Презентация «Аспанда да, жерде де, Жолың болсын жолаушы»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы.Жаңаөзен қаласы.Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.Бекмағанбетова Нурсулу Қосайқызы

1.Сабақтың тақырыбы :«Аспанда да,жерде де,

Жолың болсын жолаушы»

2.Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.Ситуация тудыру,сұрақ қою,жұмбақ шешу арқылы жол ережесін білуге баулу,ой-өрісін дамыту.Жолда ережесін білуге,орындауға ,есте сақтауға тәрбиелеу.

3.Сабақтың көрнекілігі:бағдаршам макеті,жол ережесінің белгісі,

слайд,суреттер.

4.Сабақтың барысы:а)ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудар

Тыныштық сәті

Өлең тыңдау.Ән не туралы айтылған?

Жол туралы,жолаушы,ұшақтар,көліктер туралы айтылған.Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Аспанда да,жерде де,жолың болсын жолаушы».

Кіріспе сөз:

Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз. Көліктер мен қатар,аспанда ұшақтарымыз да ұшады.Олардын да жолда жүру ережелері бар.Қазіргі таңда біздің қаламызда болсын,басқа қалаларда болсын көліктер саны өте көп.Сондықтанда статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ көтеген жол апаты,жарақат алып жатқан адамдар саны қаншама.Бұлардың барлығы бірішіден жол ережесін білмегендіктен ,екіншіден жол ережесіне бағынбағандықтан болып отыр.Бүгінгі тәрбие сағатында жол ережесі туралы,жол ережесінің белгілерімен танысамыз.

Олай болса,бүгінгі сабақта үш топқа бөлініп отырғызылған.

1-топ 2-топ 3-топ

Бағдаршам Ала таяқ Көліктер

Бүгінгі сабағымыздың шарттарымен таныстыру

1.Таныстыру

2. «Талабыңа нұр жаусын!»

3. «Жол белгілер шеруі»

4.Жұмбақтар шешу

5.Жағдаяттардан шығу

6.Шығармашылық жұмыс

7.Көрініс

1-топ. «Бағдаршам» тобы

Менмін бағдаршам

Жиі-жиі жанған шам

Қызыл,сары,жасыл жанғанда,

Қарап қалма аспанға

2-топ. «Ала таяқтар»тобы

Жолда тұрам әрдайым

Сермеп, бұрып жоғары,

Ұмытпай әркез жүргейсің

Алатаяқ мен болам

3-топ. «Көліктер» тобы

Тыным таппай жүремін

Қызмет жасап әрдайым

Күндіз-түні қалада

Көліктер тобы мен болам

2. «Талабыңа нұр жаусын!»

Нұрсұлу

Біз тұратын көшені

Байқар болсаң егерде

Оны әбден болады

Әліппемен теңеуге

Көшелерді көлбеген

Құпия әр бұрышы

Ойлап көрсек-ол деген

Сабақтың ең дұрысы

Альбина

1.Үлкен кіші қала бар

Ой жүгіртіп қарап ал

Көше заңы тым қатты

Сақ болыңдар балалар

Әмина

2.Қай көше,қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ,Үлкен кіші баршамызға

Дария

3.Құтты боп ,әр қадамың

Күлсін десең әр күнің

Көше заңын білітұғынбол,бала

Зор өтішіш -жол үстінде ойнама

Сырға

4.Көшеде бағдаршам болмаса,

Кідірме абыржыпонда аса

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сол жаққа

Ортадан өткен соң

Мойның бұр балақай оң жаққа.

Гүлназ

Шәкірттен татулықта жан аспайды

Шекісу шәкірттерге жараспайды

Отырса автобусқа трамвайға

Шуылдап орын үшін таласпайды

Ербол

Қажет етер білуді

Ол да қызық әліппе

Алда тұрған ілулі

Мән бар әрбір әріпте

2. «Жол белгілер шеруі»Жол белгілерімен таныстыру

Дінмұханбет

Сақтандыру белгісі

Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған

Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар,бағдарла көз салып жан-жақты.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол,шартыңды міндетті орында!
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын,тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де,түнде де от болып жанады.
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

3.Жұмбақтар шешу

1.Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта,жүр дейді (Бағдаршам)

2.Үзеңгісін тептім,зымырап кеттім.(Велосипед)

3.Төрт аяғы дөңгелек,адамсыз ол жүрмейді.(машина)

4.Өзі тым күшті,аяғы тісті,

Ілезде тындырар,қыруар істі (трактор)

4.Арқаным бар тым ұзын

Ала алмайсың бір үзім (Жол)

5.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тосып аяңдайды.(Автобус)

6.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам (Реттеуші инспектор)

5.Жағдаяттардан шығу

1.Бағдаршам жасамай қалған жағдайда?

Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.
Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.
Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек

2.Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамда неге сары түс жоқ?

3.Сен велосипедпен келе жатырсың,бағдаршамның қасына келдін,жолдан қалай өтесің?

6.Шығармашылық жұмыс

Оқушылар компьютермен жұмыс жасайды.3-топқа тапсырмалар беріледі.

Жол белгілерінің суретін салу

Халыққа қызмет көрсететін көліктердің суретін салу

(Өрт сөндіру көлігі,жедел жәрдем көлігі,полиция к. Халыққа қызмет көрсететін қөліктерге көшеде барлық көліктер жол береді)

7.Көрініс

МАЙ қызметкері- Темирлан

Жүргізуші- Жасұлан

Балалар, Жаңаөзен қаласы күннен күнге коркеюде,сонымен қатар біздің жолдарымыз жөнделді.

Біздің еліміздің предиденті кім?(Назарбаев.Н.)

Қандай жолдауы бар?(Қазақстан-2050жолдауы)

Олай болса биыл «Нұрлы жол»жолдауын халыққа Жолдаудың аркасында бірнеше көптеген құрылды.Жарамсыз жолдар жөнделіп қолға алынуда.Сондықан да жолдың барлығы жақсарып,жол көлік оқиғалары болмайды деп сенеміз

Қорытындылау.





Қ.Құржыманұлы атындағы №8орта мектеп

Қалалық ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Аспанда да,жерде де,жолың болсын жолаушы»

Өткізген:Бекмағанбетова Нұрсұлу

Жаңаөзен қаласы 2015/2016 жыл




© 2010-2022