Кітап - жан азығы разработка

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: "Кітап - жан азығы" Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету. А) Білімділік: кітапқа деген, білімге деген құштарлығын дамыту; Ә) Тәрбиелік: сөздік қорын, ой - өрісінің дамуына, рухани байлыққа тәрбиелеу. Б) Дамытушылық: кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: кітап көрмесі, қанатты сөздер әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап. Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылар назарын сабаққа аудару. "Әнұран" орындалады. "Психологиялық ахуал" Оқулықты құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет Дақ түсірмей бір бетке. "Қызығушылықты ояту" "Жұмбақ шешейік" Қабат-қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Торағы бар сөйлейтін Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
Халқымыз жан-жақты адамды сегіз қырлы - бір сырлы деп атайды. Білімді адамның көкірегі ояу, жақсы мен жаманды айыра біледі. Адамның сегіз қырының бірі - білім. Білімді қайдан аламыз? Кітаптан. "Топқа бөлініп алайық" Қанатты сөздер: 1) "Талап қыс артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" Абай. 2)"Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы - кітап болуы тиіс"

М.Әуезов.


Топпен жұмыс 1 - топ: "Кітаптың шығу тарихы" 2 - топ: Қағаз туралы не білесіңдер? 3 - топ: Кітап қалай жазылады? 4 - топ: Кітапты неге жан азығы дейді? 5 - топ: Кітапсыз үй - терезесіз бөлме
ІІ бөлім. Поэзиялық минут Думан, Жанерке, Әсия, Жасұлан, Индира, Рахим, Нұрислам, Е.Индира ІІІ бөлім. "Мақал - сөздің мәйегі" "Кітап туралы мақал - мәтелдер" IV бөлім. Кітап - жан азығы разработка

















Кітаптың шығу тарихы. Алғашқы кітап осыдан бірнеше жылдар бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа ешқандай ұқсамаған. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалады. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазып, оны кептіріп сосын күйдірген. Ол кірпіш сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз ХІІІ ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдармен ғасырларды артқа тастаған. Қағаз туралы қысқаша түсінік. Қағаздың негізгі материалы - ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарымен фабрикаға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі.
Кітап қалай жазылады? Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер кітаптың мазмұнына сай суреттермен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындары мен білім мекемелеріне таратылады. Ал, балалар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай терінің бар екенін және көп мөлшерде қаржы бөлінетінін үнемі естен шығармау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланған жөн.



"Білген маржан" айдары Руслан, Аружан, Балнұр. Кітапты сақтау ережесін құрайық. (оқушылардың ойларын тыңдайық) Тақтаға назар аударайық. 1) Кітапты қаптау. 2) Кітап бетін жыртпа, бояма, сурет салма. 3) Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма. 4) Күн көзіне қойма. 5) Кітаптың мұқабасын бүктеме. Қорытынды:

  1. Кітап - шебер ұстаз
  2. Ол тілсіз мұғалім
  3. Кітап - жан азығы деген не?

Оқы талай, түй санаңа жас ұлан, Сыр құямын, жыр құямын санаңа. Білім - қару, білім керек адамға Сол білімді аласың сен кітаптан.
© 2010-2022