Внеклассное мероприятие: Ойнайық, ойлайық бәріміз бір болайық

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 класс «Ойнайық,ойлайық бәріміз бір болайық» ойын сауық кеші

Мұғалім:- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1 - 4 сыныптар арасында өтетін «Ойнайық, ойлайық бәріміз бір болайық » атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! Баршаңызда «Ойнайық , ойлайық бәріміз бір болайық» ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қай сабақ немесе Кеш адамның қатысуынсыз өтпейді. Сондықтан бүгінгі кешімізге 2 топ қатысады.

1-жүргізуші: Ендеше сол 2 топты,яғни «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобын ортаға шақырамыз және осы екі топқа әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.

2-жүргізуші:

Ойнайық, ойлайық бәріміз бір болайық

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық!

2-жүргізуші:

Ойнайық, ойлайық бәріміз бір болайық

Білімділік көрсетейік сынайық,

Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді боп тарайық

1-жүргізуші :

Ал қазір ойын шартымен таныстырып өтейін

І кезең - «Әзіл есептер»

ІІ кезең -«Айырмашылықты тап»

ІІІ кезең - «Сиқырлы сөйлем»

ІV кезең -«Логикалық есептер» және «Математикалық жұмбақтар»

V кезең - «Жорға»

І тур

Әзіл есептер

"Алғырлар" тобына

Етік киген Екі топқа да қойылатын сұрақ

Мысық төрт шортан ұстады. Бұл ұстағандарының жартысы. Ол неше балық ұстады?

8 шортан

«Тапқырлар» тобына

1 кг етті пісіру үшін 1 сағат қажет. Осындай еттің жарты килограммын пісіру үшін қанша уақыт қажет?

1 сағат

Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі - Оралдан, екіншісі - Ақтаудан, үшіншісі - Астанадан келген. Ерлан мен Оралдан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі деАқтауда болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?

(Әділет - Ақтаудан, Еркін - Оралдан, Ерлан - Астанадан келген).

ІІ тур

2-жүргізуші:

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да өмірдің ,

Айыра біл, тапсырмаңды алдағы.

Суреттегі айырмашылықты -тауып, тізіп беру керек

ІІІ тур

1-жүргізуші:

Қайсысы күйші, қайсысы биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

«Сиқырлы сөйлем» сайысы.

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып,сөйлемдегі заттың сынын білдіретін сөздің астын сыз.

1 топ.

бұтақта, әдемі ,отыр,құс. (Әдемі құс бұтақта отыр)

көк,Айгүл, сатып, көйлек , алды ( Айгүл көк көйлек сатып алды)

2 топ

қалам, менде, бар, қара. (Менде қара қалам бар)

отыр ,кітап, оқып ,Асқар, қызықты ( Асқар қызықты кітап оқып отыр)

ІV тур

2 жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз.

Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң- шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда

Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт!

«Логикалық есептер» және «Математикалық жұмбақтар» сайысы

Логикалық есептер шығару.

а) Қонжық екеу, табаны нешеу? (8)

б)Үш қоянда қанша құлақ бар? (6)

в) Ағашта төрт құс отыр,оған екі құс келіп қосылды.Ағашта қанша құс отыр?(6)

г) Бір шеңбер, бір шеңберді көтеріп тұр? (8)

Жұмбақтар

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

(Қалам)

ІV тур

1 жүргізуші:

Біз әдепті баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сұрақ қойса ойланып,

Дұрыс жауап табамыз

«Жорға» Екі топқа сұрақ қою.

1. Оқушының алғашқы кітабы. (Әліппе)

2. Мемлекетіміздің астанасы. (Астана қаласы)

3. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)

4. Олардың пірлерін ата (Жылқы - Қамбар ата, сиыр - Зеңгі баба, түйе - Ойсыл қара, қой - Шопан ата, ешкі - Сексек ата)

5. Сүттен жасалатын тағамдарды ата (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ т.с.с.)

6. Жеті күнді ата (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

Көрермендермен сайыс

«Уақытты бағдарлау»

а) Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті қолды жуамыз.

Әпкемізге ереміз,

Мектепке біз келеміз. Бұл қай кезде болады? (Таңертең)

б) Біз тәртіпті боламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз,

Қыдырамыз,ойнаймыз

Ойынға біз тоймаймыз. Бұл қай кезде болады? ( Күндіз)

в) Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Әкемізді күтеміз

Бәріміз үйде боламыз.Бұл қай кезде болады? (Кеш)

Қорытынды: Әділ - қазылар алқасы өз шешімін айтады,жеңімпаздарды анықтау.


© 2010-2022