Шоқан мен өнерлі бала Мысық

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:09.04.2015 ж

Сыныбы: 2

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Бөрқұлақова Б

Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсініп оқу; кейіпкер заманы туралы түсінік алуға мүмкіндік беру; Шоқанның өмірі, шығармашылығы, балалық шағы мен досы Мысық жайлы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: Оқушыларға Шоқанның өмірі, шығармашылығы мен қызығушылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру; мәтіннің мазмұнын аша отырып, таным мүмкіндіктерін анықтау.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай туғыза отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тұлғалық нәтиже: кейіпкердің мінез-құлқының жақсы жақтарын ашып көрсете отырып, оқушыларды мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: СТО, АКТ, Оқытуды басқару мен көшбасшылық, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Оқу нәтижесі: Шоқан мен досы Мысық арасындағы достық жайлы және мүсін өнері жайлы оқып біледі.

Ресурстар: Әдебиеттік оқу,Интербелсенді тақта, Шоқан өмірі жайлы слайд, постер, маркерлер.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Негізгі дерек көздер мен ресурстар

3 мин

7 мин.





5 мин

7 мин


6 мин


2 мин

2 мин

3 мин


3 мин

3 мин

2 мин



1 мин

1 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Сәттілік»сергіту сәтін ұйымдастырамын.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Оқушылар түрлі түсті гүлдердің суреттері арқылы топқа бөлемін. Оқушыларды топ ережесімен таныстырамын. Үй тапсырмасын пысықтау үшін:

1-тапсырма:

«Сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіру» әдісін қолданамын.

Сұрақтары:

1.Өлеңде кім туралы айтылған?

2.Оның басқа балалардан қандай ерекшелігі байқалған?

3. Ерасылды халық тағы қалай атапты?

4. Тағы қандай қазақ халқының батырларын білесіңдер?

2-тапсырма:

«Бала Қабанбай» туралы жырдан үзіндіні мәнерлеп оқытамын.

Тапсырманы орындау үшін уақыт белгілеймін.

Топтағы оқушылар өзара бағалауды қолдана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуына талдау жасау қажеттілігін айтамын.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан ребус көрсетемін.

Оқулықпен жұмыс

Бүгін біз өздерің жақсы білетін Шоқан Уәлихановтың мүсінші досы туралы білгілерің келе ме? Олай болса, біз бүгін Шоқан Уәлихановтың балалық шағы жайлы жазылған Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасынан үзіндімен танысатынымыз жайлы хабарлаймын.Автор С. Бегалин жайлы қысқаша түсінік беремін.

Мағынаны тану

ЖИГСО әдісі бойынша мәтінді топтарға бөліп беремін.

Мәтінді өз сөзімен дұрыс айтқан оқушылар смайликтер арқылы бағаланатындығын ескертемін.

Сергіту сәті

Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында АКТ қолдана отырып «Қара жорға» әуенін қосамын.

Әңгімені талдай отырып сөздікпен жұмыс жүргіземін.

Жана сабақ бойынша топтарға «Ассосация» әдісі бойынша тапсырма беремін.

1-топ Шоқанға мінездеме беру

Шоқан

Мысық2-топ. Мысыққа мінездеме беру.

Екі баланың суреті (Мысық пен Шоқанның суреті)

-Балалар егерде олар осы қазір сендердің орталарыңда болса, қандай болар еді? Өз өнерлерін қалай дамытар еді?

Жаңа сабақты қорытындылау үшін

1. «Әңгіме кестесі» әдісі бойынша кестемен жұмыс жасатамын.Дұрыс толтырылғын кесте бойынша топтарға жұлдызша таратамын.

2.Жаңылтпашты жаңылмай оқу

Дара бала,

Дана бала.

Ана бала-

Қара бала

Оқиды Канадада,

Сөйлестім жаңа ғана.

-Бұл жаңылтпаштың кімді сипаттайды деп ойлайсыңдар? (Мысық)

-Мысықтың өнері қандай? (мүсіндеу).

-Есімізге түсірейікші, еңбек сабағынан мүсіндеу деген не?

Үйге тапсырма.
1. Мәтінді түсініп оқу, өз сөзімен баяндау.

2.Ермексаздан төрт-түліктің мүсінін жасап келу.

Кері байланыс

«Бағдаршам» суреті ілініп, оқушыларға стикер таратып беремін

Оқушылар сәлемдесті. Бір-біріне сәттілік тілеу барысында мыны өлең жолдарын айтады.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін,

Бәріңе сәттілік тілеймін!

Оқушылар топқа бөлініп, топ ережесімен танысады.Ережені сақтауға топ мүшелері келіседі.

Әр топ мүшелері сұрақтардың жауаптарын сәйкестендіру уақыттарын тиімді пайдаланады.


Оқушылар тапсырманың дұрыс орындалуына қарай өзара бағаланады.


Оқушылар топ болып ойласа отырып ребусты шешеді.

Жауабы: Шоқан


ЖИГСО әдісі бойынша топтар бірлесе жұмыс жасайды. Әңгіме бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды.Бағалау критерилері арқылы өзара бағалайды

Оқушылар би қимылдарын жасайды.

Сөздік жұмысы

Құйғыту - лезде, тез шабу

Қаршыға - аң аулайтын ірі құс. (ястреб)

Тобарсымаған, босаңдау - кеппеген, жұмсақ.

1 топ
Шоқанға мінездеме беру (А-3 қағазға тірек сызба арқылы жазу)

қайырымды
әділ
уәдеге берік
өнерді құрметтеу Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Мысықтың өнеріне қызығады

2 топ

Мысыққа мінездеме беру

өнерлі
зерек

мүсін жасайды
көргенін пайымдай алады

Балалар өз сөзімен ойларын ашық айтады.Сын тұрғысынан ойланады.

Топ мүшелері бірлесе отырып кестені толтырады.Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін пысықтайды. Топтар бір-бірін өзара бағалайды.

Балалар жаңылтпашты мәнерлеп, жаңылмай оқып шығады. Өнерлі бала Мысық және мүсін өнері жайлы айтады.



Балалар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, бағдаршамға іледі.

Интербелсенді тақта, слайд суреттері


Топ ережесі жазылған плакат

Сәйкестендіру тесті

(А4 парақшалары)


«Бала Қабанбай» оқулық бойынша суреттер

Интербелсенді тақта

Суреттер


Интернет, энциклопедия, оқулық, Балдырған журналы


Интербелсенді тақта


Тірек сызбалар, оқулық





Оқулық, кестелер


Интербелсенді тақта, мүсін суреттері



© 2010-2022