Урок самопознания Жүрек жылуы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану 2- сынып

Тақырып : Жүрек жылуы

Құндылық : Мейірімділік

Қасиеттер : Мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, сүйіспеншілік

Оқушылар саны : 16

Мақсаты: Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту, өзгелерге қамқорлық жасау, ата-анасына, бауырларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Қоршаған ортасына шын ниетімен жақсылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту, жетілдіру.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар :

Құралдар

мәліметтер

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .

Тыныштық сәті: (музыка ойналады)


Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса
Жүрегім жыли бастайды.

Қазір сабақ сәтті өту үшін бір - бірімізге тілек айтамыз. Менің қолымда жүрек тұр, яғни мен тілегімді шын жүрегімнен айтып тұрмын дегенім.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Мәтіннің мазмұнын айтады

Музыканы көздерін жұмып тыңдау

Өлең сөздерін қайталау

Бір-біріне тілек айту

Мазмұндау

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Жүректің жылуы

Дәптерлеріне жүректердің суретін салу

Мәтінмен жұмыс:

В. Осееваның «Жай ғана әжей» әңгімесі берілген екен

Әңгіме не туралы айтылған?
Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
Бұл оқиғадан не үйрендің?

Мәтінді оқу

Сұрақтарға жауап беру

Жағдаяттарды талдау.
Назарымызды тақтаға аударамыз. Әртүрлі жағдаяттар көріп тұрмыз. Ойласып, жағдаяттарды шешуіміз керек.

1. Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал сенің інің мазасызданып кетті...

Жағдаяттарды талдау

Өз пікірлерін айту

Оқып үйренейік.
Қайырымдылық
М. Сүндетов
Басты кейіпкер: оқушы Мұхтар
Әңгіме кейіпкерлері: Мұхтардың анасы, сотқар балалар, күшік.

Әңгіме оқылады. Сұрақтар қойылады.
Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
Сендердің қайырымды іс - әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда өзіңді қалай сезіндіңдер?

Әңгімені оқу

Сұрақтарға жауап беру

Дәйек сөз.
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.
М. М. Пришвин

Оқу

Талдау

Дәптерге жазу

Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

(қорбаңдап жүру)

(қолды екі жаққа созу)

(теру)

(қалтаға салу)

Жаңа ақпарат.
Бүгінгі өткен тақырыптан қандай ақпарат алдық?
Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
Мейірімді адам өзге адамға, туған - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Тапсырма.
Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, қарт кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

Жаңа ақпаратты алу

Тапсырмаларды орындау

Оған жақсылық жасау үшін, сынайын деп тұрған бұтағын матап, су құйып, күту керек.

Мысыққа сүт беріп, тамақтандыру, мейіріміңді көрсету арқылы жақсылық жасауға болады.
Қарт кісіге құрмет көрсету, ауыр сөмкелерін көтерісу, сыйлау арқылы жақсылық, қайырымдылық көрсете аламыз.
Сырқат жанды емдеп, жақын туыстары, достары барып қал - жағдайын біліп көңіл бөліп, назар аударса, қасында анасы болса емі тезірек қонады. Көмектесу керек.

Тыныштық сәті

Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім. Менің бойымда үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөлену табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты. Себебі мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы болам. Мен жақсылық нұрын құямын.



© 2010-2022