Математика, Тақырыбы, Қалдықпен бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 3 сынып

Тақырыбы : Қалдықпен бөлу.

Мақсаты : 1) Білімділік: Оқушыларды қалдықпен бөлудің мән мағынасымен және оның ерекшеліктерімен таныстыру.Қалдықпен бөлу дағдыларын қалыптастыру;

2) Дамытушылық: Ауызша және жазбаша берілген тапсырмалар арқылы балалардың танымдылық қабілеттерін,зейіндерін,логикалық ойын дамыту;

3) Тәрбиелік: Өзін- өзі бағалауға,өзіне деген сенімділікке,дербестікке тәрбиелеу,математиканы оқып үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Құрал жабдықтары: Интерактивті тақта,слайдтар,өзін өзі бағалау парақшасы,үлестірмелі қағаздар.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ -жауап, тест.

Нені білу керек: қалдықпен бөлудің ерекшеліктерін игеру.

Не істей білу керек: берілген тапсырмаларды орындау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.Бағалау парақтарын

үлестіріп беру.

11. Ауызша есептеу. 1) Математикалық диктант.

-506 мен 200-дің қосындысы; - 2 мен 5-ті қос ;

- Ойлаған санды 4 есе кеміткенде 5 шықты. Ойлаған санды тап.

- 0 мен 4-тің көбейтіндісін тап; - 24-ті 4-ке бөл. -20-ны 20-ға бөл.

- Қабырғасы 2 см-ге тең шаршының периметрін тап.

Тексеру: 706 ,15 ,20 ,0 , 6, 1 ,8 см

2) Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шеш:

Баға Саны Құны

? 4 36 теңге

9 теңге ? 36 теңге

9 теңге 4 ?

Сергіту сәті.

!!!. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ой толғау. Мына 13 шарикті 4-ке бөлуге бола ма? (Болмайды)

13 : 4 = 3 (қалд.1 ) тексеру: 4 х 3 + 1 = 13

1 ереже. Қалдықпен бөлуде нәтижесіне екі санмен жазады. Бірінші санды - толымсыз бөліндінің мәні, екінші санды - қалдық дейміз.

31 : 4 = 7 ( қалд. 3)

2 ереже. Қалдық бөлгіштен кем болуы тиіс.

13 : 4 = 3 (қалд.1) 1< 4

3 ереже. Қалдықпен бөлуде бөлгішке бөлінетін ең үлкен сан анықталады.

25 : 4 = 6 ( 1) тексеру: 4 х 6 + 1 = 25

2) Интерактивті тақтамен жұмыс.

Қызанақтарды тәрелкелерге тең бөліп сал. 11 : 3 = 3 ( алд. 2)

3) Жеке жұмыс.

Оқулық . 67-бет, № 4 ( ә)

4) Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сурет пен жазбаның сәйкесін анықта.

5) Дәптермен жұмыс. 11 алманы 4 қорапқа орналастырып,есепке сурет сал және оны шеш.

11 : 4 = 2 ( қалд. 3)

6) Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

Тексеру. 1 - нұсқа

Суретті пайдаланып,бөліндіні және қалдықты тап.Қалдықты боя. Тексер.

11 : 3 = 3 ( қалд 2) 9 : 2 = ? 10 : 4 = ?

11- нұсқа. Әйнекшелерге тиісті санды жаз. Тексер.

16 : 3 = 5 (қалд ...) 14 : 3 = … (қалд 2) 25 : 4 = 6 (қалд... ) 7 : 3 = ... (қалд 1)

22 : 4 = 5 (қалд ...) 31 : 3 = ... (қалд 3) 19 : 4 = 5 ( қалд ...) 23:7= ...( қалд 2)

Көзге арналған сергіту сәті.

!Ү. Бекіту. Тест.

20-ны 3-ке бөлгенде неше қалдық қалады? А) 1 В) 2 С) 3

3 қалдық қалатын бөліндіні тап: А) 14:4 В) 21:4 С) 35:4

Бір жұмыртқа 5 минут піседі. 3 жұмыртқа неше минутта піседі?

А) 5 В) 4 С) 3

4. 6 алманы екі - екіден 2 ана мен 2 қызға тең бөліп берді.Неше адам алма алды?

А) 4 В) 3 С) 2

5. 240 : 4 = ? А) 60 В) 70 С) 80

У. Бағалау.

Бағалау парақтарын толтырып, жалпы ұпай шығарады.

«5» -- 16-20 ұпай ; «4» -- 11-15 ұпай ; «3» -- 6-10 ұпай;

У!. Қорытынды.

-- Нені үйрендік? Не естеріңде қалды?

У!!. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022