Қазақ тілі Дауыссыз қ менғ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ тілі 2-сынып Тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ Мақсаты: Дауыссыз қ мен ғ әріптері туралы жаттығулар орындай отырып тақырыпты пысықтау. Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; Дұрыс отыруға, адамгершілікке, тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік Көрнекілігі: плакат Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар! ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дауыссыз қ мен ғ

Дауыссыз дыбыстар Қатаң дауыссыз дыбыстар Үнді дауыссыз дыбыстар Ұяң дауыссыз дыбыстар




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4- жаттығу ІІІ. Білімді тексеру:Көркем жазу .Әә Әә Әә . Әлия Жаңа сабақ: Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады. Топыра..., жола...ы, ая..., Шыра...., қуырша...ы, құла..., -Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар?(Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті п,б жазады). Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту. Жаттығулар орындау. 1-жаттығу ауызша талдау. Өздігінен жұмыс: Қ әрпінен басталып, қ әрпінен аяқталатын сөздер жазу. 2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу, дәлелдеу. Сергіту сәті Денемізді тік ұстаймыз, Қолымыздың көмегімен тік төртбұрыш жасаймыз. Тік төртбұрышымызды тігінен екіге бөлеміз, Тік төртбұрышымызды көлденеңінен екіге бөлеміз. 3-жаттығу сөйлем құру,талдау. Топпен жұмыс. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр. Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. 1-топ Емшісі,орман,тоқылдақ,болады. (Тоқылдақ орман емшісі болады). 2-топ Бетінде,жапырақ,шық,етеді,жылт-жылт. ( Шық жапырақ бетінде жылт-жылт етеді). 3-топ Соң,кемпірқосақ,шығады,жаңбырдан. (Жаңбырдан соң кемпірқосақ шығады). ІҮ. Бекіту. Ережені еске түсіру. Қазақ тілінде сөз соңында ғ дыбысы келмейді. Қ дыбысынан аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса қ дыбысы ғ дыбысқа айналады. Мысалы: құлақ - құлағы, тарақ - тарағы, орақ - орағы. Қ дыбысы сөздің барлық буындарында, ғ дыбысы сөз соңында келмейді. Ғ-ұяң, қ -қатаң. Ү. Үйге тапсырма. 5 -жаттығу Бағалау


© 2010-2022