4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4- сынып

Тақырыбы: Күрделі сөздер

Мақсаты: 1.Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру,

күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап

беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын ұғындыру;

2.Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра

білуге үйрету, тілін, сөздік қорын арттыру;

3.Күрделі сөздерді пайдалана білу біліктіліктерін арттыру,

сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, салыстыру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, тірек-сызба

топтастыру.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекілігі: тірек сызба, интерактивті тақта

Формасы: аралас сабақ

Күтілетін нәтиже:

- күрделі сөздер туралы түсініктері қалыптасады

-тілі, сөздік қорлары артады

-ойын арқылы ой-өрістері кеңейеді

- топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа үйренеді

- жауапкершілік қасиеттері артады

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу.

Балалар, сын есімдерді қатыстыра отырып, бір-бірімізге«Жылылық сөздер айтайық»

  • Сен сұлусың,сен әдемісің, сен көркемсің, сен әсемсің, сен ақылдысың, білімдісің, тапқырсың, ақ көңілсің т. б,

Сыныпты топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау

1-топ: «Білімділер»

2-топ: «Білімпаздар»

3-топ: « Тапқырлар»

Сабақ соңында әр оқушыны топ басшылары жинаған балдары бойынша бағалау керек.

II. Өткенді пысықтау ,бекіту.

1-топ: Мәндес сөздер айту.

Ержүрек, батыл, батыр, қайсар.

Арман, қиял, мақсат.

2-топ: қарама-қарсы мағыналы сөздер айту.

Айту-айтпау, арзан-қымбат, жақсылық-жамандық.

3-топ: әртүрлі мағына беретін сөздер айту.

Көрші -үйдің қасында тұратын адамдарды айтамыз.

Көрші- етістік сөзі мағынасында қолданылады.

Әр топтан екі оқушыдан.

« Блиц-турнир» ойыны. ( слайдтан көрсету)

1. Алды -(не істеді?) дара етістік

2. Бақташы- (кім?) туынды зат есім

3. Астана-( не?) зат есім, жалқы есім

4. Қызыл- ( қандай?) дара сын есім

5.Әдемі-(қандай?) дара сын есім

6. Аурухана - ( не?) зат есім, жалпы есім

7. Алабұға- (не?) зат есім, жалпы есім

8. Он тоғыз - (қанша?) күрделі , есептік сан есім

9. Айтты- (не істеді?) дара етістік

10. Қалың -(қандай?) дара сын есім

11.Жезқазған - ( не?) зат есім, жалқы есім

12. Ақшыл қызыл- (қандай?) күрделі сын есім

Әр топтан қол көтерген оқушыдан сұралады. Дұрыс жауап тақтадан көрсетіліп тұрады.

Жаңа сабақ:

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін « Сиқырлы сандықтардың» тапсырмаларын орындаймыз. Бірінші сандықтың тапсырмасын оқиық.

Қора, қара, қызыл.

Екінші сандықтың тапсырмасын оқиық. Қап-қара, Қызылорда, қора-

қора.

4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер

Екі сандықтан шыққан сөздерді салыстырайық, не байқадыңыз?

  • Бірінші сандықтан шыққан сөздер дара, себебі, бір сөзден ғана құралған.

  • Дұрыс, ал екінші сандықтан шыққан сөздер арқылы не айтасыңдар?

  • Екі түбірден жасалған сөз, Қызылорда, бір сөздің қайталануынан жасалған сөз, қора-қора.

  • Күшейтіп айтылған сөз, қап-қара (күшейткіш буын арқылы жасалған)

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл сөздер- «Күрделі сөздер» деп аталады.

  • Тағы да қандай күрделі сөздер білесіңдер?

( Оқушылардың жауаптарын тыңдау) Мысал келтірейік.

  • Жап- жарық- күшейткіш буын арқылы айтылып тұр.

  • Екібастұз - үш түбір сөздің бірігуі арқылы айтылып тұр.

  • Жүре - жүре -бір сөздің қайталануы арқылы айтылып тұр.

  • Өте дұрыс балалар, әрі қарай күрделі сөздер туралы білгілерің келе ме?

  • Бүгінгі күннің жадын жазайық.

Дәптермен жұмыс:

Күн жадын жазу. Көркем жазу минуты. КК КК

Күрделі сөздер

Кенжебек , Күнсұлу, отыз бес, кең байтақ, күнбе-күн

Сөздердің мағынасын ашып, талдау. Кенжебек, Күнсұлу - жалқы есім,кісі аттары екі түбірдің бірігуінен жасалып тұр.

Отыз бес- күрделі сан есім, тіркесу арқылы жасалып тұр.

Кең байтақ- сын есім, тіркесу арқылы жасалып тұр.

Күнбе - күн қос сөз.

Оқулықпен жұмыс.

  1. жаттығу. Екі бағандағы сөздерді оқу , салыстыру. Оларға сұрақ қою.

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру.

Арқармүйіз- не? оюдың аты, түрі. Суретін көрсету

Жолсерік- кім? Көліктерде билет тексеруші адам.

