Математика ҚМЖ Білімді қайталау 24. 04. 2014ж (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салықбаева Таңсұлудың 4 сынып МАТЕМАТИКА пәнінен қысқа мерзімді жоспары

24-сәуір, 2014жыл 4-күн

Сабақтың тақырыбы

Білімді тексеру

Сабақтың мақсаты

-4 сынып бойы өтілген тақырыптарды қайталау,соның ішінде;
-разрядтар мен кластар бойынша,

-Араб және рим цифрларын қаншалықты меңгергендіктерін байқау,

-Бөлшек сандарды қаншалықты сіңіргендіктерін анықтау,

-Өнімділікке есептер шығарудағы жетістіктерін білу.

-Теңсіздік орындау барысында сандар классификациясын пайдалан білу ұшқарылығын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

-Разрядтар мен кластар бойынша білімдері толыға түседі,сонымен бірге оларды практика жүзінде қолдануға жаттығады.

-Мәселе есептерді шығаруда оның мазмұнын түсінуге деген жауапкершілігі артады.

-Бөлшек сандарды құрастыруда дәлдікпен жұмыс жасау керектігін ұғынады.

-Теңсіздіктермен кең түсінікте айналыса алады.

Негізгі идея

Математика-ғылымдар анасы

Іс-әрекеттер

1-тапсырма:

Оқулықта берілген 1,2,3-есептерді түрткі сұрақтар есебінде қолдану.

2-тапсырма:

Сынақ сұрақтар есебінде қолдану яғни 11 есепті әр топқа бөліп беру.Осы 11 есепті өз ара топ өз ішінде бөлуге рұқсат беру.

Бірден бағалау жүргізу. Өз ара бағалау.

3-тапсырма:

Теңсіздікке түсіндірме жүргізу.10 есеп бойынша әр топтағы әр балаға әр түрлі мысал есеп беру олар өзге топтарға барып есебін тексеру
Сто технологиясын пайдалану

4 тапсырма:

Үшбұрыш сызуға тоқталу.
17-есеп бөлшекке тоқталу.
Дәптерде және тақтада бірлесе орындау.
«Мұғалім-оқушы» болып тексеру.

БАғалау

Формативті бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Шығарылмаған есептер



© 2010-2022