Открытый урок по развитию речи Сүыкторгай

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

19.01.2015

Тақырыбы: Суықторғай Максим Зверев.


Жалпы мақсаттар


Әңгімені мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға дағдыландыру.

әңгіменің мазмұнын түсіндіру.Құстар жайлы, соның ішінде суықторғай жайлы мағлұмат беру.Мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу. Мәтін-ді оқи отыра табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасап күтуге баулу.

Оқыту нәтижелері


Жаңа ақпарат алады. Топпен жұмыстанады. Сөйлеу тілі дамиды. Ізденуге ұмтылады.

Негізгі идеялар


Әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру.

Дереккөздер және жабдықтар


Оқулық, , Power Point, дәптер, стикер, маркер,


Кейінгі тапсырмалар


1.Оқушылардың берген жауаптарын талқылау.

2.Жіберілген қателерге байланысты сабақ жоспарын жақсарту.

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен сәлемдесу.

Сыныпты сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлу. Коньки, шаңғы

Үй тапсырмасы

1. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды
«Ең қызықты сұрақ, ең қызықты жауап»
«Әңгіме кестесін толтырады»

2.Сөзжұмбақ

Жаңа сабақ

-Сонымен қандай сөз шықты?

Ендеше біз бүгін қазақстандық жазушысы М.Зверевтің «Суықторғай» әңгімесімен танысамыз.

Сабағымызға қандай мақсат қоямыз?

3.Зверев Максим Дмитриевич(29.11.1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул қ. - 1996, Қазақстан, Алматы) - Қазақстанның халық жазушысы. Томск университетін бітірген (1923). 1923 - 37 жылы Сібір өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент болған. 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937 - 52 жылы Алматы зоопаркінде ғыл. бөлімнің меңгерушісі, директоры, ҚазМУ-де доцент қызметтерін атқарды. 1952 жылдан ғұмырының соңына дейін еркін шығармашылық жұмыспен айналысты.

Құстардың түрлері өте көп.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен.
-Ал енді осы құстардың пайдасы бар ма? Болса қандай?

Қыстап қалатын құстар
Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшық .

Жыл құстары дегеніміз
Көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.

Суықторғай қандай құс?

Мәтінмен жұмыс

«Жигсо» стратегиясы

Түртіп алу стратегиясы

Сергіту сәті

Құстардың дыбысын тыңдау.

Қорытындылау:

Блиц сұрақтар

  1. Әңгіме қай мезгілде болды?

  2. Автор кім болған?

  3. Ол нені көрді?

  4. Ол қандай құсты ұстап алды

  5. Құс қандай күйде еді?

  6. Құсты қайда әкелді?

  7. Торғайдың жағдайы қалай болды?

  8. Қашан құсты далаға жіберді?

Өзара бағалау

Рефлексия «Құстарға тілек»

Үйге тапсырма: әңгімені мазмұндау, «Құстардың қысқы тіршілігі»-эссе жазу


Топқа бөлінеді

Топ басшысын сайлайды

Топ ережесін құрады

Оқушылар жауап береді.


Топ болып кестені толтырады

Сұрақтарды оқиды да жауап береді.

Оқушылардың жауабы

Тыңдайды өз пікірін айтады.

Мақсат қояды.

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар керекті, маңыздыларын ғана айтады.


.

Оқушылардың жауабы.


Оқушылар құсты сипаттайды.

Мәтінді үш бөлікке бөліп оқиды.

Оқушылар түртіп алған сөздермен сөздік жұмысын жүргізу, жазып алу

Оқушылар көздерін жұмып, тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Бірін-бірі бағалайды.

Құстарға жазады не үйренгенін.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қоғалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Медельханова Алмагүл Қасымхановна


Қоғалы орта мектебі



Әдебиеттік оқу

Максим Дмитреевич Зверев «Суықторғай»


Бастауыш сынып мұғалімі

Меделханова А.Қ.


2015-2016 о.ж.

© 2010-2022