Открытый Урок по тему КӨКТЕМ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көктем келбеті
Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.
Әдіс - тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
- Мен сендерге мынадай жұмбақ - өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап
отырыңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай - салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады.
Бөбектерім айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? - деп ойлайсыңдар.

- Неге көктем деп ойлайсыңдар?
- Көктемде жерде қар ериді.
- Көктемде неше ай бар?
- Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем қай айдан басталады?
- Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
- Ағаштар бүршік жарады, құрт - құмырсқа тіріледі.

ІІ. Тақтаға көктем туралы сурет іліп, сол туралы әңгіме құрату.
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жоғалған сөздер».
Көктем....
... жылынды.
Жер....
Құстар.......

Сөздерді буынға бөлу: көктем, жылы, құстар, наурыз.

ІУ. Сергіту сәті.
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Жерге ырғалып жайқалған.

У. «Жақсы - жаман» ойыны.
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге
үйрету.
Ойын барысы:
1. Ағаштың бұтағын сындыру - жаман.
2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу - жаман.
3. Құстарға ұя жасау - жақсы.
4. Гүлдерге су құю - жақсы.
5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату - жаман.
6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру - жаман.
7. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беру - жақсы.

Таңғажайып сәт.

Бәйшешек кіреді.

- Мен көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешекпін. Менің достарым жоқ. Мына жерден сендердің ән айтып, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер менімен дос боласыңдар ма?

- Иә!

Жүргізуші: Онда бізбен бірге болып, балалардың өнерін тамашала.

Бәйшешек: Ендеше мен бір би ала келдім, менімен қосылып билеңдер балалар.

«Гүлдер» биі. (қыздар билейді).

Бүршік шашып, жапырак ашып, Даланы гүлдер басады. Сұлу коктем есігін ашып, Шуағын бизге шашады.
Жасыл көктем келеді Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе Мөлдір тамшы төгеді.
Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Көктемдей таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Шаттық шеңбер:

-Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық. Бір-бірімізге күлімсіреп,алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасайық.Қанекей балалар саусақтар арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл-күйімізді таратайықшы!

Бір-біріне алақандарын жақындатады.

-Біздің шеңбернеге ұқсайды екен?

Балалар: -Күннің шуағына.

-Балалар сендердің бүгінгі көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды.Сондықтан күн шуақтарын сендердің есмдеріңмен атаймыз.

(Балалар үстел үстінен өздерінің аттары жазылған кун жолақшаларын алып фланелеграфтағы дөңгелектің айналасына жапсырады да өзінің атын атайды)

- Менің атым Айзада

- Менің атым Асан

- Балалар, қандай жарқыраған көңілді күн болды. Бізге бізге беріп тұрған жылуын сезіп тұрсыңдар ма? Балалардың жауабы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел, қосылып айтайық бір бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Қонақтардың бәріне айтамыз біз...

Балалар: Сәлем!

Тәрбиеші: Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел орманым әнменен

Қарсы алайық көктемді.

- Балалар, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?

- Балалардың жауабы

-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі

- Бір жылда төрт мезгіл бар - қыс, көктем, жаз, күз.

Слайд: Жыл мезгілдері(төрт мезгіл көрсетіледі)

- Көктем айларын атаңдаршы?

- Көктем айлары: Наурыз, сәуір, мамыр.

- Көктемнің белгілері қандай?

- Көктемде күн жылынады.

- Қар ериді.

- Құстар ұшып келеді.

- Аңдар оянады.

- Жаңбыр жауады.

- Гүлдер жайнайды.

- Ағаштар бүршік жарады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Слайдпен жұмыс жүргізу: слайд суреттерін әңгімелеп беру.

- Орманда аңдар оянады деп айттыңдар, қане орманда не болып жатыр екен?

Осы кезде музыка ойналып

-« Алақай көктем келді! Көктем! Ояныңдар, ояныңдар!», - деп қарлығаш ұшып келеді. Көктем деген қыстағы

Әніміз ғой айтатын

Көктем деген құстар ғой

Туған жерге қайтатын.

Аю (қорбаңдап):- « Бұл кім өзі мені ұйқымнан оятқан?

Мен аюмын, аюмын!

Көктемді мен сүйемін.

Балды жақсы көремін,

Балпаң - балпаң билеймін» - деп аю келеді.

