Математика пәнінен ашық сабақ «Білімді тиянақтау» 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика пәнінен ашық сабақ «Білімді тиянақтау» 3-сынып

Мақсаты:1) Үш таңбалы сандарды қосу,азайту біліктерін пысықтай түсу,топтық жұмыста әр оқушы білімін саралау.

2)Жарыса жұмыстануға,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3)Оқушыларды ұлттық рухта және халықтың салт-дәстүрін жан-жақты түсіне білуге,білімді болуға тәрбиелеу.

Әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік,топпен жұмыс.

Көрнекілік:суреттер,дидактикалық материалдар,өрнектер,слайдтар. Түрі:сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Қарсы алайық қонақты жылы жүзбен,

Бізге келсін,қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз.

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

-Балалар,біз қандай ұлттық ойындарды білеміз?

-Мына суретте қандай ұлттық ойыны бейнеленген?(Көкпар ойыны)

-Көкпар-ұлттық ат спорт ойындарының бірі.Ойын атауы «көк бөрте»(лақ) сөзінен шыққан.Көкпар жаппай және дода тартыс деп екіге бөлінеді.

-Балалар,біз бүгін шынайы көкпар тартпағанмен білімімізбен екі топ болып жарысқа түсеміз.

І топ: «Тұлпар» ІІ топ: «Сұңқар»

Сайыста әр топ және әр оқушы өзіне ұпай жинап отырады.Әр ұпай қазанға салған серкелері болып саналады.

ІІ. І сайыс Ауызша есеп.

І -топ: «Тұлпар» тобына ІІ-топ: «Сұңқар» тобына

1.3 жүздік 5 бірлік?(305) 1.7 жүздік 1ондық?(710)

2.Ең үлкен үш таңбалы сан?(999) 2.Ең кіші үш таңбалы сан?(100)

3.Екі сабақтың ұзақтығы?(90 мин) 3.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі?(мм)

4.Бұрыш түрлерін ата? 4.Аудан табу формуласы(ахв)

5.1 тәулік 5 сағат=?сағат(29 сағат) 5.200кг= ?ц(2ц)

6.Қосуға кері амал?(азайту) 6.24 саны 8 санынан неше есе артық?

ІІ сайыс. «Дода тартыс»

-«Дода» тартысында құрамы бірдей екі топ сынға түседі.Мұны кейде «марта тарту» деп те атайды.

Тапсырма:Берілген өрнектердің мәнін табу.

ІІІ. Өткенді қайталау.

-Теңдеулерді шешу(әр топтан 1 оқушыдан шығып тақтада орындайды)

789-х=27:3 ух2=91-83

а-36=9х2 у-18=985-125

ІҮ.Сергіту сәті.

ІІІ сайыс. «Жаппай сайыс»

Жаппай тартыста әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады.(Оқулықпен жұмыс)

І топ ІІ топ

№4(ә),127 бет. №4(б),127 бет.

ІҮ сайыс. «Тақым тартыс»

-Ең мықты дегендердің жекпе-жегін «тақым тартыс»дейді.

-Өрнектерді пайдаланып,тура теңдіктер мен теңсіздіктер құру:

15х0 350-335 15х1 455-455

298-116 91+91 917-909 1х58

Ү. Қорытынды.

-Қай топ құрамында сан бар мақал-мәтел көп біледі?

-Сабақтың қорытындысын шығарып,топтарды марапаттау.

Рефлексия:Сабақ сендерге ұнады ма,ұнаған жоқ па?(тиісті смайликпен көрсету)

ҮІ.Үй жұмысы:№3(а,ә),122 бет.,№4,123 бет.

ҮІІ.Бағалау.


© 2010-2022