Тақырыбы: Әдепті сөз 2сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Әдепті сөз

2015 - оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
1. «Әдепті сөз» мәтінінің тақырыбын аша отырып, балалардын отбасында, мектепте, әдеп пен өнер, мәдениет туралы түсініктерін кеңейту.
2. Отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы, тәлімдік үлгі - өнегесі, жора-жолдастың тәрбиедегі әсері жайында түсініктерін дамыту.
3. Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу.

Әдістері:жобалау технологиясы.
Типі:білімді жүйелеу.
Формасы: топпен
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану.
Сабақтың барысы;
I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Психологиялық кезең.
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз «біз».
Амансың ба алтын күн?!
Амансың ба көк аспан?!
Амансың ба достарым?!
Сендерді көрсеи қуанам.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - 2 оқушыдан өлең шумақтарын жатқа сұрау.
IV. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Адасқан әріптер» дидактикалық ойыны.
деӘпіт өзс -Әдепті сөз.
V. Оқушылырды 2топқа бөлу. Оларға кеңесшілер тағайындалады.
1 - топ: «сәлемдесуге» байланысты бейнематериалдар жинап, рефераттар әзірлейді.
2 -топ: «Әдептілікке» байланысты бейнематериалдар жинап, рефераттар әзірлейді.
Сергіту сәті.
Қане, балалар, тұрайық.
Мойынымызды әрлі-берлі бұрайық.
Қомдап алып қанатыңлы ұша ғой,
Қайта оралып, анашыңды құша ғой.
VI. Поэзиялық ой -толғау.
a) «Жақсы» деген немене?
«Жаман» деген немене?

ә) Оқушылар өлең оқиды.
1 - оқушы:
Әдептілік дегенің,
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре, сараң, әлегің.
2 - оқушы:
Әдептілік әлемі,
Атам маған әманда.
Кішіпейіл бол деген,
Ата сөзі санамда.
Мақтанбауды жөн көрем.
3 - оқушы:
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлем деп қол берем.
4 - оқушы:
Көршілерді көргенде,
Сыйлап сәлем беремін.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

VII. «Аталармен үндестік» атты шығармалар байқауы.
Әр топ өз шығармаларын оқиды.
VIII. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінмен танысу.
Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
Мәтінді оқу барысында оқушылар қолдарына қарындаш алып, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді.
ә) Сөздік жұмысы.
б) Дәптермен жұмыс.
Мақал-мәтелдерді жазу, мағынасын ашу.
IX. Топтастыру стратегиясы.
а)
ақылшы
бәйтерек ата қамқоршы
береке қазына асқар тау

б) Мәтіндегі сұрақтарға жауап беру.
-Мәтін неліктен «Әдепті сөз» деп аталған?
- Әдептілік,имандылық, инабаттылық деген сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
-«Әдептілік белгісі-иіліпсәлем бергені»мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелету.
Х.Жаңа сабақты бекіту.
Ой қорыту.
Әдепті сөздерді топтастыру.
Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз
Рақмет! Кешіріңіз
Ғафу етіңіз! Рұқсат па?
Өтінемін Көмектесуге рұқсат етіңіз.
Беріңізші Абайлаңыз т.б.

ХІ. Проблемалық жағдаяттардан шығу(Өз ойларын ортаға салады).
1 - топ. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қояды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
2 - топ. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның екен. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің?
1 - топ.2 бала жасырынбақ ойнап жүрді. Бірі ағаш артына тығылмақ болып жүгіргенде құлап, аяғын жарақаттап алды. Екіншісі оған тұруына көмектесіп, былай деді: Сен жылама, үлкенсің ғой, қазір сенің аяғыңды байлап береміз т.б. жұбату сөздері.
2 - топ.Анасы қызына алма сатып әкелді. Анасы қызына түскі тамақтан соң жерсің деді. Алма сондай қызыл, дәмді еді. Қыз: Анашым, маған алма жеуге рұқсат беріңізші. Түскі тамақты тауысып ішіп ұоюға уәде беремін,-деп сұрады.
Анасы қызына рұқсат берді ме? (Рұқсат берді, себебі қызы анасына беріңізші деп сиқырлы сөзді қолданып сұрады).
Біраздан соң ағасы мектептен келіп, алманы көрді де, екі алманы жеп қойды. Қалай ойлайсыңдар, ағасы дұрыс жасады ма? Неге? Сен не істер едің?

XII. Бағалау.
XIII. Үйге тапсырма:
Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.
Әдепті сөздерге арнап кітапша жасап келу.

© 2010-2022