Сабақ жоспары Тік төртбұрыштың қасиеттері

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың атауы

Тік төртбұрыштың қасиеттері

Мақсаты

Білімділігі: тік төртбұрыштың мәнді белгілерін, түрлік ерекшелігін анықтауға, ажыратуға үйрету; өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы қорытынды жасау; кестелік қосу және азайтуға қатысты білімдерін бекіту.
Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ойын, деңгейлік тапсырма
Түрі:аралас сабақ
Типі: дамыта оқыту
Көрнекілігі: фигуралар моделі, кесте, дидактикалық материалдар

Күтілетін нәтиже

Психология

лық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Ғылымдар патшалығында» Әлемді таңқалдырған сарай бар. Онда ақылды әрі білгір математика тұрады. Математика өз сарайына жалқаулар мен түк білместерді кіргізбейді. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді. Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше болады. Математика патшалығына ену үшін түрлі тапсырмаларды орындаймыз. І.Өткен сабақты пысықтау, топтық тапсырма. І топ Уақыт бірліктерін ата; минут,сағат,тәулік,апта,ай,жыл,ғасыр 1тәулік= 24сағ 1сағ =60мин 1жыл =12ай ІІ топ Ұзындық бірліктерін ата; мм,см,дм,м. 1м=100см 1дм=10см 2м=20дм ІІІ топ - Қосудың қандай қасиеттері бар? - Ауыстырымдылық,терімділік, қасиеті бар. 6+5= 11 9+5= 14 12-5= 7
ІІ. «Күш білімде, білім кітапта»
2.Оқулықпен жұмыс. №1тапсырманы түсіндіру. (электронды оқулықпен жұмыс) Қорытынды: Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болады. І.Тақтаға тік төртбұрыш, бір, екі тік бұрышы бар және тік бұрыштары жоқ төртбұрыш іліп, тік бұрышы бар сызғыштың көмегімен төртбұрыштардың тік бұрыштарын тапқызу. Төртбұрыштардың 1, 2 немесе 4 бұрышы да тік болатынын байқату. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыштардың тік төртбұрыш деп аталатынын хабарлау.
№1. Геометриялық мазмұнды тапсырма.
а) Фигураларды ата. Фигуралардың бұрыштары қандай? ә) Тік төртбұрышты тап. Олардың нөмірлерін теріп жаз. б)Тік төртбұрыш салу. Бір нүкте белгілейміз. Сол нүктеден оңға қарай 4 тор көз, төмен қарай 6 тор көз, солға қарай 4 тор көз, жоғары қарай 6 тор көз үзбей саламыз.
-Бұл қандай фигура? №2. Есепті оқыту, шешу әдістерін көрнекілікпен түсіндіру. Әр топ- тың шешу нұсқаларын өзара салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Теңдіктерді салыстыру. Қызыл балық-4 Тағы да қызыл балық-5 барлығы ? Жасыл балық-3 Шешуі: 4+(5+3) =12 (4+5)+3 =12 (4+3)+5= 12 Жауабы: 12балықтың суретін қиды. №4. Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып өрнекті құру,мәнін табу.

Ітоп: (30+20)+40 =90 30+(20+40) =90

(40+10)+20 =70 40+(10+20)= 70

ІІтоп: (10+30)+40 =80 10+(30+40)= 80

(40+30)+20= 90 40+(30+20) =90

ІІІтоп: (50+10)+30= 90 50+(10+30) =90

(60-10)-40= 10 60-(10+40) =10 №5. Бос төркөздерді толтыр

12

3


5




8


6

3+9= 12 5+7= 12

8+3= 12 6+6 =12 12-9= 3 12-7 =5

12-3= 8 12-6 =6 №6 Ітоп ІІтоп ІІІтоп

7+5= 12 12-5= 7 5+7 =12

17+5= 22 22-5= 17 5+17=12

27+5= 32 32-5= 27 5+27 =32

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Көбелектер тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
Бір-шықпен бетін жуды,
Екі -шыр айналып бұрылды.
Үш- еңкейіп жерге жетті,
Төрт дегенде ұшып кетті,
Бес дегенде қонды.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сематикалық карта

Қасиеттері

Геом-қ

фигуралар

Төрт бұрышы бар

Бұрыштары тік

Төрт қабырғасы бар

Қарама-қарсы қабырғалары тең.

Тік төртбұрыш


Шаршы

Шығармашылық тапсырма: Балалар кішкентай балапан мына өрнектің шешімін таба алмай тұр,көмектесейік.

(9+3)-2= 10 (5+3)+2= 10 ІҮ. Қорытындылау.
Рефлексия. Математикалық диктант.
5 пен 2-нің қосындысын тап.
3 пен 5-тің қосындысына 2-ні қосып, мәнін тап.
-Қосудың қасиеттерін пайдаланып теңдік құрастыр.
-Бүгінгі сабақта қосудың қандай қасиеттерін білдік, қандай фигурамен таныстық?

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс №3

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.




© 2010-2022