Ашық сабақ Төрт ана

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт ана


Бекітемін:

Күні: 16.11.2015ж

Сыныбы: 3б

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Мақсаты: Оқушыларға өлеңнің авторымен таныстыра отырып, өлеңнің идеясы мен мазмұнын ашуға көмек беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: мәтінді оқып, ойын жинақтап, оқу танымдық біліктілігін дамыту. мазмұнын жүйелі айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға жетелеу. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Елін, жерін, тілін, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, М. Шахановтың портреті, суреттер, М. Шаханов туралы презентация нақылдар.

1.Сабақтың барысы:1. Психологиялық дайындық
Балалар, әр адамның бойында жақсы қасиеттер болады ? Сол жақсы қасиеттерді есіміміздің бас әрпімен байланыстырып айтайық!

Үй тапсырмасын сұрау. Құстар айтысы. (Үнді ертегісі)

Үй тапсырмасын бекіту. "Ынтымақ" туралы мақал-мәтел айту.

Бұқар жыраудың термесін айту.

- Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман.
- Бес дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман.
- Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман.
- Жеті дегеніміз - жас келіншек жесір қалса сол жаман.
- Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман.
- Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
- Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас
Ребусты шешу арқылы тақырыпты шығару.

2. Жаңа сабақ.
- Мұхтар Шаханов өміріне тоқталу. Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен Мұхтар Шаханов 1942 жылы сәуір айының 2-сі күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болған. 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алды. 1968 жылы адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық», 1982 жылы «Махабатты қорғау», 1988 жылы «Ғасырларды безбендеу», атты жыр жинақтары жарық көрді.
Мұхтар Шаханов туралы топтастыру жұмысын жасау.

3.Кітаппен жұмыс.Мұғалім мәнерлеп оқу.
-Ақын атаған төрт ана. (туған жер, туған тілі, салт-дәстүр, тарих) .
4.Дәптермен жұмыс . Сөздік жұмыс.
-Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Туған жері- отан,туып өскен мекені, кіндік қаны тамған жер
Туған тілі- қазақ тілі
Салт-дәстүрі- жеті атасын білу.
Құдіретті- ержүрек, батыр
Тарихы - қазақ елінің басынан кешкен оқиғалары
Күрес - азаттық, егемендік үшін жанын пида ету.

Оқушылар тізбектей оқу.

5.Топтық жұмыс. Постер қорғау.
6.Жеке жұмыс. Сұрақ -жауап.
1. "Тіл" туралы мақал айт?
2. "Жеті" атаңды ата?
3. Қазақтың салт -дәстүрлерін ата?
4. "Құдіретті" деген сөздің мағынасы.
5. Мұхтар Шаханов кім?
6. Ақын атаған төрт ананы ата?
7. "Туған тіл" туралы өлең айт?
8. "Туған жер" туралы өлең айт?
9. "Туған жер" дегенде ойыңа не түседі?
10. Үйден жыраққа кеткенде, туған жерді қалай сағынасың?

Сергіту жаттығу
Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып - тұрамыз.

Онан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Жаттығу жасап осылай,

Үлкен боп ертең шығамыз.

7.Жұптық жұмыс. Шындық па, жалған ба?

Р\с

Сұрақтар

Шындық па?

Жалған ба?

1.

Мұхтар Шаханов 1941 жылы туды.

2.

"Төрт ана" өлеңінде туған жер, туған тіл, туған тарих , салт- дәстүр туралы жырлады.

Р\с

Сұрақтар

Шындық па?

Жалған ба?

1.

Мұхтар Шаханов қайтыс болды?

2.

Ақын, жазушылардың тілі -сөз.


8.Қорытындылау. Сұрақ жәшігі.

Өлеңді ақын қандай сезімде отырып жазған деп ойлайсың?

Үйге тапсырма. «Төрт ана » өлеңін жаттау.
Оқушыларды бағалау.







Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болады.
1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алып, оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істейді.
1966 жылы көптен күткен «Бақыт», 1968 жылы адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық», 1982 жылы «Махаббатты қорғау», 1988 жылы «Ғасырларды безбендеу» атты жыр жинақтары жарық көреді.
1984-1993 жылдар аралығында «Жалын» альманағының бас редакторы болып жұмыс істейді. Артынша 1986 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып орналасады. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болғанға дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет жасайды.
Ақын шығармаларын әртүрлі тақырыпта жазады. Ғашықтық ғаламатында біреуді бақытқа бөлеп, біреуді мұңға батырған махаббаттың құдіреттілігін баяндайды.
Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде
Ғашық болып өлу - қандай мәртебе! - деу арқылы адам баласының өмірдегі мақсатын баян еткендей болады.
«Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Арман», «Шың басындағы оқиға» сынды өлеңдері де философиялық ой түюге тұрарлық.
Ақын өлең жазып қоймай, драматургия саласына үлес қосқан. Осыған дейін «Махаббат таңы», «Көкейтесті», «Сенім патшалығы» сынды пьесалары сахналанған болатын. Мұнымен қатар, «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тіліне аударылған.




Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанында:
- Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, - дейді Төле би.
- Айтыңыз, айтыңыз?
- Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отырғандар таң-тамаша болады.
- Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?
- Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? - дейді Қаз дауысты Қазыбек.
- Рұқсат, рұқсат.

- Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман.
- Бес дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман.
- Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман.
- Жеті дегеніміз - жас келіншек жесір қалса сол жаман.
- Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман.
- Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
- Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, - дейді Қаз дауыс­ты Қазыбек.
- Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, - деп Төле би Қазыбекке разы болыпты.

Ашық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт анаАшық сабақ Төрт ана

- Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман.
- Бес дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман.
- Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман.
- Жеті дегеніміз - жас келіншек жесір қалса сол жаман.
- Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман.
- Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
- Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, - дейді Қаз дауыс­ты Қазыбек.

- Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман.
- Бес дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман.
- Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман.
- Жеті дегеніміз - жас келіншек жесір қалса сол жаман.
- Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман.
- Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
- Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, - дейді Қаз дауыс­ты Қазыбек.


1. Тіл туралы мақал айт?

2."Жеті атаңды ата?

3."Қазақтың салт -дәстүрлерін ата?

4. "Құдіретті" деген сөздің мағынасы.

5. Мұхтар Шаханов кім?

6. Ақын атаған төрт ананы ата?

7. "Туған тіл" туралы өлең айт?

8. "Туған жер" туралы өлең айт?

9. "Туған жер" дегенде ойыңа не түседі?

10. Үйден жыраққа кеткенде, туған жерді қалай сағынасың?


Р\с

Сұрақтары

Шындық па?

Жалған ба?

1.

Мұхтар Шаханов 1941 жылы туды.

2.

"Төрт ана" өлеңінде туған жер, туған тіл, туған тарих , салт- дәстүр туралы жырлады.

Р\с

Сұрақтар

Шындық па?

Жалған ба?

1.

Мұхтар Шаханов қайтыс болды?

2.

Ақын, жазушылардың тілі -сөз.



Оқушының

аты- жөні

Үй тапсыр

масы

5 ұпай

Топтық жұмыс

Постер қорғау

5 ұпай

Жеке жұмыс Сұрақ-жауап

5 ұпай

Жұптық жұмыс

Шындық па?

Жалған ба?

5 ұпай

Ұпайы

Бағасы

Бағасы

Ғаділқызы З

Жақсыбайқызы Н





Оқушының

аты- жөні

Үй тапсыр

масы

5 ұпай

5 мин

Топтық жұмыс

Постер қорғау

5 ұпай

20 мин

Жеке жұмыс Сұрақ-жауап

5 ұпай

5 мин

Жұптық жұмыс

Шындық па?

Жалған ба?

5 ұпай

5 мин

Ұпайы

Бағасы

1.Ғаділқызы З

2.Жақсыбайқызы Н

3.Қарағұлов Е

4. Шарапова А

5. Зейнадинов Ә


15-20= 5 алады.

8-10= 4 алады.

1-7= 3 алады.


Оқушының

аты- жөні

Үй тапсыр

масы

5 ұпай

Топтық жұмыс

Постер қорғау

5 ұпай

Жеке жұмыс Сұрақ-жауап

5 ұпай

Жұптық жұмыс

Шындық па?

Жалған ба?

5 ұпай

Ұпайы

Бағасы

1.Мандибаева А

2.Мұханова І

3.Балапанов Н

4.Қуанышова Ә

5. Ниязова А

15-20= 5 алады.

8-10= 4 алады.

1-7= 3 алады.


© 2010-2022