Суицид - тығырықтан шығар жол емес

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Суицид тығырықтан шығар жол емес


Құрметті ата-аналар! Ұстаздар!

Бүгінгі мектебімізде болып жатырған ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Осы ата-аналар жиналысында жасөспірімдер арасында кездесетін суицид тақырыбында сөз еткелі отырмын.

Өз-өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді қатты алаңдатып отырған үлкен мәселе. Дүниежүзінде жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қиса, 10-20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Ең жаманы өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың арасында жастар өлімінің көбеюі.

«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже шамалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:

бірінші орында - Латвия (96-99 адам),

екінші орында - Венгрия (88 адам),

үшінші орында - Қазақстан (53 адам).

Өзіне-өзі қол салу үш топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрациялы.
Ашық суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден баз кешу жайлы ойлап, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді.
Демонстрациялы суицидке өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.

Жасырын суицидке өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындар баратын мінез қылығының бір түрі. Жасөспірімдер арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы өз үлгілерін табады да, оларға «көшірме» ретінде еліктейді.

Жасөспірімдердің мінезі тұрақсыз келгендіктен, сенгіш келеді, жел сөздерге еріп, әр түрлі әрекеттер жасайды. Жасөспірім көбінесе өліммен қорқытып, өзінің қарсыласын бағындыру мақсатында және бұл әрекетті ең дұрыс тәсіл деп түсінеді, қайғылы жағдайларға ұшырайды.
Біз жасөспірімдерге өз-өзіне қол салу-табиғаттың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналатынын түсіндіруіміз қажет.
Ата - аналарға суицидтің алдын алу үшін мынадай кеңестер берер едім.
• Ата-аналар үшін стресс болмайтын жайттардың балалар үшін стресс алу себептерінің бірі болуы әбден мүмкін. Әрбір ата-ана әрбір қадамын ойланып жасауы қажет;
•Баланың көзімен әрбір жайттарды көруге тырысыңыз;
• Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз;
• Жатар алдыңда баланы қандай жағдайлар мазалап жүргені туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіруі үшін оны үндемей тыңдауға тырысыңыз;
• Балаға көп уақыт бөліңіз, сырласыңыз. Баланың ойымен санасыңыз. Бала әр кезде бала болып қалуы керек;
• Балаға үнемі қол ұшын созыңыз. Бала сіздің қорғаушы, көмекші, келеңсіз жағдайларда кеңесшісі екеніңізді білуі керек;
Балаңыздың жан дүниесінде болып жатқан күйзелісті мұқият тыңдаңыз;

  • Бала сезімін, ойына алған істің орындалуын мұқият бағалаңыз;

  • Көңіл күйінің, эмоционалдық күйзелісінің қаншалықты тереңдігін бағалаңыз;

  • Әрбір ренішіне, көңілі толмаған істерінің бәріне мұқият қараңыз;

  • Қорықпастан сұраңыз "Өз-өзіне қол жұмсағалы жүрген жоқ па?"

Жексенова Әйгерім Тасболатқызы



© 2010-2022