М. Мақатае «Анау - аспан, мынау-бақ»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№148 қазақ орта мектебі

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6 «А»

Пән мұғалімі: Хаметова Ақмарал Тоқтасынқызы

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев

« Анау - аспан, мынау-бақ»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңнің идеялы-көркемдік мазмұнын ашу. өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.

2. Дамытушылық :оқушының ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жекізе білуге баулу.Өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.

3.Тәрбиелік :оқушыларды тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,баяндау,ойқозғау,талдау,мәнерлеп оқу,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, «Аңыз адам» журналы /№3 ақпан 2011ж/,электронды оқулық
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.М.Мақатаевтың өмірі ,шығармашылығы жайлы ізденіп келу

2.М.Мақатаев «Қайырлы түн», «Қара өлең» /жаттау/

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Ақын жайлы электронды оқулықтан тыңдау

2.«Анау-аспан,мынау-бақ» өлеңін оқып беру

3.Оқулықпен жұмыс

Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы

4.Өлеңнің тақырыбын ашу

5.Абайдың «Қыс» өлеңін еске түсіру /5-сыныпта өткенді қайталау/

6.«Қыс» өлеңін М.Мақатаевтың «Анау - аспан, мынау-бақ» өлеңімен салыстыру

-Балалар, Абай атамыз «Қыс» өлеңінде қандай көркемдегіш құралды пайдаланды ?

7.Екі өлеңді өлең құрылысына талдау

/салыстыру-тармақ,ұйқас,буын/

8.Мұқағали өлеңінен көркемдегіш құралдарды табу

ІV.Сабақты бекіту.

Шығармашылық жұмыс

«Қыс» тақырыбына ойтолғау жазу

V.Бағалау

Оқушылар білімін бағалау

VІ.Үйге тапсырма

«Анау-аспан,мынау-бақ» өлеңін жаттау

© 2010-2022