Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жүргізетін мұғалімнің аты - жөні

Шулгаубаева Гулнур

Ікурс (10 класс)

Атырау көлік және коммуникация колледжі

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Сілтеме

Сабақ жоспары ,слайдтар

Жалпы мақсаты

Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

Міндеттер

Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңд

Күтілетін нәтиже

«Қалқаман - Мамыр» поэмасының өзекті мәселесі cол заманның шындығы, қатал үкімі, құрбандары туралы мәлімет алады

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, қосымша материалдар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
ІІ. Ой қозғау стратегиясы.
1. Абай мен Шәкәрім арасында қандай туыстық қатынас бар?
1. Абай шығармашылығы туралы қандай ой түйдіңдер?
2. Абай мен Шәкәрім сабақтастығы неде?
3. Шәкәрімнің қандай шығармаларын білесіңдер?
4. Біздің мектепте аудандық Шәкәрім оқуларының жүлдегері кім?

ІІІ. Жаңа тақырыптың өзекті мәселесін жүйелеу:
1. «Қалқаман - Мамыр» поэмасының өзекті мәселе.
2. Сол заманның шындығы, қатал үкімі, құрбандары.
3. Кейіпкерлердің іс - әрекетін бағалау (өзіндік пікірін тыңдау).
ІҮ. Поэманың композициялық құрылымы.
1. Оқиғаның басталуы: Туыстық байланыс
2. Оқиғаның байланысы: 1. Мамырдың бой жетуі
2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі
3. Қос ғашықтың қашып кетуі
3. Оқиғаның дамуы: Мәмбетей мен Көкенайдың Әнет баба сөзіне құлақ аспауы
4. Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі
5. Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім
2. Қалқаманның елден кетуі
6. Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы.

Ү. Оқулықпен жұмыс. І. Ізде, тап.
1. Мамырдың соңғы сөзі
2. Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі
3. Қалқаманның елімен қоштасқандағы сөзі

ІІ. Сөздік жұмысы: Еркек - шора, Бастаңғы, оғат, халал, асық, шаһит болу деген сөздердің мән - мазмұнын ашу.

ҮІ. «Білім мен дәстүр» сыны.
І. Поэмадағы салт - дәстүр көрінісін атайық.
1. Жақыннан қыз алмау
2. Уәдеге беріктік
3. қалың мал беру.
4. құда түсу
5. бастаңғы жасау
6. бата беру
ІІ. Заман шындығын сұрыптау:
1. теңсіздік
2. жастардың бас бостандығы
3. қалың мал
4. оққа байлау
5. жесір дауы
ІІІ. Поэмадағы жер - су атауларын теріп жазыңдар

ҮІІ. Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап алу.
1. Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы? (1722 жыл).
2. Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім? (Әнет баба)
3. Қалқаманның әкесі кім? (Олжай).
4. Мамыр Қалқаманды қай жерге, қашан келуге шақырды? (Бүрсігүні, қалың қамыс)
5. Мамыр қыздың киімін кигеніне неге қуанбады? (Әкесі құда түсірмекші болды).
6. Екі жастың қосылуына не кедергі болды? (Туыс, аталас болуы).
7. Қалқаман неліктен өз елінен кетіп қалды? (Оққа байлағаны үшін)
8. Қалқаманды елі неге іздемеді? (Қазақ - қалмақ соғысының кесірінен)
9. Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр? (Ұлы жүз).

ҮІІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: «Салтыңды қадір тұт» толғау жазу. Өз таңдауы бойынша үзінді жатта



© 2010-2022