Тіл дамыту сабағы бойынша сабақ жоспары Наурызғы шашу (0 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Күні: 08.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Наурызға шашу

Сабақтың мақсаты: 1. Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тамақтары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.

2. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу..

3. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Жаңа сөздер: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім:

  • Көктем мезгілі. Жер әлем бәрі жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. Бәрі бір-біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.

ІІ. Кіріспе бөлім.

а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.

ә) «Татулық» сөзіне мағынасына жуық сөздер ойлап айту. Мысалы, татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.

ІІІ. Негізгі бөлім

а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.

1.Тал егіп жатқан балалар.

2. Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.

3. Гүл егіп жатқан қыздар.

4. Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көшет - көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері.

Раушангүл - әдемі ашық түсті ала қызыл гүл.

б) Ә.Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

в) Салт-дәстүр туралы мәлімет беріледі.

г) «Сен білесің бе?» дидактикалық ойын

ІІІ. Қорытындылау.

  • Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру.

  • Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Тіл дамыту

Күні: 15.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі

Сабақтың мақсаты: Әр бала ертегіні түсуге, оны рөлдерге бөліп сахналауды, ұйымшылдықты, достарын сыйлауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлердін суреттері.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар,бір-бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.

ІІ. Негізгі бөлім

Дәптерде «Алтын сақа» ертегісінен үзінді және мазмұнына сай сюжетті сурет берілген. Ертегіні бөлім бойынша оқып, мазмұнынын түсіндіреді. Сонан соң рөлдерге бөліп, сахналайды. Мұғалім балаларға түсінікті болу үшін, бұл ертегінің мазмұнын толық әңгімелеп беруіне де болады.

ІІІ. Қорытындылау.

Сахналық көрініс



Тіл дамыту

Күні: 22.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақ мерекесі

Сабақтың мақсаты: 1. 1Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.

2. Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мерекеге арналған сюжет.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. Бір-біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.

ІІ. Кіріспе бөлім

а) Дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.

ә) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Ынтымақ - адамдар арасындағы бірлік.

Мереке - салтанатты той, мейрам.

ә) Мұғалім Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді.

- 1Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» дейді халық даналығы

б) Осыдан кейін С.Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқиды, мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді балаларға бірнеше қайталаттырып жаттады

4. Қорытындылау. Ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру

Тіл дамыту

Күні: 29.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс мерекесі

Сабақтың мақсаты: 1. Жеңіс күні туралы түсінік беру.

2. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мерекеге арналған сюжеттер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сөздік жұмыс: Жеңіс, Отан қорғаушы, соғыс ардагері.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім

Мұғалім Жеңіс мерекесі жайлы түсіндіреді.

  • Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Отан қорғаушы - Отанды қауіп-қатерден сақтаушы.

Жеңіс - соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық.

Соғыс ардагері - соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам.

Майдангер - соғысқа қатысқан адам.

ә) О. Асқардың «Менің атам - майдангер» өлеңін жаттату.

б) Бейнетаспадан Жеңіс шеруі түсірілген фильмнен үзінді көрсету. Балаларға Жеңіс шеруі жайлы әңгімелету.

Сұрақтар:

1.Жеңіс шеруіне кімдер қатысады?

2. Өздерің Жеңіс шеруін көрдіңдер ме?

3. Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады?

4. Қорытындылау. Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру



© 2010-2022