Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі


Алекенова Айжан Утегеновна

бастауыш сынып мұғалімі



Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр.Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.Иновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен түсіндіріледі?

Бірінші кезекте иновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне ебепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер,мектеп оқущылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, иновацияға үнемі орын табылады.

Ал жаңа өзгеріс нәтижесінде білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Иновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы.Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның ( бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі) мұқтаждығынан пайда болады.

Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагогика қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен анықталады.

Технология, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін мойындаулары қажет.

Жаңалық енгізу кезкелген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.

Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп өз қызметін үздіксіз жақсартуға және қайта құруға, оқу -тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.

Білім беру қоғамдық іс-әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдықдамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады.Дегенмен, кері байланыста бар.Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді.

Ол қоғамдық дамуды тездетуі немес тежеуі мүмкін.Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болп қоймай, қажеті шарттары да болып табылады.

Әрине педагогикалық иновайияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады.Мысалы, ізгілендіру үрдісінің дамуының негізгі шарты қоғамдағы саяси қайта құрулар және оның жұмыс істеу экономикалық механизмнің өзгеріс болып табылады.Дегенмен, білім беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізгі көпшілігі осы саланың қызметкерлері арқылы қалыптасады.

Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық бөлігі іспетті сол әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып алған экономиалық, саяси құрылымда арттырылады.

Мамандардың көрсетілуі бойынша, экономика мен ғылым саласындағы барлық ірі жаңалық енгізулер АҚШ-тың еншісіне тиіп отыр.

Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді.Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне мұғалімдерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.

Американдық зерттеуші С.Погровтың пайымдауы бойынша, педагогикалық қайта құрушылықтың тарихы-бұл үздіксіз сәтсіздік нәтижелерін тәжірибеде бекіту. Д.Тиак және басқада зерттеушілер педагогикалық иновацияның әдетте өмірінің қысқа болатынына көңіл аударады.

Инновациямен бірге өмір сүріп келе жатқан нәрсе , ол- жалғыз-ақ бақылауға оңай көнетін немесе қолданыстың жаңа саласын құрайтын құбылыс.

Әдеттегідей барлық сәтсіздіктің себептерін бәрінен бұрын табиғаттарынан керітартпа және селсоқ, жалқау, ұқыпсыз және қиялдау қабілеті төмен мұғалімдерден іздейді.Дегенмен басқа саладағы жағдайға осыған ұқсас «Инновация және кәсіпкерлік» деген кітабында П.Друкер негізгі шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің толық көрінісін суреттейді, оның ішінде жаңа идеялар жемісті және ұзақ мерзімдік инновация адам қызметінің кез келген саласында қарастырылады.

Ол адамзат тарихындағы көптеген алдыңғы қатарлы идеялар мен өмірдегі өзгерістер тамырын кең жайып кете алмағанын көре білді.Олардың көпшілігі жай ғана қызықты идеялар түрінде ғана қалып қоятын болған.

Жаңа идеялардың тағдырына қатысты ол төмендегідей қорытындыларға келеді:

-идеялар айқын мақсатты көздеген және оларды жүзеге асыру мен тарату тәсілдері қалыптасқан жағдайда ғана сәтті инновация бола алады;

-инновация жемісті болу үшін ол аз және өте нақты нәрседен басталуы қажет;

-ақпаратқа негізделген өзгерістің сәтті болуы екіталай,алынып отырған ақпаратоңай жолмен келсе немесе арзанға түссе ғана өз жемісін береді.

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек.

Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықыла білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек .

Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді,олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.

«Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды.

Сондықтан оларды негіздеуге тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен нгеізгі мақсаттарын ескеру қажет.

Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-зімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссызтәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды» дейді А.Найн.

Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды.

Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол инновацияға қысқа мерзімді , өткінші ғана құбылыс деп қарамайды.

Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді.

Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.

Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызеттің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді.Педагогикалық инновациялар білім берудің ішкі жүйесіндегі адамдар қызметінің нақты нәтижесі болып табылады.А.Колодин мен С.Смирновтың пікірлерінше, педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап, жүзеге асырған жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен қызметкерлері жасаған жаңалықтар.

Сонымен қатар білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің барлығын авторлар педагогикалық инновацияға жатқыза алмайды. Бұл категорияға олар білім берудің қоғамдық жағдайлары өзгерісін, оның мәртебесінің жоғарылауы мен қаржыландырудың өсуі сияқты мысалдарды жатқызады.

Бұл бәрінен бұрын қандай да бір әлеуметтік үрдістің нәтижесі, қоғамның саяси бағытындағы өзгеріс немесе қайта құру, яғни саяси қайта құрулар нәтижесі.

Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация болып табылмайды, - бұл бұл инновацияның компьютерлік техника саласына енуі, оқу құралдарының өндірілуі.

Білім беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық инновация деп атауға болмайды. Бұл дұрысында білім беруді басқару саласындағы инновация.

Басқару инновациясына мектеп ұйымының ішкі қызметіндегі кейбір жаңадан енгізілген нәрселерді жатқызуға болады.

Кең ауқымды инновациялық қозғалыс - қайта құру үшін қажетті құбылыс.Оның өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс құруды жүзеге асырудың маңызды шарты ғана емес, оған дайындық құралы болып табылады.

© 2010-2022