Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы. Мұхтар Шаханов (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін

тиянақтау,пысықтау.Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып,өлеңнің

мәтіндік мазмұнын,негізгі идеясын ашу.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өзара

жолдастыққа,адалдыққа,адамгершілікке,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын және байланыстырып сөйлеу

мәдениетін дамыту.

Көрнекілігі: М.Шахановтың суреті,тірек сызбалар,ВЕНН диаграммасы,үлестірмелі карточкалар.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

-Амандасу

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару

-Қазір қандай сабақ?

-Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше,өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса барлығымыз сабаққа белсене қатысып отырайық.

(Оқушылар үш топқа бөлініп отырады)

Психологиялық дайындық

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбек ету.

ІІ Үй жұмысын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесінің мазмұнын айтужәне мазмұны бойынша сурет салу.Шоқанға сипаттама беру.

-Өткен сабақта мәтіндіүш топқа бөліп ат қойғанбыз.Ол бөлімдер қалай аталады?

-І бөлім «Көңілсіз жай»

-ІІ бөлім «Әкесі Шыңғыстың тапсырмасы»

-ІІІ бөлім «Өтеуін өтеу»

Олай болса әр топ берілген тапсырмаға жауап береміз.

І топ сұрақтары: Ұрыс не үшін болды?

Кімдердің жылқышылары ұрыс шығарды?

ІІ топ сұрақтары: Егіншілер нені талап етті?

Жер қорушы Шоқанға не айтты?

ІІІ топ сұрақтары: Егіншілердің төлеуіне не берді?

Төлеуін бергізуге кім себеп болды?

Оны Шыңғыстың қай сөзінен аңғаруға болады?

-Өте жақсы

(Әңгіме бойынша салған суреттерін жинақтау)

-Әңгіме кім туралы болды?

-Балалар оқу жылының басында Шоқан туралы кімнің әңгімесімен таныстық?

-М.Дулатовтың «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесімен.

-Олай болса «мейірім» әңгімесімен «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесіндегі Шоқанға сипаттама берейік.

(оқушылардың жауаптарын тыңдау мейірімді,ғалым,саяхатшы,Потанин досы т.б)

-Потанин деген кім?

-Досы

-Дос дегенді қалай түсінесіңдер?

Дос -ақылшы,көмекші,жақын,адал,шыншыл

ІІІ Жаңа сабақ

-Олай болса біз бүгінгі сабағымызда М.Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» деген өлеңімен танысамыз.

М.Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған.Аса көрнекті қазақ ақыны,мемлекет қоғам қайраткері.Шығармалары дүниежүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылған.Ол 1993-2003 жылдар аралығында Қырғыз Республикасында елші болды.Сонымен бірге Қырғыз Республикасының халық ақыны атанды.Қырғыздың ұлы жазушысы Ш.Айтматовтың досы болған.

-Ендеше барлығымыз оқулығымызға назар аударамыз.

(Оқушыларға өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беру)

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Өлеңдегі нағашы сөзін қалай түсінесіңдер?

-Балалар,өлеңдегі оқиғаны кім әңгімелеп береді?

-оқушылардың әңгімелеуі

-Өте жақсы.

ІҮ Дәптермен жұмыс

-Дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын,тақырыпты,тіркес сөздерді жазып аламыз.

Ү Сөздік жұмыс

-Өлеңдегі сәбилік шаққа байланысты айтылған тіркестерде табайықшы.

-Сүттей аппақ аңғал,бейқам,балбұлақтай,кқңіліміздің айдынында күн жүзді.

ІҮ Оқулықпен жұмыс

-Өлеңді оқушыларға оқыту.

ҮІІ Сергіту сәті:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ,жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы.


-Өте жақсы отыра қойыңдар.

-Балалар достық тек адамдар арасында болмайды.Сонымен бірге мемлекеттер,халықтар арасында да,достық,татулық болады.Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті бірлікте,достықта өмір сүріп жатыр.Оған куә 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында ел басының бастамасымен Астанада өткен тұңғыш рет дүниежүзілік саммитті айтуға болады.Оғае түрлі ұлт өкілдері мен меймандар келді.

-Ол біздің басқа елдер мен мемлекеттермен достығымызды,бірлігімізді көрсетеді.Біздің қаламызда да түрлі ұлт өкілдері бар.

-Олар кімдер?Орыс,кәріс,өзбек,қырғыз ..т.ь.барлығыда тату-тәтті бірлікте,достықта өмір сүрәп жатыр.

-Қазір балалар мен әр топқа тапсырма беремін.Барлығымыз бірігіп орындаймыз.

ҮІІІ Шығармашылық тапсырма

-І топ Достық,жолдастық туралы мақал-мәтел айту.

-ІІ топ Досыңа хат жазу

-ІІІ топ Досыңа сипаттама бер.

-Тапсырма түсінікті ме?

(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

-Барлығымыз тақтаға назар аударайықшы.

-Бұл қай әңгіме деп ойлайсыз?

-Жаман жолдас әңгімесі

-Әңгімені қкім айтып береді?

-Осы әңгіме мен бүгінгі өткен өлеңді салыстырып көрейікші.

Ой қозғау.ВЕНН диаграммасы

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Жаман жолдас Достық өлкесінің заңы

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

Осыдан кейін достықтың қандай түрлері иболатынын білдік.

-Бірі адал дос

-Екіншісі -жалған,амал дос.Осы достықтыңекеуіде өмірде кездеседі.

-Адал достықты қалай түсінесіңдер?

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

-Өте жақсы

-Ал амал,жалғандостықты қалай түсінесіңдер?

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

-Міне балалар достықтың түрлерін ажыратв бәлдәк.

-Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да,қимас та,қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі

ІХ Сабақты қорытындылау.

-Балалар біз қандай тақырыппен таныстық?

-Не білдік? Не үйрендік?

-Ақын бала кезін қалай есіне түсіреді?

-Ол кезде қандай оқиға болды?

-Балалар әжесінен неліктен қорықты?

-Әжесі баласын неге жазалаусыз қалдырды?

-Нағашы атасы жиенін қалай қорғады?

-Ендеше достық не үшін керек екенін айтайықшы?

-Достық не үшін қажет?

-Сөзіңді сөйлеу үшін

-Шындықты айту үшін

-Ойнау үшін

-Сабақта көмек беру үшін

-Қиналғанда көмек беру үшін

-Өмірді түсіну үшін

-Бірге жүру үшін

-Сырыңды айту үшін

-Дұшпаннан сақ болу үшін

-Өте жақсы

-Дос болу,досты қадір тұту,оның қасиетін бағалау өзіңе байланысты.

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,

Егер досың адал ниет жан болса,

Дос дегенің өмірдегі тірегің,

Орындалар армандаған тілегің!

-Сондықтан да досыңа адал,шыншыл бол.

Х Үйге тапсырма беру

Өлеңді мәнерлеп оқып келу.

ХІ Бағалау

Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)



Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)


Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.Мұхтар Шаханов (3 сынып)

© 2010-2022