Тышқан інінен шығып:

-«Мен еңбексүйгіш тышқанмын. Еңбек еткенді жақсы көремін. Көктемнің жылуын әбден сағындым. Достарыма барайын» - деп кетеді.

Қоян:

Көктем келді көңілді!

Секіремін қуанып.

Кел, достарым көктемді,

Қарсы алайық жыр салып.

Қарлығаш: - Күн нұрлы шуақтарын төгеді.

Тышқан: - Қар еріп кетті.

Қоян:- Құстар оралып тамаша ән салады.

Аю: - Бәйшешек гүлдері жайнайды.

Қол ұстасып шеңбер бойымен айналып: - «Көптен күткен, келді көктем. Алақай!» - депшулап билейді.

Балалар, көрдіңдер ме ормандағы аңдар, құстар барлығы көктем келді деп өте қуанып жатыр.

Балалар, мен сендерге «Көктем келді» Б. Серікбаев ақын ағамыздың өлеңін оқып берейін. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Кейін менің сұрақтарыма жауап бересіңдер.

«Көктем келді»

Күн сен неге күркірейсің? Құлын, неге құлдырайсың?

Көктем келді! Көктем келді!

Көктем келді! Көктем келді!

Жаңбыр, неге сіркірейсің? Гүлдер неге жайнайсыңдар?

Көктем келді! Көктем келді

Көктем келді! Көктем келді!

Бұлақ, неге сылдырлайсың? Құстар неге сайрайсыңдар?

Көктем келді! Көктем келді!

Көктем келді! Көктем келді!

Балаларға сұрақтар қою, толық жауабын алу.

Сергіту сәті: «Көктем келді гүл алып»

Балалар-ау, балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Қос білекті сыбанып,

Жүгірейік қуанып.

Қыр басына шығайық,

Көктем тілін ұғайық.

Қызғалдақты терейік,

Теріп үйге келейік.

Гүлдендірсін үй ішін,

Шықсын жұпар иісі.

Ойын: «Ненің дауысы?»

Құстар мен аңдардың дауысы компьтерден тыңдалады. Балалар ненің дауысы екенін тауып айтып беру керек. Содан кейін слайдтағы суреттерін көрсетіп, дауыстарын салыстырады.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, наурыз айында қандай мерекелер өтті?

-8 Наурыз - Аналар мейрамы. 22 Наурыз-ұлыстың ұлы күні.Наурыз - жыл басы.

Аналарға дайындаған тақпақтарын кім айтып береді?

(Тақпақтар айтады)

-Дұрыс айтасыңдар, Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түнтеңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жылдеген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. . Әншырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, наурыз көже пісіреді, ұлттық ойындар ойнайды.

Наурыз туралы кім тақпақ біледі?

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді. Рустем

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта-тағы бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар. Әмина

Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

- «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ»«Шертпегімді тап», «Дауыста, атыңды айтамын», «Белбеу тастау», «тоғыз құмалақ»...

- Қандай ойынды жақсы көресіңдер?

«Шертпегімді тап» ойыны ойналады

«Шертпегімді тап» - айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан, не болмаса, басының бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады. Жүргізуші қолын қоя беріп «Шертпегімді тап» деп, енді иығындағы орамалды алып, отырған ойыншының арқасынан ұра бастайды. Ал ойыншы таяқты көп жемеу үшін тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, күй тартады. Егер тауып алса, шерткен адам жаза тартып, жаңағы өнерді сол көрсетеді. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді.[1]

Мақал-мәтел айту:

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді.

Сәуір болса күн күркірер.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Қорытындылау:

Сурет арқылы әңгімелеу

Жұмбақ жасыру:

Ауада бір құстай шарлар,

Қара да күмістей ағарар. (Жаңбыр мен бұлт)

Биіктен ұшар, биікке қашар. (Жаңбыр, су буы)

Бір жапырағым бар, жартысы ақ, жартысы қара. (Күн, түн)

Бір ағашым бар: 12 алмасы бар. (Жыл он екі ай)

Жеті ағайынды бір-бірден өтер,

Саны жетімен бітер. (Апта күндері)

Ойын: «Гүл жинау»

Балалар енді орманға барып гүл жинап алайық. (Жасыл түсті матаны жаямыз. Үстіне гүлдерді тастаймыз. Балалар бір-бір гүлден алып қонақтарға тілек айтып сыйлайды. ) Сабақ аяқталады


© 2010-2022