Ту тіккен Рақымжан. Кәкімжан Қазыбаев

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан. Кәкімжан Қазыбаев Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілген жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүйюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер . Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Мәтінде кім туралы әңгімелейді? Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?(түрік балуаны Нұрлы) Жекпе-жек немен аяқталды? (жеңіспен) ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті? (ұшақ).Балуандар күресі жайында тағы не білесің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Ұлы Отан соғысы жайлы не айтар едің? Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.Рейхстаг деген не? Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды?Ту тігу үшін командирРақымжанды неге таңдады?Командирдің тапсырмасы қалай орындалды? Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945 ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті? ҮІІ: Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Түсініп оқу.ҮІІІ. Бағалау


© 2010-2022