Ә. Асылбеков Төлдер тақырыбындағы сабақ. 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Оку ісінің меңгерушісі : М . Карабалина

Қысқа мерзімді жұмыс жоспары

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 1 « г» 28.01.2016 ж

Тақырыбы:

Ә.Асылбеков «Төлдер» Жіңішке дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

Ә.Асылбеков «Төлдер» өлеңін түсініп оқыту,жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру. Сөз ішінен жіңішке дауысты дыбыстарды таба білуге жаттықтыру.Өз ойын анық жеткізуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Жіңішке дауыстылар туралы түсінеді.Сөз ішінен жіңішке дауысты дыбыстарды таба біледі.Өз ойын анық жеткізуге дағдыланады.

Әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл» , «Джиксо» «Адасқан әріптер», «Бағдаршам»

Тапсырмалар:

Жеке, топтық жұмыстар

Топқа бөліну.

Төлдердің суреттері арқылы топқа бөлінеді. «Қай малдың төлі?» екенін табады.

Дерексөздер:

Ана тілі кітабы, слайдтар, ресурстар

Сабақтың барысы:

Минут

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

1 мин

4 мин

1. Психологиялық дайындық

Куанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.

2.Оқушылардың қолдарына төлдердің суреттерін беремін.

Өлең жоларын айтып,қимылдарын жасайды.

«Қошақан», «Құлыншақ», «Торпақ», «Ботақан» тобы

Оқушылар топ атына сай постер қорғайды. «Джиксо» әдісі арқылы постерілерін келесі топ толықтырады. .

Білу

5 мин

3 мин

Үй тапсырмасы

1.«Қозы» өлеңін жатқа айту.

2.«Қошақан» өлеңін мәнерлеп оқу.

3.«Адасқан әріптер» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Автор туралы мәлімет(слайд)

«Ө р д т л е» осы дыбыстарды дұрыстап орналастырсақ бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады.

Ә.Асылбековтің өмірбаянымен танысады.

Түсіну

7 мин

Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру.

Өлеңді тізбектей оқиды.

Қолдану

2 мин

Сөздердегі жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар

Сөздердегі жіңішке дауысты дыбыс әріптерін атап шығады. Мысалы: ә,е,ө,і,ү

Талдау

10 мин

І тапсырма.

37-жаттығуды орындау

1.Көшіріп жазу

2.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу

ІІ тапсырма (топтық жұмыс)

38-жаттығу.Мәтінді түсініп оқыңдар. Құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді атаңдар.

37-жаттығуды орындайды

1.Көшіріп жазады

2.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызады.

Топ мүшелері сөйлемдерді оқып талдайды.

Сергіту сәті

1 мин

«Қошақаным» әніне дене жаттығуын жасайды.

Жинақтау

8 мин

Топтық жұмыс

1-топ:Төрт түлік малдың адам баласына қандай пайдасы бар?

2-топ: «Қалай дыбыстайды?»

3-топ: «Сәйкестендір»

4-топ: Сендерді ата- аналарың қалай еркелетеді ?

Сүті сусын, терісі киім, еті тамақ, жылқыны, түйені көлік ретінде пайдаланады.

Қой қоздайды .

Түйе боздайды.

Сиыр мөңірейді?

Жылқы кісінейді?

Малдың пірін тап!

Қошақаным, құлыным, ботақаным, қоңыр қозым деп.

Үйге тапсырма

1 мин

«Төлдер» өлеңді жаттап келу.

2.Өздеріңе ұнайтын төлдердің суретін салу.

Бағалау

2мин

Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан топтарды қол шапалақтау арқылы мадақтау.

Рефлексия

1мин

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа баға береді.

Жасыл түс - ұнады
Сары түс - әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс - ұнаған жоқ

Сабақтан кейінгі рефлекция

Не сәтті өтті? Неліктен?

Не сәтсіз өтті? Неліктен?

Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?







© 2010-2022