Ашық сабақ Ана тілі Әжесі мен немересі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Ана тілі

Күні: 09.02.2016

Сынып: 1 «,Б»

Сабақтың тақырыбы


Әжесі мен немересі.Жіңішке айтылатын сөздер

Сабақтың мақсаты

Оқушылар сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөздер жіңішке айтылатынын.Жуан және жіңішке дауыстылардың дыбысталу ерекшелігіне қарай,сөздер де айтылуына қарай жуан ,жіңішке болатынын ұғынады.Сурет бойынша мәтін құрап,әженің ілтипаты,ақылды сөзі туралы мағұлымат алады. ,Әженің отбасындағы ролі,оның балалар өмірі үшін шуақ екенін түсінеді

Сілтеме

Ана тілі оқулығы

Күтілетін нәтиже

Белсенді оқушылардан үлгі алады, топта біргіп жұмыс жасауға үйренеді .

Қажетті құрал-жабдықтар

Суреттер

Жүргізілетін жұмысым

Сабақтың этаптары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І.Кіріспе бөлім

3-мин

1)Ұйымдастыру.

Амандасу. Түгендеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Малдың төлін сүюі» өлеңін жатқа сұрау.

3)Өткенге шолу.

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Дауыссыз дыбыстар нешеу?

-Дауысты дыбыстар нешеу?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жуан дауысты дыбыстарды ата.

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

-Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.


Амандасады.

«Малдың төлін сүюі» өлеңін жатқа айтады.

Сұрақтарға жауаптар береді.

ІІ.Тұсаукесер

4-мин




Сөзжұмбақ шешу

1.Отбасы тірегі Әке

2.Ағаш көркі жапырақ

3.Мықты ағаш емен

Бастапқы әріптерден шыққан сөзді оқу,Әже

-Әже сөзі синонимдерін табайық: Ана,апа,

Әже кімдерді тәрбиелейді немере,шөберелерін , сәбилерді тәрбиелейді

-Сәби деп кімді айтамыз? Кішкентай бала,нәресте,бөпе.

-Әже біздің кіміміздің анасы (Әкеміздің)

-Әже,әке сөздеріндегі дауысты дыбыстар жуан ба жіңішке ме?

-Осы сөз қалай естіліп тұр?

Жуан ба? Жіңішке ме?

Олай болса сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса сөз де жіңішке айтылады.

Сөзжұмбақты шешеді

Шешуі:Әже



Әже сөзіне мәндес сөздерді атайды.

Сұрақтарға жауаптар береді.

ІІІ.Негізгі бөлім

35-мин

Жаңа сабақ

Жіңішке айтылатын сөздер

Дәптерге күннің жадын,сабақтың тақырыбын жаздыру.

41-жаттығу.

«Әлди,әлди» өлеңді оқыту.

Бұл бесік жыры.Оны әжелер мен аналар бесікте жатқан нәрестені жұбату үшін, өз нәрестесіне арнап арман,мақсаттарын бірге қосып айтқан.

-Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?

-Олар жуан ба? жіңішке ме?

-Неліктен жуан?

Ережемен таныстыру.

42-жаттығу

Дәптерге өлеңнің екі жолын көшіреді.

-Ережені оқиды.Жіңішке сөздермен танысады.

Сөздерге дыбыстық талдау жасап, жуан,жіңішке дауыстыларды ажыратады.

-Өлеңді мәнерлеп оқиды.

-Жіңішке айтылатын сөздерді тауып,атайды.

Сергіту сәті

Құттықтаймын ,мама, туған күніңмен

Өлең айтып,қимыл қозғалыстар жасайды.


М.Мақатаев Алматы обл,

Нарынқол ауданы,

Шалкөде ауылы

1931-1976

Аудармашы\

Сурет бойынша жұмыс: Шаңырақ шуағы.

Бұл отбасы тату-тәтті тұрады.Отбасында атасы,әжесі,әке мен ана және балалары бар.Анасы ата мен әжені төрге отырғызып дастарқан жайды.Әке үлкендерге құрмет көрсетіп кеселерін алып берді.Ас дәмді екен.Үлкендер дастарқанға бата берді.Үлкендер батасы шаңыраққа шуақ береді.

Әжесі мен немересі өлеңін рөлге бөліп оқыту.

Автормен танысады.



Сурет бойынша әңгімелейді



Әжесі мен немересі рөлге бөліп орындайды.

ІҮ.Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу

/2-мин/

:

Бес жол өлең:


1 Әже

2.Айналады,толғанады.

3.Мейірімді,аяулы,қадірлі.

4.Әже балаларға мейіріммен қарайды.

5.Ана

Бағалау.Үйге тапсырма

VI.Үйге тапсырма: Ережені нақтылау,Құттықтаймын ,мама туған күніңмен жаттау

VII.Бағалау.

Үйге: Ережені жаттау.Өлеңді жаттау.




© 2010-2022