- Преподавателю
- Начальные классы
- Урок по әдебиеттік оқу на тему: Айтшы, әжетай. Жақан Смақов
Урок по әдебиеттік оқу на тему: Айтшы, әжетай. Жақан Смақов
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Атраубаева Л.Б. |
Дата | 29.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: | Айтшы, әжетай. Жақан Смақов |
Сабақтың мақсаты: | Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. |
1. Білімділік: | Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту. |
2. Дамытушылық: | Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту. |
3. Тәрбиелік: | Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ. |
Сабақтың әдісі: | Сұрақ - жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын. |
Сабақтың көрнекілігі: | Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар. |
Сабақтың барысы: | |
I. Ұйымдастыру кезеңі. | 1.Сабаққа балаларды дайындау. 2.Сабақ мақсатымен таныстыру. |
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту. | - Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы? - Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің? - Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма? - « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің? |
III. Жаңа сабақ 1. Кіріспе : | - Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай» - Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер? |
2. Мұғалімнің түсіндіруі: | -Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік. Ата -асқар тау, Ана - бауырыңдағы бұлақ, Бала - жағасындағы құрақ. - Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы. - Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік. |
Туыстық атауы
Мамандығы Атасы
тәрбиеші Нағашысы
монтер Жеңгесі
жылқышы Ағасы
сауыншы Жиен ағасы
құрылысшы Апасы
егінші жездесі
қойшы
2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр: а) өлеңге сүйеніп; ( класта) б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден) Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің? 4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?» - Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік? Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.