Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау - заманауи талабы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыни тұрғыдан ойлау - заманауи талабы 2010 жылы Степногорск қаласына Көкшетаудан шақырылған тренер Базарбек Қазиза Рашидовна «Оқу жіне жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша жылдық төрт кезеңнен тұратын курс өткізді. Мен сол курсқа қатысып сертификат алдым. Сол жылдан бастап мен осы жобаның сабақ жоспарын сайкестіріп, стратегияларын өз сабақтарымда, тәрбие сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, педагогикалық, әдістемелік кеңестерде пайдаланып келемін. 2010 жылдан бастап ҚазОА мүшелігіне кіріп, республикалық, облыстық конференция, дамыту семинарларына да қатысып отырмын. Сонау 1997 жылдарында-ақ Қазақстан басқа да бұрынғы социалистік елдердің қатарында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» деп аталатын білім жобасына қатысты. Жобаның оқу жоспары мен бағдарламасын Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасады. «Сыни ойлау» - бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деген негіз бар. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жоба алғашынан-ақ сұранысқа ие болды, өйткені ең алдымен ол жоба кімге арналса, соның қажеттіліктері негізінде құрылды. Сонымен қатар оны өзінің авторлары бірнеше жылдар бойы Америка мектептерінде қолданып келгендіктен, жоба табысты болып отыр. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс­әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі: • релеванттық ақпараттар жинауды; • дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; • кепілдендірілген шешімдермен жинақталған қорытындылар; • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. Оқыту мен оқуды сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдармен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен - орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемніңтүрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс-салты туралы мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғыдан ойлау мен мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

  • бақылау;
  • талдау;
  • қорытынды;
  • интерпретация.
Оқушылардың жұмысын зерделеудің кейінгі кезеңін де мұғалімдермен талқылау, олардың уақытша қорытындыларын қарастыру және қайта қарау арқылы балаларды оқытудың жеке үдерістерін түсінуді, сонымен қатар төмендегілерді де реттеуге көмек беруге болады:
  • бағалау;
  • түсіндіру;
  • метатану.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдарымен сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдылары берілген: 1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпараттармен танысыңыздар. Бұл тапырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқада, шолулармен сауалнамадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе Web­сайт сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін. 2. Дәлелдерді зерттеуді құрайтын немесе дәлелге негіз етіп алынған,кешірек жасалған іс­әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе ұсыныстарды анықтаңыз. 3. Бұл - негізгі құрамдар, көру және ауызша дәлелдер қалай біріктірілгенін және бір­бірі мен өзара байланысатынын талдаңыз. 4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтарымен айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз. 5. Дәлелдермен бір қатар ойларды құру үшін түрлі ақпараткөздерін біріктіріңіз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпараткөздері арасында байланыс орнатыңыз. 6. Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығымен беріктігін және дәлелдер. Сіздің болжамдарыңызбен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылықтар тудыратыны бағалаңыз. 7. Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын интерпретациялау нәтижесінде алынған біліміңізді қолданыңыз. 8. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын анықтаңыз. Сыни тұрғыдан ойлау «Ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын. Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім. Сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата-аналармен байланыс жасап бұл жаңа әдістердің тиімді, құнды жақтарын атап айттым. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас» дегендей жалпы мектеп ұжымы, әріптестер қолдау көрсетіп сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабағымның бір үлгісін төмендегідей талдап көрсетуді ұйғардым . 1. Кіріспе 2. Жаңа материалдың таныстырылымы 3. Жаңа материалды қолдау 4. Қорытынды бөлімі Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Сәтті болсын күніміз!» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір-біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы: бір оқушым «Анамнан үнемі жылы сөз естігенімді қалаймын» десе Бекжан деген оқушымның «Күнің де, түнің де сәтті болсын!» деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын. Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын Әли мен Бекжан деген оқушыларым да жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым. Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты. Топтастыру стратегиясы бойынша «Туған жер» деген сөзді қалай түсінесіңдер, мағынасын кім айтады дегенде, оқушылар өз түсініктерін айта бастады. Олар туған жер - атамекен, туған топырақ, айналаны қоршаған орта деп айта бастады. Сол уақытта дарынды оқушымның біреуі туған жер - Елорда, Астана деген кезде, мен, ендеше Астанаға саяхат жасаймыз, ол жөнінде ой - санамызды , білімімізді толықтырамыз дей келе жаңа сабақты бастап кеттім. Сол уақытта балаларым да жинақталып, Астана туралы мағлұмат алғысы келген кезде, мен Елордамыздың көрікті жерлеріне тоқталып, интербелсенді тақтадан көрсетіп әңгімелеп өттім. Осы жерде оқушылардың арасынан Астанаға барғандары да болып шықты. Ол - Айнар деген оқушым еді. Бәйтерекке барып өзінің арман тілегін айтқанын да әңгімелеп берді. Яғни, балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, белсенділік таныта бастады. Астананың Қазақстан картасы арқылы орналасқан жерін, жалпы Қазақстанның бес елмен шектесетінін айтып өттім. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да, оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды. Оқушыларға дүниетанудан алған «Астана - Қазақстан Республикасының Елордасы» атты сабағымда топтық жұмыс берген болатынмын. Осы уақытта балалар өздеріне берілген тапсырма бойынша іздене түсті. Яғни, олар өз беттерінше ізденді, пікірлесті, ой болісті, өз жұмыстарын көркемдеп, мазмұны жағынан да мағыналы болуын қалады. Сын тұрғысынан ойлаудың қай стратегиясын алсаң да тиімді жақтары көп және нәтижелі жақтарын көруге болады. Бұл модулді пайдалану барысында баланың ашылмай жүрген қасиеттерін көріп, танып, оны ары қарай баулып ұштауға мүмкіндік болады дегім келеді. Мысалы: «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» деген сабағымда тәуелсіз мемлекетіміздің басты белгілеріне тоқтала отырып, өзге ұлттармен салыстырмалы түрде айырмашылықтарына түсінік бере білді. Ал, екінші «Қазақстан халықтарының достығы» атты сабағымызда мақал-мәтелдердің мағынасын аша білді және ойларын ірікпей еркін, түсінікті баяндай білгені қуантарлық жай дер едім. «Қазақстанның ұлттық мәдениеті» атты сабағымда жыршы мен жыраудың айырмашылығына жақсы түсінік беріп әңгімеледі және тұжырымдамасын түйінді қорытындылай білді деп білемін. Балалардың сабақ барысында кейбір қабілеттері көрінгенін байқай отырып, өз жұмыстарын еркін түрде