Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Ақсақалдың ақ батасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:12.02.2015 ж

Сабақ:Ана тілі

Тақырыбы:Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Ақсақалдың ақ батасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғым беру,мысал келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.Бата туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту,өз ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі:Үлкенді құрметтеуге,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Танымдық сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі:сыныптық жұмыс,түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,кеспе сөздер,интербелсенді тақта,слайд,үйлестірмелер.

Пәнаралық байланыс:дүниетану.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп,сабаққа зейіндерін аудару.

-Бүгін бізде ашық сабақ.Ашық сабақ дегеніміз-өз білімімізді басқаларға көрсету.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Ендеше қонақтарға өз білімімізді көрсетейік.

1-белес .«Ой бөлісу орталығы»Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Әдептілік әліппесі»өлеңін мәнерлеп оқытып шығу.Атаның ақыл сөздерін айтайықшы.

Кішіге қамқорлық мейірімділік

Әдептілік ізеттілік

Үлкенді сыйлау кешірімді болу

  1. «Менің атам»тақырыбына әңгіме жазып келу.2 оқушыға оқыту.

  2. Мына сөздердің ішінен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді 2 бала жұптасып шығып айтады.

(қозы,өзен,қолғап,күрек,терезе,құлын,таға,дәптер,тәтті,әже)

4 «Әріп терейік»ойыны.Әріптерді алып тақтада жуан және жіңішке дыбыс әріптеріне бөлу.

2-белес. «Артық болмас білгенің»

II.Жаңа сабақ.

Дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді сабақтың тақырыбын жазайық.

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы жуан және жіңішкежұп дауыстылыр.

Ақсақалдың ақ батасы.

Дауыстылардың жуан және жіңішке болып дыбысталуы олардың арнайы жуан сыңарларымен жіңішке сыңарларын анықтауға мүмкіндік береді.Дәлірек айтқанда жуан дауысты:а,о,ы,ұ дыбыстарының өздеріне ұқсас жіңішке ә,ө,і,ү дыбыстары сияқты сыңарлары болады.Бұл жағдайда оқулықтағы 46-жаттығуға назар аударайық.

Сөздерді ауызша салыстыру.Сан-сән,нан-нән,от-өт,боз-бөз,ыс-іс,тыс-тіс,ұн-үн,тұс-түс.

Ереже:А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

47-жаттығу «Жаңылпаш»тіл жаттықтыру.

Дән-дәулет.

Дәулет-дән.

Сән-сәулет.

Сәулет-сән .Сөздегі ә дыбысының жіңішке естілуін байқаңдар.Ә дыбысы сөздің ішінде әрқашан жіңішке болып айтылады.

Тақтамен жұмыс.48-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жазып ауа,әуе сөзіндегі а,ә дыбыстарын салыстыру.Қайсысы жуан,қайсысы жіңішке айтылған?

Бір,екі,үш,

Жинап алдық күш.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Ана тілі дәптермен жұмыс.

1.Сөз ойлап жаз.

А-ә о-ө

Сан-сән сал-сәл тор-төр тол-төл

Ұ-ү ы-і

Тұр-түр бұр-бүр ыс-іс тыл-тіл

-Қане балалар бата дегеніміз не?

Үлкен кісілердің ықыласы,жақсы тілектері.Батаның көптеген түрлері болады.Батаны дастарханға,тойларда,ас ішіп болғанда бата беріледі.

Сендердің араларыңда бата білетін балалар бар ма?

Оқулығымызда Мұсафар Әлімбаевтің «Ақсақалдың ақ батасы »өлеңі берілген.

Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіру.

Оқушыларға оқыту.

3-белес «Тынығайық күш алып»

Сергіту сәті.

4-белес .«Қанатты сөз қазына»

Мақал-мәтелмен жұмыс:а) Мұғалім оқып,оқушыларға негізгі ойды түсіндіру.

Ата деген кім?Ол сендердің әкелеріңнің әкесі.Отбасындағы ең үлкен ақылшы адам.

Ә)оқушыларға оқыту.

5-белес .«Білгенге маржан»

III.Сабақты бекіту.

«Кім зейінді»ойыны

Жұп дауыстыларды ата. А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү.

Сәйкестендіру тесті.

Сыз-сіз,сан-сән,дау-дәу,ал-әл,сат-сәт,тұс-тіс.

Үйге тапсырма:1 «Атаның ақ батасы»өлеңін жаттау.

2.Мақал мәтелді көшіріп жазу.

3.Ережені жаттау.



© 2010-2022