Оқушы шығармашылығы Менің анам!, Дарынды суретші, Адалдық (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірлестік орта мектебінің 4 сынып оқушыларының « Менің анам»атты тақырыпқа жазған өлеңдерін жолдап отырмын. Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең жақын адамың, ол- анаң. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып,бауырына жабысасың. Ол саған бірінен қымбат.Менің ең жақсы көретін адамым-анам Шериязданова Гүлмира. Ол мені ең бірінші қолына алып,жыласам жұбатып, ақ сүтін берді.Анам маған өмір сыйлады, сол себепті мен анамды өте жақсы көремін. Анам менің оқуымды қадағалап отырады, бос уақытымда анама көмектесемін. Біздің үйдің жылуы анамнан тарайды.Анам ұрпақ жалғастырушы, тәрбиеші, асыраушы,үй иесі,отбасы арасын ынтымақтастырушы. Менің анам айдай сұлу,ақ көңіл,қолы жұмсақ.Біздің үйдің жылуы анамыздан тарайды. Бірінші анам - мені дүниеге әкелген анам болса, екінші анам- мектептегі ұстазым Сеитова Баршын Жылқайдарқызы.Ұстазым бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін білім нәрімен сусындатып келеді.Ұстазым қиын материалдардың өзін бізге қарапайым тілмен меңгертіп жеткізеді. Бізді еркін сөйлетіп,ойымызды ашық айтуға үйретеді. Берген білімін талмай сусындап келемін ,маған әсіресе математика пәні өте ұнайды. Болашақта сіздердің үміттеріңізді ақтаймын деп ойлаймын.Сіздерді және сүйікті әжемді көктемнің тамаша мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!Сіздер көктемгі күннің алғашқы шуағы сияқты айналаның бәрін нұрға бөлеп,жылу шашып жүресіздер.Сіздердің бүкіл армандарыңыз жүзеге асып, денсаулықтарыңыз жақсы болып, балаларыңыздың, шәкірт теріңіздің қызығына бөленіңіздер.

Бексұлтан Құлатай,

Бірлестік ОМ-нің 4 сынып оқушысы

Аяулы жан мұғалім

Оқушылар гүл ұстап, Беріп жатты гүлдерін.

Көктемнің тамаша мерекесінде Бізге әріп үйреткен,

Бір-бірімен жарыса, Бізге жазу үйреткен,

Ағылды олар мектепке. Бізге оқу үйреткен

Қатар тұрып сыныппен, Аяулы жан мұғалім!

Ұстаз деген анаға,

Бексұлтан Құлатай,

Бірлестік ОМ-нің 4 сынып оқушысы

Сынып жетекшім: Сеитова Баршин Жылкайдаровна



Оқушы бұрышы

Дарынды суретші Әбілхан Қастеев-Қазақстанға әйгілі халық суретшісі,қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалушылардың бірі. Сегіз жасында әкесінен жетім қалып, байлардың қойын бағады. Анасы Айғанша кілем,алаша,басқұр тоқудың үздік шебері болған. Дарынды график-суретші Алматы, Мәскеу көркемсурет студияларында оқыды. Оның «Мектепте», «Көгілдір киімді қазақ қызы», «Пішен шабу», «Жамбылдың портреті», «Колхоз тойы», «Ескі және жаңа тұрмыс» топтамасы қазақ халқының тұрмысын зор шабытпен бейнелейді.Республика табиғатының әсем көріністерін,еңбекшілердің тұрмысын,замандастар образын,еңбек ерлерін бейнелейтін. «Гүл ашқан алма», «Серуен», «Жайлаудағы автодүкен» тағы басқа суреттері аса мазмұндылығымен бағытталады. Қастеевтің халық өмірінің шынайы көріністерін толғайтын мыңнан астам көркем туындылары бар.

