Урок-Үлкенге құрмет -- кішіге ізет

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану 2- сынып

Тақырып : Үлкенге құрмет -- кішіге ізет.

Құндылық : Ақиқат

Қасиеттер : кішіпейілділік, әдептілік, құрмет,ізет, сыйластық

Оқушылар саны : 19

Сабақ мақсаты : оқушыларға құрмет, ізет, сыйластық, кішіпейілділік,әдептілік туралы түсінік беру, қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру;үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

Оқушылардың кішіпейілділік, әдептілік, құрмет,ізет, сыйластық қасиеттерін дамыту ;

Оқушыларды кішіпейілділікке, әдептілікке, құрметке,ізетке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Құралдар, мәліметтер

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .

Тыныштық сәті:

Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді түзу ұстаңдар. Аяқ қолдарыңды айқастырмаңдар. Қолдарыңды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін.

Елестетіп көріңдер: күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе өарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сендердің әр ойларыңнан, әр сезімдеріңнен өтіп, жүректеріңізге жетті.

Нұр сәулесі сендердің ауыздарыңа, тілдеріңе тарады. Тілдерің тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңа бағыттаңдар, құлақтарың тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп,басыңа тек ізгі ,сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге : барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңдар : « Мен нұрмын ... Нұр менің ішімде .... Мен Нұрмын ...»

Осындай Нұр , Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңдар ...

Осы Нұрды жүректеріңе орналастырыңдар. Нұрға толы бүкіл әлем сендердің жүректеріңде. Оны осындай әсем қалпында сақтаңдар.

Жаймен көздеріңді ашуға болады. Рахмет.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Мәтінді оқу , мазмұнын айту.

ІІІ. Дәйексөз.

Дәйексөзді оқу.

Бірнеше рет қайталау.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәптерге жазу.

Хормен оқу

Ұлдар бөлек

Қыздар бөлек

Дәптерге жазу

ІV. Үлкенге құрмет - кішіге ізет.

Мәтінді оқу, талдау.

Сұрақтарға жауап беру.

VІ. Шығармашылық жұмыс.

Топпен жұмыс .

Мақал- мәтелдер іздестіру, жазу, жаттау.

Мақал- мәтелдер кітаптарымен жұмыс

VІІ. Үй тапсырмасы.

Мәтінді оқу, мазмұндау.

VІІІ. Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, үйренгендеріңді жүректеріңе түйіп алыңдар.

Көздеріңді ашуға болады.

Рахмет!





© 2010-2022