1-сыныптың бейнелеу өнері сабағына арналған күнтізбелік сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ тақырыбы:Бейнелеу өнері сабағында қандай құралдар қолданылады? Сабақ мақсаты: 1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? түсінік беру. 2. Бейнелеу өнеріне қажетті құрал - жабдықтарды айту. 3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, бейнелеу құралдар. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау.- Оқу құралдарын түгендеу. ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі : 1. Бейнелеу өнері деген не? 2.Бейнелеу қнері нені оқытады?3. Бейнелеудің түрлері туралы түсінік беру. 4Бейнелеу өнері адамға не үшңн қажет? ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі : - Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнері дегеніміз не? Сабаққа қандай құралдар қолданылады? деп аталады. -Егер адам айнала қоршаған әлемді: адамдарды, табиғатты, әр түрлі заттарды бейнелейтін болса, онда ол бейнелеу өнері шығармалары болып табылады. -Егер адам өзінің ой - қиялын бейнелесе, онда ол да бейнелеу өнерінің шығармасы. - Қолдан жасалып, әшекейленген тұрмыстық бұйымдар да бейнелеу өнерінің бір бөлшегі болып саналады. - Ал мұның бәрін жасайтын адамдарды суретші дейміз. ІV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі :
  • Сен нені бейнелегенді жақсы көресің?
  • Суреттеріңді немен салғанды ұнатасың?
  • - Бейнелеу өнері сабағында сен көп сурет салатын боласың. Мына суреттерге қарап, саған сурет салуға қажетті құралдар мен материалдарды ата.
  • - Салған суреттерің айқын әрі әсерлі көрінуі үшін салған гуашь және акварель бояулары қажет. Сондай - ақ үлкенді - кішілі әр түрлі қыл қаламдар керек.
  • Оған қоса палитра да керек. Палитра - бояуларды ерітіп, араластыратын пластмасса тақтайша. Мүсіндеумен айналысу үшін түрлі түсті ермексаз, кескіш, қатырма қағаз дайындауың керек.
V. Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі: Декорациялау сабағына бояулар, қарындаштар, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, матақиықтары, т.б. толып жатқан ұсақ- түйектер қажет болады. - Міне енді сен де суретшісің! Сен талай рет сурет салып көрдің. Әрине, суретің жақсы шыққан болар? Енді онда жақсы салатын боласың! VI. Үйге тапсырма беру,бағалау: Бейнелеу өнеріне қажетті құрал жабдықтарды түгендеп алып келу.
© 2010-2022