Внеклассная работа на тему

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ғарышқа қанат қаққандар» зияткерлік білім сайысы

Мақсаты:

  1. Ғарышты игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, ғарышкерліктің ғылыми және практикалық маңызын оқып-үйрену

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, олардың ой-ұшқырлығын дамыту

  3. Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: зияткерлік білім сайысы

Пәнаралық байланыс: физика, астрономия, математика, орыс тілі, ағылшын тілі,

қазақ әдебиеті

Барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Кіріспе.

1-жүргізуші:

-Уа, жараңдар, жараңдар!

Тұңғиық көкке қараңдар.

Ғарышқа сапар салғалы

52 жыл болды, санаңдар!

2-жүргізуші:

- Ал, достарым, тұрмалық,

Білімнен дода тарталық!

Әлеміне ғылымның

Самғап ұшып барайық!

1-жүргізуші:

-Биыл адамзаттың ғарышқа жол салынғанына 52 жыл толып отыр! Құрылысы 1955 жылы басталған ғарыш айлағы 1957 жылы мамыр айында пайдалануға берілді.Байқоңыр деп аты айтып тұрғанындай, айлақтың айналасы кара қоңыр топырақты, шөбі алтын түстес қоңыр.

2-жүргізуші:

Ғарыштық старт алаңына орын таңдауда көптеген жағдайлар ескерілді.Біріншіден, ол халық тығыз орналасқан аймақтар мен өндіріс орталықтарынан алыс, екіншіден, Алматы-Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін маңына жақын болуы тиіс еді.

1-жүргізуші:

Ғарыш кемелерін ұшыру барысында жердің айналу жылдамдығын пайдалануға мүмкіндік беретіні де ескерілетін болатын.Өйткені ғарыш зымырандары ұшырудың шығыс бағытында экватор жазықтығына 48-ден 81 градусқа дейін еңкейте ұшырылып, орбитаға шығарылады. Бұл жағдайда ұшырылған дене секундына 316 метр болатын қосымша 4 пайыз орбита жылдамдығына ие бола алады.

2-жүргізуші:

Бүгінге дейін Байқоңырдан ұшырылған жердің ондаған жасанды серіктері байланыс құралдарының, метереологияның , биологияның, қорғаныстың, экономиканың, халық шаруашылығының ғарыштағы бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ғылыми жұмыстар атқарды.

1-жүргізуші:

Иә, егемендік алып, өз алдымызға ел болғаннан кейін өз жеріміздегі ғарыш айлағынан өз ғарышкеріміздің аспан әлеміне ұшыру мәселесі қолға алынды. Таңдау екі азаматқа түсті.Ғарышкерлердің өте білімді, епті болуы шарт еді. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш беттерін тұңғыш ашқан Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев сынды ерен ерлеріміз қазақ елінің жасампаз даңқын айдай әлемге тағы бір рет паш етті!

2-жүргізуші:

Ендеше, сөз басын жырдан шашу шашып басталық! Қарсы алыңыздар, 8 сынып оқушысы -----

Ғарышқа сәлем

Үздіксіз ізденуден жалықпаймыз,

Оқимыз, табансыздық танытпаймыз.

Ержүрек Тоқтар, Талғат, Гагариндей

Көз ілмес қия шыңға шарықтаймыз.

Қазақтың жері бар ма нәр тамбаған,

Байқоңыр, бақытына мың таңғалам.

Өзіңсің жер кіндігі - өзгеде жоқ,

Құшағын айқара ашқан, дархан далам.

Адамзат ақылы асқақ, дара зейін,

Шертеді жаңа ғасыр шаттық күйін.

Мереке құтты болсын,

Аспанға алғаш ұшқан Гагариннің!

Жүргізуші:

Өте жақсы! Олай болса, оқушыларымыздың білімін білігімен бағалайтын ұстаз төрешілеріміз - әділқазылар алқасымен танысту.

Сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыру.

ІІІ.Негізгі бөлім.

1-бөлім. «Бәйге».

  1. Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды?

А) 1957 ж 4 қазан В) 1961 ж 12 сәуір

2. Алғашқы әйел ғарышкер?

А) Мария Складовская В) Валентина Терешкова

3. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды?

А) галактика В) сфера

4. Космонавтиканың негізін қалаушы ғалым?

А) К.Э.Циолковский В) Королев

5. Ғарышқа ұшқан ең жас ғарышкер кім?

А) Ю.Гагарин В) Г.Титов

6. Суреттегі ғарышкердің аты-жөні

А) Тоқтар Әубәкіров В)Талғат Мұсабаев

7. Алғашқы қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров қашан ұшты?

А) 1991 ж 2 қазан В) 1992ж 4 қазан

8. Юпитер қандай планета?

А) Алып В) Ергежейлі

9. Ю.Гагарин ғарышта қанша минут болды?

А) 210 минут В) 108 минут

10.Физика грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

А) техника В) табиғат

2-бөлім. «Жорға»

Физикалық құбылыстар

10

20

30

Ұлы физиктер

10

20

30

Арифметика

10

20

30

Жұмбақтар

10

20

30

Космос

10

20

30

1. Физикалық құбылыстар

  1. Бір заттың екінші затпен араласуы (диффузия)

  2. Қаз неге судан құрғақ шығады?

  3. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі-түсті жарық шоқтарына жіктелуінен пайда болатын тамаша көрініс (кемпірқосақ)

2. Ұлы физиктер

1.Термометрді кім жасады? (Цельсий)

2. Сынапты барометрді ойлап тапқан кім? ( Торричелли)

3. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесін құрған ғалым кім және қай мемлекеттен

шыққан? ( Коперник Польша)

3. Арифметика

1. Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер, бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (6)

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма? (24)

  1. Үш таңбалы сандардың барлығы қанша? (900)

4. Жұмбақтар

  1. Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай күн көзін. (шам)

  2. Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді

Өлшемдерін қараса, Ньютонға ол келеді. (күш)

  1. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде

Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді ерекше. (энергия)

5. Космос

1. Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)

2. Айға түскен тұңғыш адамдар кімдер? ( Армстронг, Олдрин)

3. Метеорит дегеніміз не?

(4 оқушы қалады)

3-бөлім. «Жорға ». Оқушыларға сұрақтар беріледі.

  1. Космонавтиканың негізін қалаушы кім? (Циолковский)

  2. Ең алғаш ғарышқа кім, қашан ұшты? (1961ж12сәуір, Ю.Г агарин)

  3. Т.Мұсабаев бірінші рет қай жылы ұшты? (1994ж)

  4. Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды? (1957ж 4қазан)

  5. Бірінші рет ғарышқа қай жылы әйел адам ұшты?Аты-жөні?

(В.Терешкова 1963ж)

(2 оқушы қалады)

4-бөлім. «Полиглот» (ғарышқа байланысты сөздерді аудару)

  1. Ғарыш - космос - space

  2. Аспан - небо - sky

  3. Жұлдыз - звезда - star

ІҮ. Қорытынды

  • Міне, балалар, «Ғарышқа қанат қаққандар» атты зияткерлік білім сайысында «Озық ойлы оқушы» болуға лайық оқушыларымыздың өз ортамызда бар екеніне көз жеткіздік. Абай атамыз «Адам мен адамның күштілігі тек өнер-білім арқылы ғана анықталады» деген. Ендеше жеңімпаз кім болды екен, сөз кезегін әділқазылар алқасына берелік.

Жеңімпаздарды марапаттау.

© 2010-2022