баяндап, қорғап бергендерін көргенде жеткен жетістігімнің бір ұшы деп білдім. Олар әр сабаққа тиянақты дайындықпен келетін болды. Ата-аналарының көмегі арқылы да ғаламтор көздерін пайдаланып, сабаққа қатысты қосымша материалдар дайындап әкеліп отырды және оны сабақ барысында пайдалана білді. Дарынды оқушылар өлең, шығарма жазса, сонымен қатар төмен оқитын оқушылардың да сабақ қорытынды сында өз жұмыстарын көрсете білуі қуантарлық жай еді. Сабақ соңында ойлау, сөздік қорын молайту барысында бір сөзден бірнеше сөз шығартып немесе «Бес жолды өлең» құрастырттым. Осылайша сабағымның жақсы жақтары балалар үшін де пайдалы да тиімді екендігіне көз жеткіздім. Мысалы, олар менің сұрағыма толық, мағыналы жауап берсе өте жақсы, мазмұнын біліп жеткізе алмаса жақсы, мазмұнын жүйелі айтпаса орташа бағасын қоямын. Жекеленген оқушылардың оқу қажеттіліктерін де анықтау барысында бірнеше сұрақтар дайындауға тырысамын. Ондай сұрақтарды көбінесе орташа, төмен оқитын оқушыларға қоямын. Мысалы: «Сұлтан, сен осы өлеңді оқыдың ба? Онда не туралы айтылған? Мәтіндегі кейіпкерлерді атай аласың ба? Неше рет оқыдың ?» - десем оның жауабынан өткен сабақты оқығанын немесе түсінгенін байқаймын. Менің осындай сұрақтарым, жалпы сабақ барысындағы сұрақтар да қабілетті немесе орташа деңгейде оқитын оқушыларға әсер етеді деп ойлаймын. Жоғары деңгейде балалардың ойлауын қалыптастыру үшін, қосымша шығармашылыққа жетелейтін сұрақтар қоямын. Бұл сұрағыма көбіне қабілеті жоғары оқушылар алдымен жауап береді. Мысалы: Сен Азаматтың орнында болсаң не істер едің? немесе түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар қойып отырамын. Оқушы осы уақытта өз ойларын еркін түрде айтып беруге тырысады. Сыни тұрғыдан ойлау балаларға дамытушылық жағынан көп көмегін береді. Онда жекеленген, жұптық, топтық жұмыстар да болады. Бұл модульді алған себебім сабақ барысында пайда болатын, бір тақырыпты ашу барысындағы түйінді ойлар (оқушылар айтатын) қызықтырады. Менің оқушыларым сыныпта осындай бағытта көп жұмыстанады. Олар нені білу, түсіну, айту қажеттігін түсіне біледі және жұмыстанудың да бағытына едәуір төселіп қалғандарын да байқауға болады. Негізінен тек тақырыпқа байланысты емес, жалпы тәрбие сағаттарында да осы бағытта жұмыстанамын. Олардың сөздік қоры жақсы дамып, сөйлеу мәдениеті де қалыптасады. Менің түсінгенім, балаларда бұрынғыға қарағанда ізденушілік, қызығушылық пайда болды. Сабақ кезінде оларға уақыт берсен, оларды жұмыстануға бағыттасаң, өз мақсатыңа жетуге болады деп ойлаймын. Мысалы: маған осы модульдің ерекшеліктері ұнады. Ондағы әр стратегияның балалар үшін де берері мол. Балалар өздерінің ой пікірі, жұмыстары бағаланатының сезді және ынталана түсті. Жұптық, топтық жұмыстарда өз ісіне сенімі аз балалардың да сабақ барысына қатысуына көмегі көп болды. Кейбір оқушылардың айтқан жауаптары таңқалдырды. Мысалы: Айниса деген оқушым сабағы жақсы болғанмен өзі тұйықтау еді. Бірақ, ол туды зерттеп, таныстырғанда өзінің еркін сөйлеу қабілеті бар екені анықталды бұрын бұл оқушым тақырып мазмұнын айтумен ғана шектелетін. Ал, Ақнұр сұраққа жауап барысында «Туған жер» туралы түсінігін өте жақсы жеткізді және жауабына таңқалып, сөздік қоры жас ерекшелігіне сай екенін, сөйлеу мәнерінің де қаншалықты қалыптасқанын аңғардым. Ал, сабақ барысында, Мафтуна, Әсемгүл сияқты оқушыларымның жұмыстанып, қатысып отырғаны жақсы нәтиже берді. Әрине бұл сыни тұрғысынан ойлаудың кейбір қиыншылық тудыратын кездері де болады. Бұлай дейтінім, топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар тасада қалыс қалып жатады. Ондайда оларға тақырыпқа сай жұмыс беруге тырысамын. Балалар негізінен өздері сөйлеуге жаттығып, өзгенің пікірін тыңдап, санаса