Шәйлан Фатима

Бірлестік ОМ-нің 4 сынып оқушысы

Сынып жетекшім: Сеитова Баршин Жылкайдаровна



























Адалдық 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен мұғалімім Сеитова Б.Ж. «Адалдық» тақырыбында «Досыңды тап» деген ойыннан бастады. Мұғалім балаларды екі топқа бөлді. Бір топтағы баланың көзі таңылып, досын табу ұсынылды. Олар өз досының қолын, шашын, киімдерін ұстап,сипау арқылы табуға болатынын айтты. Досын тапқан соң орындарымызды ауыстырды. Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты аштық. ...... көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Мұғалім « Дос» деген кім деген сұрақ қойды? Біздің жауабымыз :Сыр бөлісетін адам,мені өте жақсы түсінетін адам,көмекке әрдайым дайын адам,қандай жағдай болмасын бірге болатын адам,сенімді адам. Оқулықтан мәтінді тізбектеп оқып шықтық.Осы мәтінге байланысты достық туралы мақал-мәтелдер айтып, «Досыңмен татусың ба?» ойынын ойнадық Ойын тәртібі.Оқушылар орындарында отырады,бастаушы келіп,бір оқушыдан «досыңмен татусың ба?»-деп сұрайды.Ол «татумын» десе,өнер көрсетіп,досымен тату екенін білдіреді.Ал егер «тату емеспін» десе,Кімнің досын қалайсың? Деп сұрайды. «Фатиманың досын қалаймын» десе ал мен досымды бергім келмесе, онда мен де өнер көрсетем. Менің бұл әрекетім достығымның беріктігін көрсетеді. Ендеше балалар достықтың беріктігі дегеніміз- татулық пен сенім. Осыдан кейін « Сөйлемді аяқта» тренингі өтті.Мұғалім екі топқа да сөйлемдер берді.Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын өз ойымен жалғастырды. Мысалы:Әрбір адамға дос керек.Өйткені .......... Сыйластық бар жерде ...... Жағдаяттан шығу «әр топтың пікірі тыңдалды.Мұғалім сабақты қорытып, бағалап, бізге үй тапсырмасына « Адал дос » қандай болу керек деген эссе жазып келуге берді. Ұстазымның берген сабағы маған ой салды.Мен әрбір баланың бойында осындай адалдық қасиет болу керек деп ойлаймын.Адал дос дегеніміз досына әділ болу,өтірік айтпау,шыншыл, бір-біріне қалтқысыз сенім,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық туралы мына бір мәтін ойыма оралады. «Әйтімбет» деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде оның замандастары: Достық нешеу?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып: Достықтың екі түрі болады.Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық.Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достық өз пайдасын табу болады,-деп жауап берген екен.Біз сыныбымызда барлығымыз бір-бірімізбен бір үйдің баласындай доспыз. Қиын кезде бір-бірімізге көмектесеміз.Менің сыныбымдағы балалар бір-біріне сыйластықпен қарайды.Біз өте тату,әрі ұйымшылмыз.Сыныбымыздың іші жылы әрі жарық.Мектепте жақсы оқуға барлық жағдай жасалған.Біздің сынып жетекшіміз бізді тәәртіпті және таза жүруге үйретеді.Біз ұстазымыздың айтқанын тыңдаймыз,әрі сыйлаймыз.Бірақ бір өкініштісі менің тағы бір кішкентайымыздан бірге ойнап ,бірге мектеп табалдырығын аттаған досым Есімсейітова Ділназ табиғаттың тосын жағдайынан көз жұмды.Біз отбасымызбен де бірге араласып тұрдық. Әсіресе жазғы демаласта бір-бірімізді көрмесек тұра алмайтынбыз.Ділназ өте ақкөңіл, сыпайы,әдепті,ізетті,мінезі жібектей, өте салмақты, ақылды,достарына қолынан келген көмегін аямайтын.Сабақты жақсы оқыды.Өнерге де өте жақын сегіз қырлы,бір сырлы болатын. Ұстазым Сеитова Б.Ж. да өте жақсы көрді, айтқанын екі етпейтін. Сыныптастары Ділназды ешқашан ұмытпаймыз.Құрбыма мәңгілік бақидың жарығын,кіршіксіз жан рухың жұмақтан табылып,иманды болсын деп тілеймін.Мен өз достарыма адал, достықтың туын берік ұстайтын, азамат болып өскім келеді.

Сәлімбек Аққу

Бірлестік ОМ-нің 4 сынып оқушысы



© 2010-2022