Разработка сценария по сказке

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бремен музыканттары (өзгерістермен)

Кейіпкерлер:

Автор

Есек

Төбет

Мысық

Әтеш

Қарақшылар


Автор: Ерте, ерте, ертеде баяғы өткен заманда бір диірменші өмір сүріпті. Диірменшінің есегі болыпты. Есек диірменшіге көп уақыт қызмет етіп қартайыпты. «Есек енді жұмысқа жарамайды» деп есекті үйден қуып жібереді.Есек бір күн тамақ ішпей, екінші күн тағы да аш қалып, үшінші күні.
Есек: Қартайдым, әлсіредімдеп қарап отырмай, музыкант болайын. Даусым бар, ән айтып нан тауып жесем болар.
Есек келе жатып, жол бойы Төбетті кездестіреді.
Есек: Досым, саған не болды? Төбет: Аңшымен біргеаң аулап жүргенмін. Қартайып едім, керек болмай қалдым. Қожайыным мені далаға қуып жіберді. Енді не істерімді білмеймін.
Есек: Мен Бремен қаласына бара жатырмын. Сен де жүр, бірге барайық! Сенің дауысың ашық, өлең айтып, барабан соғасың, мен гитарада ойнаймын. Көшеге шығып, екеуіміз музыкант боламыз.
Есек ақырып, Ит- үріп, екеуі жолға шығады. Келе жатып жолдың жағасында отырған Мысықпен кездеседі. Есек пен Мысық бір дауыспен:

  • О, Мысық! Сен неге мұңайып отырсың?
Мысық: Мияу! Азапқа түстім ғой! Кезінде тышқан аулап, қожайыныма қызмет еттім. Кәрілік келіп еді, көзім жөнді көрмей, Тырнағым да тістерім де өтпей қалды. Мені өзенге ешкім ағызып жібермей тұрғанда, үйден қашып кеттім. Енді не істерімдібілмеймін!
Есек: Қайғырма, Мысық. Төбет: Бізбен бірге Бремен қаласына жүр. Есек: Үнді даусыңмен ән айтып, домбырада ойнайсың. Мысық: Біз сияқты көшедегі музыкант боласың!
Есек ақырып, Төбет - үріп, Мысық -мияулап жолмен келе жатады.
Жолда жүгіріп бара жатқан Әтешті көреді. Есек, Төбет, Мысық (үшеуі бірге): Тоқта, Әтеш! Саған не болды?
Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Қожайындарым мені қартайды деп, сойып сорпа пісірмекші! Не істеймін енді? Аман қалу үшін қайда барамын?
Есек: Сорпа болмаймын десең, бізбен бірге Бремен қаласына жүр. Мысық: Гитарада ойнап, біз сияқты көшедегі музыкант боласың!
Есек -ақырып, Төбет - үріп, Мысық -мияулап, Әтеш - шақырып жолмен келе жатады.
Есек: Қараңғы түсті, жақын маңайда түнеп шығатын орын бар ма екен, соны қарайық. Бәрі жан -жақты қарайды. Әтеш: Алыстан жылтырап бірдеңе көрінеді. Үйдің терезесінен түсіп тұған шамның жарығы болар. Сол жаққа қарай жүрейік.
Бәрі терезеден үйдің терезесінен қарайды.
Есек: Біз де жылынып отырсақ жақсы болар еді. Мысық: Қарнымыз ашты. Тамақтансақ қой. Әтеш: Өзімізді ешкім жеп қоймаса болар еді. Есек: Қарақшыларды қорқытып, үйден қуып шығайық.
Бәрі келіседі.
Есек -ақырып, Төбет - үріп, Мысық -мияулап, Әтеш - шақырады. Карақшылар қорқып, қашады.
1-ші қарақшы: Үйді жаулап алғандардың кім екенін біліп кел.
Қарақшы ақырындап басып үйге кіреді. Тарс -тұрс дыбыстар шығады. Әтештің шақырған даусы естіледі.
Қарақшы үйден жүгіріп шығады. 1-ші қарақшы: Үйімізді тартып алған кімдер екен? 2-ші қарақшы: Төрт дәу мақұлық. Көздері оттай жанып тұр. Қолдары жуан мықты. Тырнақтары өткір. Ақырғанда аузынан өткір тастар атқылайды. Басымды тесіп жібережаздады. 1-ші қарақшы: Онда біздің үйді құбыжықтар мекендепті. Бұд жерден тезірек кетейік. Автор: Сөйтіп, Бремен музыканттары -Есек, Төбет, Мысық және Әтеш осы күнге дейін бақытты өмір сүріп жатыр.
Кейіпкерлердің бәрі де ортаға шығады. Музыка ойнайды. Қоштасады.
© 2010-2022