біледі, кейде келіспеушілік те туындайды. Ондай уақытта өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланғанда тақырыпты ашу үшін дәлелдемелерге тоқталады. Негізінен берілетін тапсырманы оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне сай беріп отырған дұрыс. Сабақта берілетін тапсырмалардың барысы, мақсаты оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұрғыдан ойлауы болып табылады. Олар өз жұмыс тарын баяндап, талдап айтуға ұмтылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту диалог арқылы да жүзеге асады. Бұндай оқыту сыныптағы қарым-қатынасты жақсартады. Жалпы сыни тұрғысынан ойлау әдісі өз-өздерін реттей алатын ой- толғанысы ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін мұғалімдер тыңдау мен зерттеу арқылы оқуға көңіл бөліп, шешім қабылдап тиісті дағдыларды меңгерткені жөн. Ол үшін біз теорияның мазмұнын толық меңгеруіміз қажет деп ойлаймын. Оқушы жұмыстарының қорытындысы мен тұжырымдамасын қалыптастыру үшін жаңа әдістермен технологияларды дамытуымыз керек деп түсінемін. Мысалы оқушылар айналаны қоршаған ортаны танып - білуі үшін немесе әдебиеттік оқу сабағын алсақ та қолданылатын дағдылар төмендегідей болады деп ойлаймын:
  • олар әртүрлі дәлелдерді жинап топтастырады, суретін салады, фотосуретке түсіреді, дәлелдемелер жинақтайды;
  • негізгі деректерді анықтайды және сұрақ қоя біледі;
  • негізгі деректерді жағдаяттық қорытындылармен салыстыра алады және ойларын талқылап, жинақтайды;
  • кейбір болжамды жұмыстары мен ұсыныстарын қайта қарауы мүмкін.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қортындылаған кезде мұғалімдермен кеңесіп, талқылап, олардың кеңестеріне ой жүгіртіп, қайта қарап, төмендегі рет бойынша көмек беремін және жұмыстарының жүзеге асуына осы дағдыларды қолданамын: көру арқылы немесе дәлелдемелер арқылы ақпараттар беруге тырысамын; негізгі іс-әрекетті анықтайтын тақырыптан ауытқымауды ескертіп, ұсыныстар айтамын:
  • олардың өзара байланысын анықтатамын;
  • жұмыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыртамын;
  • оларға түрлі ақпарат көздерімен мүмкіндік болса байланыс жасауға ұсыныс жасаймын.
Негізінен балалардың өздігінен реттелетін білім алуының үш элементіне де оқталып өткенді жөн санадым. Олар төмендегіше болады: тапсырмамен жұмыстану барысында өздігінен бағыттала біледі; олар проблемалары мен алғы мақсаттарын өздіктерінен айқындай алады; проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс - тәсілдің тиімді жолын өздіктерінен таңдайды. Шет ел ғалымы Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясындағы үш жастағы балаларға зерттеу жүргізгенде үлкен нәтижеге жеткен. Яғни, содан түйгеніміз, балалардың өз бетінше жұмыстану қабілеті бар екенін білгеніміз деп түсінемін. Диалогтық оқытудың да сыни тұр ғысынан ойлау модуліне байланысы өте ерекше. Себебі 2004 жылы Александер диалогтық оқытуды зерттегенде сұрақ-жауаптың жасаған қорытындылардың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жеткізгенін байқаған, ал Мерсер болса сыныптағы талдаудың үш түрін анықтаған. Оны біз күнделікті сабақ барысында пайдаланып жүргеніміз анық:
  • пікірталастық әңгіме;
  • кумулятивтік әңгіме (бір - бірінің айтарын сынамайды);
  • зерттеушілік әңгіме (ұсыныс, дәлел, сыни тұрғыдан ойлану).
Мұғалімдердің көпшілігі өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес үнемі ізденіспен толғаныста болады . Бұл жердегі менің де тоқталып айтар негізгі ойым «Жаңа форматтағы мұғалім» болу үшін, жаңа үдерістегі жарқын да, бейнелі болашағы зор жаңа модульдерді күнделікті сабақ барысына үнемі енгізіп, жүйелі жұмыстану барысында әріптестермен ортақ шешімге келе отырып, биік белестерді бағындырсам деймін.
© 2010-2022