- Преподавателю
- Начальные классы
- Бірлігіміз жарасқан көпұлтты Қазақстан
Бірлігіміз жарасқан көпұлтты Қазақстан
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Презентации |
Автор | Мурынова А.О. |
Дата | 04.04.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
1-аялдама Қазақстанның солтүстік өңірі. Ғалымның деректеріне сәйкес, 1937 жылдың аяғына дейін кәріс халқын Қазақстан жерінде толығымен қоныстандыру жоспарланған болатын. НКВД бұл жоспарды қазан айында орындап шықты. Сол кезде 124 эшалонмен 171 781 адам Солтүстік Қазақстан аумағына көшірілді. «Мінеки, осылай тоталитарлық режимнің кесірінен кәріс халқы әлеуметтік-экономикалық, мәдени және демографиялық қиыншылықтарға тап болды. Олардың барлық құқықтарына шектеу қойылды - әскер қатарында қызмет етуге, жоғары оқу орындарында білім алуға рұқсат берілмеді. 50-ші жылдардың ортасына дейін кәріс азаматының төлқұжатында «Қазақстанда ғана тұруға рұқсат беріледі» деген ескерту жазылды. Бұл ескерту, сөз жоқ, кейінгі жылдары олардың Қазақстанды өзінің туған жері ретінде көруге және қазақ халқымен етене араласуға жол ашты», - дейді Н.Әбуов.
Бұл өңірде қазақстанның астанасы орналасқан. Ендеше тапсырма «ғимараттар сөйлейді» деп аталады. Берілген ғимараттарды атай отырып, тапсырмаларына жауап беру керек.
Тапсырма сұрақ жауап
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның мемлекеттік тілі
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы
Қазақстанның заңдар жинағы
Қазақстанның рәміздері
Қазақстанның ғарыш айлағы
2-аялдама
-
Қазақстанның шығыс өңірі. Бұл өңірде
-
қазақтар - 49% астам
-
орыстар - 44% астам
-
басқа ұлттар - шамамен 5,5%
Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған.
-
59,4%-ы қалалық жерлерде
-
40,6%-ы ауылдық жерлерде
Шығыс өңірінде Абай,Мұхтар сияқты ақын жазушыларымыз дүниеге келген. Олар шешендігімен, тапқырлығымен елге танымал болған. Ендеше келесі тапсырмамыз «тілге шешендер» деп аталады.
Тапсырма жұмбақ шеше отырып оны орысша мен ағылшынға ауыстыру
Ти, ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді.
/Ерін/. Губа
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.
/Көз/. Глаза
Қимылда қос шебер,
Талай-талай іс бітер.
/Екі қол/. Руки
Өзі арық,
Басы жарық,
Жүрген жері көп әріп.
/Қалам/. Ручка
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
/Дәптер/ тетрадь
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
/Кітап/ книга
3-аялдама
Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірі. Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), Әзірбайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.
Бұл өңірде еліміздің танымал әншілері, бишілер, яғни бір сөзбен айтқанда өнер тарландары көп шоғырланған сол себепті
Тапсырма сергіту сәті
4-аялдама
Қазақстанның орталық өңірі. Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, бқл аймақ кен өндірумен айналысады. Олай болса бізде білім кенін өндірумен байланысты тапсырмаға жауап берейік.
Тапсырма
Мақалдарды араласқан сөздерден құрау
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
Ырыс алды - ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
5-аялдама
Қазақстанның батыс өңірі.
.