Зиянды заттардан аулақ бол!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Зиянды заттардан аулақ бол!

Мақсаты: Оқушыларға жағымсыз әдеттер туралы мәліметтер беру.Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауға,оларға үйір болмауға баулу.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жазба қағаздар,суреттер.

Әңгіме:

Жағымсыз әдеттер темекі шегу,арақ ішу,улы заттарды иіскеуге әуестену(токсикомания)сияқты қауіпті әдеттер жатады.Оларға адам тез үйреніп кетеді.Әсіресе бала ағзасы тез үйренеді.Адам бұл тәуелділіктен тез арыла алмайды.Жағымсыз әдеттер «қауіпті құмарлық» деп аталады,олар тіршілік үшін аса маңызды мүшелер қызметінің бұзылуына,әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады.

Темекінің адам ағзасына зиянды әсері. Шылым шегу-денсаулыққа елеулі зиян келтіретін жағымсыз әдеттердің бірі.Шылым шеккен кезде ағзаға улы және зиянды заттардың өте көп мөлшері енеді.Темекі құрамында ағзаға зиян келтіретін никотин деген зат болады.Никотин-күшті у,ол тіршілік үшін өте қауіпті.Ол миға,өкпеге, жүрекке және бүйрекке әсер етеді.

Бүгінгі күні бұл заттардың 1200-ден астам түрі белгілі.Олардың 200-і ағза үшін өте зиянды.Темекінің қауіпті уларына никотин,темекі шайыры,улы газ жатады.Ағза никотинге әдеттенеді де,уланады.Темекі шайыры темекі жапырағы жанған кезде пайда болады.Тәулігіне темекі шегушінің өкпесінде көп мөлшерде шайыр жиналады.Улы газ оттегінің орнын алып,ағзаны уландырады.

Шылым тарту әр жаста да қауіпті.Әсіресе,балалар үшін өте зиян.Темекідегі улы заттар олардың бойының өсуін және дамуын төмендетеді,өкпе ауруына шалдықтырады.Міне,сондықтан да кішкене күнінен шылым шеккен балалардың бойы өспейді,тез шаршайды,нашар оқиды.Бұл балалардың есте сақтауы нашарлайды,көру қабілеті төмендейді.Шылым шегетін адамдардың өкпесі,асқазан,қан тамырлары көп зардап шегеді.Оттегі жетіспегендіктен,ағзаның жұмысы нашарлайды.

Жағымсыз әдеттердің келесі бір түрі-ішімділік(алкоголь).Алкоголь -у.Ол жүрекке,өкпеге,бүйрекке,бауырға әсер етеді.Алкоголь қанмен миға жетеді де сөйлеу қабілетіне,психикаға әсер етеді.Қатты бас ауру пайда болады.Бұл жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн!Өз денсаулығынды сақтап қалу үшін ешқашан темекі тартпа және ішімдік ішпе.Маскүнемдік-емделуі қиын,ұзаққа созылатын ауру.Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр,бүйрек және қан қысымының көтерілуі-гипертония,бауыр ауруы-цирроз және жүйке, жан сезім ауруларына душар болады.

Ырықсыз темекі шегу.

Шылым шегуші темекі түтінін жұтып қана қоймайды,сондай-ақ оның түтіні қоршаған ортаға да тарайды.Ауаға темекі түтінінің жартысы және темекі шеккен адамның шығарған түтіні де түседі.Сөйтіп ауа никотинмен,улы газбен,шайырмен және басқа зиянды заттармен ластанады.Балалар немесе ересектер шылым шеккен адамның қасында немесе темекі такртылған бөлмеде болса,ырықсыз шылым шеккіш қатарына қосылады.

Жапонияның ғалымдары темекі шеккен адамның(әкесінің,ағасының және басқа)қасында болған балалар шегілген шылымның жартысын қабылдайтынын дәлелдеді.Міне,темекі шегілген,түтіндетілген бөлмеде немесе темекі шеккен адамның қасында болуға болмайтын себебі осы.

Темекіні қоямын деген адамда ең бастысы-темекі шегушінің осы зиянды әдеттен арылайын деп шешім қабылдауы.Темекі шегуге құмарту ұзаққа созылмайды.Егер осы кезде бірнеше жаттығуларды орындап,қызықты іспен айналыссаң,музыка тыңдасаң,темекіге құмартуың ұмытылады.Темекі тартатын балалардан аулақ болғаның жөн.Егер өзіңнің темекіге құмарлық сезіміңді баса білсең,бұл сенің үлкен жеңісің болып есептеледі.Сен темекі шегуден арылып,денсаулығыңды сақтайсың,рухың жоғары болады.

Ішімдіктің және темекі тартудың зиянды әсерін біле отырып,мұндай заттарды пайдаланудан бас тартқан дұрыс.Саған темекі ұсынған жағдайда «жоқ» деп,зиянды заттардан дер кезінде бас тартуды үйрен. «Тек дарынсыздар ғана тағдырға бағынады» деп Абай атамыз айтпақшы ақылды бол,жағымсыз әдеттермен күресуде рухың биік болсын.

Улы заттарға әуестік.

Улы заттарға әуестік(токсикомания)деп адам белгілі бір тұрмыста пайдаланатын химиялық заттар:ацетонды,бензиндіжәне дәрідәрмектік заттарды иіскеуге құнығып кеткен жағдайды айтады.Осы улы заттарды иіскеген кезде адамның басы айналып,1,5-2 сағатқа мас болады.Содан соң әлсіреп,есеңгірейді.Бірнеше уақыттан кейін ағза осы жағдайды қайталауды талап етеді,яғни ағзада улы заттарға тәуелділік пайда болады.Улы заттарды иіскеген кезде қорқыныш сезімі пайда болып,адам сандырақтайды,қозғалысында өзгерістер пайда болады.Кейде тіпті қазаға ұшырайды.Егер осындай тәуелділік анықталса,міндетті түрде нарколог,психиаторда арнайы емделу қажет.

Нашақорлық-есірткеге құмарлық.

Денсаулыққа зиянды заттардың бірі-есірткі.Нашақорлық-есірткіге құмарлық,бұл ең қауіпті аурулардың бірі.Бірнеше рет қабылдаған соң,есірткіге тәуелділік қалыптасып,оны қажетсіну арта береді.Аса көп мөлшерде қабылданғанда,адамның тыныс алуы тоқтап қалуы байқалады.Есірткіні қабылдаған адамның миы зақымданады да,есте сақтау қабілетін толық жоғалтуға әкеп соқтырады.Нашақорлық ересек балаларға еліктеуден басталады.Бірнеше рет қабылдағаннан кейін-ақ адамда есірткіге деген тұрақты тәуелділік қалыптасады.Сонымен енді сен жағымсыз әдеттердің түрлерін білесің.Бұл зиянды заттарды қабылдаудан аулақ бол.Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өз денсаулығыңды нығайта біл.Сонда ғана саған тек пайдалы жұмыстар жасауға,дене шынықтыруға,спортпен айналысуға,мұражайларға баруға,музыка тыңдауға,саяхат жасауға мүмкіндік туады.Ұзақ әрі жемісті өмір сүресің.Дүниенің қызығы мен тамашасы мол.Саған соларды көріп,өміріңді мағыналы етуге жол ашылады.



© 2010-2022