Ашық сабақ Дақылдар әні

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Дақылдар әні.Ашық сабақ Дақылдар әні.Ашық сабақ Дақылдар әні.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі


№63 негізгі орта мектеп







2б сынып жетекшісі: Н. Молдабекова




Шымкент

Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға дәнді дақылдардың пайдасы, құрылымы, түрлері туралы түсінік беру. Дәнді дақылдар туралы ұғымдар мен мақал мәтелдер туралы түсіндіру.

Оқушылар білімін жан -жақты кеңейту . 2.Дамытушылығы:

Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ойлау өрісін кеңейту, мәнерлеп оқуға машықтандыру. Тіл тазалығын сақтап, халық мұрасын қастерлеуге баулу. 3.Тәрбиелігі:

Сабақты ұлттық педагогикамен байланыстыра отырып, ұлттық өнерге баулу. Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада электронды оқулық, дәнді дақылдар суреттері. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, аралас сабақ .

Сабақтың әдісі -тәсілдері: түсіндіру, сұрақ -жауап . Пән -аралық байланыс: ұлттық дүниетаным, қазақ тілі, математика, еңбек . Технология: топтастыру .

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

а. Сәлемдесу. *Үлкенге де сіз, *Кішіге де сіз. *Адамзатты құрметтеп, *Бас иеміз біз.

ә. Сынып тазалығына көңіл аудару.

б. Оқушылар қатысымын қадағалау.

в. Құрал- жабдықтарын түгелдеу

г. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

  • Қане балалар үйге қандай тапсырма берілді?
  • Ақылды көмекші. Нұрымхан Бөкейханов.
  • Оқушылардан мәтін мағынасын сұрау.
  • Сұрақ -жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
  • Айгүл әкесімен әуежайға не үшін келді?
  • Неліктен билет ала алмай қалды ?
  • Айгүлдің сұрағына кім жауап берді?
  • Айгул «Сирена»жайлы не білді?

З.Ой ашар.

Балалар олай болса Сиренаның (компьютердің) бізге жасырған ребусын шешіп, Айгүл мен ата-анасының Киевке ұшуына көмектесейік. Яғни бізде Айгүлдің ақылды көмекшісі болайық,жарайма?

Оқушылар сұрақтарға жауап берген кезде тақтадан дәнді дақыл көріну үшін ребус шешеміз.


1.Балық сөзіндегі бірінші әріп. 2.Ит сөзіндегі бірінші әріп. 3.Доп сөзіндегі бірінші әріп. 4.Ай сөзіндегі бірінші әріп. 5.Ине сөзіндегі бірінші әріп.

Бидай






  • Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды қолға ұрамыз.

Бір отырып ,бір тұрып,

Біз демалып аламыз.

Сергіту сәтін өткеннен кейін тақтада көрінген дәнді дақылдарға байланысты сабақты әрі қарай жаңа тақырыппен байланыстырамын

З.Жаңа сабақ.

«Дақылдар әні»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Балалар біз не көріп тұрмыз?
  • Егістіктегі бидайды
  • Ия дұрыс айтасыңдар.
  • Бидайды көріп тұрмыз.

*Дүниетану сабағында бидайды қай топқа жатқызамыз? *Өсімдіктер тобына.

*Өсімдіктердің қандай түрлерін білеміз?

*Жабайы және мәдени өсімдіктер.

*Бидай өсімдіктің қай түріне жатады?

*Мәдени өсімдікке жатады.

4.Мағынаны тану.

Мұғалім түсіндірмесі:

*Әрине балалар мәдени өсімдікке жатады.Олай болса біз бүгін балалар мәдени өсімдіктерге жататын дәнді дақылдармен танысып, дақылдар әнін тыңдаймыз. (Дәнді дақылдарды оқушыларға көрсетіп жүріп түсіндіремін). Дәнді дақылдарың бірі бидай-біржылдық азықтық өсімдік. Бидай жемісі-дәнек. Суыққа төзімді. Балалар және қандай дәнді дақылдарды білеміз. Дәнді дақылдарды көрсетіп атын атау. Бидайдан балалар ас анасы- нан жасаймыз. Арпа-малазықтық өсімдік. Бидай сұлы сияқты суыққа төзімді. Адамдар арпадан ботқа дайындап, ем ретінде пайдаланады. Тарыны балалар бәріміз білеміз. Тарыдан талқан,майсөк, тарыкөже жасаймыз. Бағалы азықтық өсімдіктерге жатады. Сұлы- негізінен малазықтық өсімдікке жатады. Суыққа төзімді. Сұлының емдік қасиеті көп болғандықтан, сұлыдан талқан жасап, сүтке араластырып, ем ретінде пайдаланады. Күріш жылуды, ылғалды, жарықты, құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Күріштің де сабаны, дән жармасы, кебегі малға азық. Күріш қайнатпасы асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріш егіп өсіруде Қызылорда облысы Шиелі ауданының звено жетекшісі Ыбырай Жақаевты мақтан тұтамыз. Ол әр гектардан 174 центнерден күріш жинап, әлемдік рекорд жасады. Күріш дәнінен ботқа, палау жасаймыз. Күріш суда өседі. Олай болса балалар Әдібай Табылдиевтың «Дақылдар» әнін тыңдап көрейік.

