1. Өсімдік өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?

  2. Өсімдік қоректік заттарды қайдан алады?

  3. Өсімдіктің құрамында судың барын қайдан білеміз?

  4. Өсімдік суды қай кезде көп талап етеді?

  5. Жауындатқыш деген не?

  6. Маңғыстауда, Бейнеуде суды қайдан алады, қалай пайдаланады?

  7. Топырақ деген не?

  8. Топырақтың қандай түрлерін білесің?

  9. Маңғыстау жері қандай топырақты жер?

  10. Шірінді деген не?

  11. Шіріндінің қандай пайдасы бар?

  12. Топырақты қолдан тыңайту деген не?

  13. Мектеп айналасындағы өсімдіктерді қалай суарады?

ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Кері байланыс:

Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, пікір ағашына апарып іледі.

Х. Үй жұмысы: Оқу, өздеріне ұнаған бір өсімдіктің суретін салу.

Қосымша оқу: « Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек»


© 2010-2022