Дүниетану сабақ жоспары. Тақырыбы: Малшаруашылығы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы

Базарбаева Жібек Махсутқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: дүниетану

Күні:

Сыныбы: 2 « Г »

Сабақтың тақырыбы:

Малшаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді оқып, мағынасын ашу.Өмірдегі маңызын түсіну

Күтілетін нәтижелер:

  • Мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстырады;

  • Мәтіннің идеясын ашады;

  • Өзгені тыңдап, өзінше жауап беруге үйренеді;

  • Мәтіннен өз бетінше қорытынды шығарады;

  • Жауаперкершілікті сезінуге үйренеді;

  • Өмірдегі орнын біледі.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер:

Сұрақ-жауап, қорытындылау,

Сабақ кезеңдері

уақыт

Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу

  • Көңіл-күй көтеру

Күлім қағып қолымды 1, 2, 3-деп соғайын, Қарап тұрып көршіме Қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы жүзбенен, Маңдайыңнан сипайын. Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын!

Оқушылар қарайды,тыңдайды,қайталайды.


Топтарға бөліну Дүниетану сабақ жоспары. Тақырыбы: МалшаруашылығыСиыр Дүниетану сабақ жоспары. Тақырыбы: Малшаруашылығықой Дүниетану сабақ жоспары. Тақырыбы: Малшаруашылығыжылқы Дүниетану сабақ жоспары. Тақырыбы: Малшаруашылығытүйе

Мұғалім үстеліндегі суреттерді таңдап, топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру барысында «Ия» немесе «Жоқ» тестін оқушыларға ұсынамын.

Бағалау

1дұрыс жауап-1ұпай

2дұрыс жауап -2ұпай

3дұрыс жауап -3ұпай

4дұрыс жауап -4ұпай

5дұрыс жауап -5 ұпай

Тапсырманы орындайды

жеке жұмыс

Сұрақтар

ия

жоқ

Жануарлар сүтқоректілер, құстар, балықтар,жәндіктер,қосмекенділер болып бөлінбейді.

Жабайы жануарларды адамдар өсіреді,қолға үйретеді,қоректендіреді,қорғайды.

Ағаш жапырақтары және шөппен қоректенетін жануарларды шөпқоректілер дейміз.

Үй жануарлары қорегін өздері табады,жауларынан қорғанады.

Қасқыр,түлкі,барыс,жолбарыс жыртқыш аңдарға жатады.

Өсімдікті де,жануарларды да жей беретіндерді талғаусыз қоректілер деп атаймыз.

Кірпі жыланнан қорқады,сондықтан оны жемейді.

Мақсат қою кезеңі

Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыларына мақсат қою керектігін айтамын.

Оқушылар бүгінгі сабақ үшін алдыларына мақсат қояды.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

5 мин

Әр топқа қосымша мәтін беріледі.

Берілген мәтінмен танысады

Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.

Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).

Қой- қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.

Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары - қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі.

Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Түйелер (лат. Цамелұс) - сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.[1]

Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі

14 мин

Малшаруашылығы мәтіні бойынша «Ойды қорытындылау» тәсілін пайдалану

  1. Үзінді

Мәтіннен негізгі ойды айтатын үзінді келтіру керек. Үзінді 2-3 сөйлемнен тұрады. Келтірілген сөйлемдеріңді мәтіннен көшірмей, өзіңнің түсінгеніңді жеткіз.


  1. Дәлел

Келтірілген үзінді неліктен мәтіндегі негізгі ойды ашады деп ойлайсың? Жауабыңды дәлелде,кем дегенде 3-4 сөйлем.


  1. Сұрақ

Осы берілген мәтін бойынша өмірмен байланысты 1 сұрақ.


  1. Жауап

Қойылған сұраққа бірнеше сөйлеммен жауап беру керек. Дәлелді түрде.


  1. Қорытынды

Мәтінге тағы қосарың бар ма? 2-3 сөйлем

«Ойды қорытындылау»

Сергіту сәті

3 мин Сергіту сәті. Тіктеп титтей құлағың Ботам былай жүреді Сыртылдатып тұяғын Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын Ойнақтайды ботақан Көкке қарай мұрынын Шүйіреді бұзауқан.

Оқушылар тыңдайды,көреді,қайталайды.

Бекіту кезеңі

14 мин

Тапсырма: Тиісті сөздерді қой

Тапсырма: Арнайы жіберілген қателерді тап.

Тапсырма: Мағынасын түсіндіру

«Ойлан-жұптас-талқыла»

Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау.

Тапсырманы орындайды

Тиісті орынға қажетті сөздерді қой

Ол сөз туралы шағын анықтама бер

1

Малшаруашылығы адамдарды тамақ өндірімімен, өндірісті ... қамтамасыз етеді.

2

Жануарлардың қиы топыраққа ... ретінде пайдаланылады.

3

Қазақстанда малшаруашылығы жақсы ....

4

Республикада мал жайылатын ... көп.

Қажет ті сөздер

жайылымдар, шикізатпен, дамыған, тыңайтқыш.

2 тапсырма

Арнайы жіберілген қателері бар сөйлемдер

Қай сөз қате қойылған, дұрысы қалай?

Сиыр ұсақ мал түріне жатады. Сиыр жылына бес рет бұзаулайды. Бұзау өскенше өзі тамақ тауып жейді

Қой мен ешкі жабайы малдар. Қой жылына алты қозы, ал ешкі төрт лақ туады. Қозы мен лақ алдымен шөп жейді, сонан соң барып енесінің сүтімен қоректенеді.

Жылқының еті, сүті тағам ретінде пайдаланылмайды. Биенің сүтінен шұбат жасайды. Шұбат адам денсаулығына өте зиян. Жылқыны көлік ретінде пайдалануға болмайды.

Екі өркешті түйені нар дейді.Олар жыл бойы ашық аспан астында да, ыстыққа да, суыққа да шыдай алмайды.Түйенің қою ,майлы сүтінен қымыз дайындалады. Түйе бір жылда екі рет боталайды.

Тапсырма Мағынасын түсіндіру

«Ойлан-жұптас-талқыла»

1-топ Мал өсірсең- қой өсір, өнімі оның көл көсір.

2-топ Жылқы малдың төресі. 2014-жылқы жылы.

3 топ Сиыр сауған шөлдемес

4 топ Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы.

Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі

Егер мен фермер болсам малшаруашылығының мына саласын өркендетер едім. Себебі.........

Топ жұмысын бағалау

Топ мүшелері

Үй тапсырмасы

«Ойды қорытындылау»

Тиісті сөздерді қой

Арнайы жіберілген қателерді тап.

«Ойлан-жұптас-талқыла»

Жалпы ұпай

Үй тапсырмасынан түсінбегенін сұрайды.



© 2010-2022