5.Оқулықпен жүмыс.

*Дақылдар әні.

Бидай:

Нан анасы-бидаймын,

Елге астық сыйлаймын;

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Арпа:

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс-құтты арпамын.

Еңбек етіп,баптаған

Еліме сый тартамын!

Тары:

Ақ,қарамын,сарымын:

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Сұлы:

Мен сұлымын, ұланның Тұлпарына ұнадым.

Баптаған әр диқанға Басымды иіп тұрамын.

Күріш:

Күнді сүйген күрішпін:

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

6.Ой қозғау.

Олай болса балалар біз өткен сабақта бидай мен қаңбақ туралы мысалды оқығанда бидай туралы біраз мағлұмат алған болатынбыз. Сондағы бидайдың сөзін есімізге түсіріп, кім айтып береді?

Гүлназ:

*Біздің жиғанымыз дән,

*Айналамыз толған ән...

*Абырой да, даңқта,

*Ерлік те,жеңісте

*Барлығы осы егісте...

7.0й ашар. *Балалар олай болса біз қазір «Жем шашар» ойынын ойнаймыз. Ойын ережесі бойынша үй құстарына жем шашу үшін құстар таңдаған оқушы сабақ тақырыбына байланысты бір шумақ өлең оқиды.

*Арман:

Бұл жерде -бапкер қол мен тер керегі,

Тер төксең, бар асылын жер береді.

Масағы ақ бидайдың тыным таппай,

Жалындай жирен аттың тербеледі.

Назерке:

Ақ бидай. Асыл дала, қызыл қырман.

Қампиып ырысы мол күз құлпырған.

Тасыған дән маржаны дариядай,

Молшылық басталады біздің қырдан.

Абзал:

Аш ішекті тойдыратын бір таба нан

Аш көзді тойдыра алмас бүкіл жаһан

Дастархан басындағы дәмді бөлме,

Тасынсаң тәубеңе кел ұнды көрде.

Аяулым:

Ақ күлшеге қол созады балбөбек,

Алтыннан да,гауһарданда ол бөлек.

Ақ аспандай дастарханды ашады,

Күн сияқты қып-қызыл нан дөңгелек.

Нұрдәулет:

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

7.Сергіту сәті.

*Жарайсыңдар балалар, олай болса нанды қадірлеп, қастерлеуге байланысты талаптарды еске түсіре отырып, сергіту сәтін жасайық.

*Нан қоқымын шашпаңдар,

*Жерде жатса баспаңдар.

*Теріп алып қастерлеп,

*Торғайларға тастаңдар.

Балалар енді дақылдар әнін өзіміз оқып көрейікші. Дақылдар әнін оқушыларға оқыту. Балалар олай болса біз осы дәнді дақылдарға байланысты мақал- мәтелдер білеміз бе? Қане, есімізге түсіріп, ойланайықшы.


  1. Топтастыру.

Оқушыларға «Бидай мен қаңбақ» тақырыбында айтылған, мағынасы түсіндірілген мақал-мәтелдерді еске түсіріп, дәнді дақылдар мен егіншілікке байланысты мақал-мәтелдерді топтастыру.


  1. Ашық сабақ Дақылдар әні.

    Дәптермен жұмыс.

Осы бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыстан соң, дәптермен жұмыс жүргіземін .

Ондағы мақсат: дәнді дақылдарды қадірлеп, қастерлеуге, мақалдың айтылуын, жазылуын есте сақтау, әріптерді, сөздерді көркем, сауатты жазуға дағдыландыру.

Мақал.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.


  1. Қорыту.

Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытамын. 1.Балалар тамақ, білім, өнер ненің арқасында болады? (Еңбектің) 2.Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

*Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

*Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

*Еңбек-ер атандырар. 3.«Нан анасы-бидай» дегенді қалай түсіндік? 4.Жан-жануарлар үшін дақылдың пайдасы неде?

  1. Бағалау.

Оқушылардың ынтасына, білімділігіне, ерекше тапқырлықтарын ескеріп, бағалаймын.


  1. Өлеңді мәнерлеп оқу, дәптерге дақылдар суретін салу.


© 2010-2022