Конспекты по казахскому языку на тему Түбір сөз және туынды сөз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

3 «а» сынып Күні: 15.01.2015 ж

Сабақтың тақырыбы

Түбір сөз және туынды сөз. 19-25 жаттығу

Сілтеме

Жоспар. Қазақ тілі оқулығы. «Атамұра». Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Түбір сөз және туынды сөз туралы ақпарат беріледі, туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдайды, мағыналарын салыстырып, оларға сұрақ қоя біледі.

Күтілетін нәтиже

Түбір сөз және туынды сөз туралы ақпарат алады. Туынды сөздерді таба алады, құрамына талдай алады. Салыстырып, оларға сұрақ қоя алады.

Негізгі идеялар

Түбір сөз және туынды сөзді меңгеру

Тапсырмалар

«Ой қозғау» әдісі «Бал жинау» ойыны

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі

«Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Конспекты по казахскому языку на тему Түбір сөз және туынды сөз

ІІ.Мағынаны тану

Топтық жұмыс

19-жаттығу түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу: жұмысшы, достық, сыйлық, талапкер, қызметкер, дойбышы, астық. Ережемен жұмыс.

20-жаттығу сөздерді оқу, мағынасын ашу, екі топқа жіктеу, туынды сөзді бір бөлек, түбір сөзді бір бөлек айту.

Түбір сөз

Туынды сөз

өнер, ек, іс, жаз, ертең, жарыс

Жазушы, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, балапан.

21-жаттығу мақалды оқу, жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау.

22-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, туынды сөздердің астын сызу.Алматыдағы ең үлкен кітапхана - Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық, Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар.Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.

23-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Жұмыскер(туынды сөз), жұмысты сөздерін талдау.

Жұптық жұмыс

24-жаттығу сөздерді топтап жаз.

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың сынын білдіретін сөздер

ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз

өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны

- Қай сөз туынды сөз болып табылады?

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

VІІ. Рефлексия. Кері байланыс

Не ұнады?

Не қиын болды?

Ұсыныс, тілегің?

Ойлаудың алты қалпағы, бағдаршам, смайлик арқылы бағалау.

Кейінгі тапсырмалар

25-жаттығу



© 2010-2022