Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Сөз таптары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:қазақ тілі Тақырыбы: Сөз таптарыПәні:қазақ тілі Тақырыбы: Сөз таптарыПәні:қазақ тілі Тақырыбы: Сөз таптарыПәні:қазақ тілі Тақырыбы: Сөз таптары«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Сөз таптары
( ашық сабақ)
















Бастауыш сынып мұғалімі:Г.О.Жылкыбаева Пәні:қазақ тілі Тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау. -Сөздер неден құралады? -Олар мағынасына қарай қалай бөлінеді? - Мағыналары жуық сөздер дегеніміз не? - Мағыналары қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

1-жаттығу арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру:

-Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы.

- Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр.

Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.

Заттырдың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістіктер деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер сын есім және сан есім арқылы беріледі.

- Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен?

- Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 3-жаттығу сөздерді оқу, сұрақтар қойып мағыналарына қарай кестеге орналастыру:

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жұлдыз, ата, ақын, адам, құс

оқыды, жуынды, жүзді

Көк, үлкен, биік, жасыл.

Екі, жеті, отыз. 4-жаттығу заттың атын білдіретін сөздерге заттың қимылын білдіретін сөздерді тіркестіріп жазу: қайық жүзеді, бақа секіреді, ұшақ ұшады, ағаш өседі, құс ұшады т.б. 5-жаттығу берілген жаңылтпашты жатқа жазу, сөздерді сөз таптарына талдау, сұрақтар қою. ҮІ. Бекіту:
Сызбаға сүйене отырып алған білімдерін еске түсіру. Мысалдар келтіру. ҮІІ. Қорытындылау. -Балалар, бүгін біз не үйрендік? - Білгендерімізді сәйкестендіру тестін орындау арқылы тиянақтай түсейік. Зат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл Етістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың. Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу. ІХ. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022