Балалар, жолсерік сөзін орыс тілінде, ағылшын тілінде білесіңдер ме?

Жолсерік проводник railler

Сары ала көйлек. Қандай ?- сары ала

Бұл сөздер күрделі сөздер . Тірек сызба

Екі немесе одан да

Күрделі сөздерСөздерден тұрады Ерекшелігі бір сұраққа

жауап береді

бірігуі қосарлануы

тіркесуі

1-тапсырма: Кестемен жұмыс: Әр топтан үш оқушы үш сөзден жазу.

Бірігуі

Тіркесуі

Қосарлануы

Айгүл

Қызыл ала

Жүре-жүре

Қосаяқ

Отыз бес

Ауыл-аймақ

итмұрын

Ақ құба

Жан-жануар

2-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді салыстырып , қай бағанда күрделі сөздер, қай бағанда сөз тіркестері екенін дәлелдеу. Слайдтан көрсету.

1-топ: отыз қой отыз сегіз

2-топ: қызыл шар қызыл ала

3-топ: ақшыл мата ақшыл сары

Әр топтан екі оқушыдан жауап беру. Сөздерге сұрақ қою.

3-тапсырма: Топпен жұмыс.

«Білімділер» Мақалдың жалғасын табу және мағынасын ашу.

Көре-көре көсем боларсың,... /Сөйлей -сөйлей шешен боларсың./

Жылай -жылай арық қазсаң,... /Күле-күле су ішерсің./

«Білімпаздар» Берілген өлең шумағының авторын табу.

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда. / Абай Құнанбаев/

«Тапқырлар» Жұмбақ шешу.

Тарбаң-тарбаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған. / тасбақа/

Бір тілім боп туады,

Күннен-күнге толады,

Дөп-дөңгелек болады. /ай/



  1. Берілген тапсырмалардан күрделі сөздерді табу.

  2. Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажырату.

(Әр топтан оқушылардың жауаптары тыңдалады. )

Сергіту сәті: Жаза-жаза жазуды,

Әп-әдемі жазамыз.

Шаршап кетсе қолымыз,

Сәл демалып аламыз.

4- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу. Күрделі сөздерді тауып, астын сызу.

Тап-таза , жып-жинақы , Шымбұлақ , Көктоған , қара көк , он бес.

Әр топқа математикалық бағытта дыбыстық талдау жасау.

1 топ: Шымбұлақ

2топ: Көктоған

3 топ: қара көк

1-топ: Шымбұлақ - екі түбір сөздің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз.

8O = 3 + 5 3 буын= (Шым) -бітеу буын

3 =жуан - 3(ы,ұ,а) (бұ)- ашық буын

жіңішке-Х ( лақ)-бітеу буын

5 = қатаң - 2( ш, қ)

ұяң- 1(б) тасымал-2 Шым- бұлақ

үнді - 2(м,л) Шымбұ-лақ

2-топ: Көктоған- екі түбір сөздің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз.

8O =3 +5

3 =жуан-2 (о,а)

жіңішке -1(ө)

5= қатаң - 3(қ,к,т) 3 буын=(көк)-бітеу буын

үнді- 1(н) (то)- ашық буын

Ұяң- 1(ғ) (ған)- бітеу буын

Тасымал- 2 Көк-тоған

Көкто- ған

3- топ: қара көк - екі түбір сөздің тіркесуі арқылы жасалған сөз.

7O = 3+4 3буын= (қа)- ашық буын

3 3 = жуан 2(а,а)_ (ра)- ашық буын

жіңішке 1(ө) ( көк)- бітеу буын

4= қатаң -3(қ, к, к,)

ұяң - х тасымал -2 қа-ра

үнді -1(р) қара - көк

Оқушыларға талдау жұмыстарын орындарынан оқыту. Интерактивті тақтадан көрсету, тексеру.

Қорытындылау:

Ойын: « Берілген сөздерді киіз үйлерге орналастыру»

4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер4 сыныпка күрделі сөздер тақырыбына арналған Күрделі сөздер

Тіркесінен бірігуіненқосарлануынан

1 топ 2-топ 3-топ

Жиырма тоғыз өнеркәсіп , ақсүйек жан-жануар

күрең қызыл Ақтау үлкен-кіші

Әр топтан үш оқушыдан шығу.

Үй тапсырмасы: 5-жаттығу, 65 бет. Күрделі сөздердің астын сызу.

Бағалау. Әр оқушыны тапсырмаларды орындауына, жауап беруіне

қарай кесте бойынша балдық жүйемен топ басшылары бағалайды.

12 балл - «5» 9 балл- «4» 6 балл- «3»

Оқушының

аты- жөні

№1 Өткен сабақты бекіту

1 балл

№2 «Блиц турнир» ойыны

1балл

№3 Жаңа сабақ

«Сиқырлы сандық»

1 балл

№4

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

2 балл

№5 Кестемен жұмыс

2 балл

№6 Топпен жұмыс

3 балл

№7 Қорытындылау. «Сөздерді киіз үйлерге орналастыру»

2 балл

Жалпы балл







© 2010-2022