Сыныптан тыс іс-шара Алтын асық

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс іс-шара Алтын асықС. Сатыбалдин атындағы орта мектебі.









Бастауыш сыныптар апталығында қазақ тілінен өтілген танымдық ойын.
















Өткізген : А.Қ Иманова










Қызылқоғам 2015 жыл.

Бастауыш сынып апталығында қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған

"Алтын асық" танымдық ойын.


Мақсаты: 1. Танымдық ойын шартымен таныстыру. 2. Ойындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу, танымдық қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыстағы белсенділіктерін арттыру. 3. Шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын. Көрнекіліктер: жұмбақтар, карточкалар, ойындарға қажетті құралдар. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жоспармен танысу ІІІ. Топқа бөліну: 1. Түсті фигуралар қылы 2 топқа бөлу.
Ойын барысы:
1. "Доп қағу" айтылған сөздерге қарама-қарсы сөздер айту. І топ: ақ-қара, жуан-жіңішке, таза-кір, мөлдір-лай, жомарт- сараң, ащы-тұщы ІІ топ: жанады-сөнеді, көп-аз, ұшады-қонады, қуаныш-реніш, биік-аласа, кең-тар
2. "Тіл-өнер" айтылған жұмбақтың шешуін орысшаға, ағылшыншаға аудару. - Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. ( көктем- весна) - Мұрты бар иегінде сақалы жоқ, Тоны бар киеріне шапаны жоқ. Пайдасы үй ішінен табылған соң, Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.( мысық-кот) - Жүз теңгең болғанша, жүз ....... болсын. ( дос-друг) - Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. ( кітап-книга) - Футболшының алаңдағы ойын заты ( доп-мяч)
3. "Моншақ" ойыны. берілген жуан, жіңішке сөздерді кезекпен тізіп шығу Сөздер: 1. аурухана, дәрі, тамақ, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік. 2. көктем, қыс, балық,биші, домбыра, өнерлі, ұстаз, шебер, әдепті, ана
4. "Қалалар" ойыны. Берілген сөз қала атауының бір бөлігі Мысалы: қар-Қарағанды, ас-Астана, алма-Алматы, Тау- Көкшетау, кент-Шымкент, жез-Жезқазған, ақ-Ақтау, су- Ақсу, тұз- Екібастұз, тар-Тараз
5. "Сұрақ-жауап" Топтарға керекті сөздерді таратамын, сұраққа кім тез жауап берсе, сол жеңімпаз. Сұрақтар: - Сөмкеде не жатыр? ( қалам) - Бір аптада неше күн бар? ( жеті) - Асханада кім бар? ( аспаз) - Сыныпта неше есік бар? ( бір) - Қолда неше саусақ бар? ( бес) - Жазда ауа райы қандай? ( ыстық) - Бір тәулікте неше сағат бар? ( жиырма төрт) - Мектеп неше қабатты? (екі) -Күзде не сарғаяды? ( жапырақ)
6. "Сиқырлы қоржын" Қоржын ішінен мақалдың басы жазылған 1 карточка алған бала басын оқиды, жалғасын тапқан бала сыйлық алады. Мақалдар:- Оқу- білім бұлағы, білім - өмір шырағы - Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді - Оқу инемен құдық қазғандай -Туған жер- алтын бесік -Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі - Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы. - Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы - Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді - Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер - Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей - Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала - Еріншектің ертеңі бітпес - Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол - Отан оттан да ыстық Қорытынды. Ұпайларды санап, жеңімпаз топты анықтау.
Сыныптан тыс іс-шара Алтын асық

Иманова Айжан Калиоллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі, 1 санатты, өтілі 15 жыл С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп Қызылқоғам ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы


© 2010-2022