Сайыс сабақ Өнерлінің өрісі кең

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ (САЙЫС САБАҒЫ)

Армысыздар,көрермен қауым!

«Қазіргі күнде бала тәрбиесі басты назарда болып отыр.Осыны ескере келе сыныбымыздың бүкіл тыныс тіршілігі оқушы тұлғасына арнайы құрылған «Ынта болса адамда,қиын іс жоқ ғаламда» демекші дайындалған «Өнерлінің өрісі кең» атты өнерлі қыздар арасындағы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Ақылды азбас ,өнерлі тозбас» дегендей ойынға ақылды да,өнерлі қыздардан 4-ойыншы қатысады.Сонымен ойыншыларды ортаға шақырамыз.

Енді жарыс бөлімдерімен таныстырайық.

Iбөлім:Таныстыру,өнерлерін көрсету.

IIбөлім: «Шебердің қолы ортақ» Ілгек қадау 3 мин.

IIIбөлім:Тапқырлық.Кулинария бөлімінен сұрақтар.

IVбөлім: «Өрнегіне өнері сай» ою-өрнекті қағазға қию.

Vбөлім:Ғажайып қоржын.

Қыздың өнерін бағалауда Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Ал қазылар алқалары өздерінің әділ бағаларын береді деп сенеміз.

ҰПАЙ САНДАР

I БӨЛІМ «Таныстыру»

Адамдар арасындағы қарым-қатнасты,адамгершілік,әдеп,инабат-үрдістерді қаншалық кең жайылып,терең тамырлануы,ең алдымен олардың жекеленген отбасында өркен жаюына,яғни баланың үлкендерді саналы түрде ардақтап құрметтеуіне инабаттылығымен үлкендерден үйрене отырып,олардың өздеріне деген қарым-қатнастарына мүлтіксіз жүзеге отыруларына байланысты.

Демек,бала-өмірдің жалғасы.

Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш

Гүлденіп ой өлкесі.

деп,ұлы Абай баланың гүлденген үміт арманы екенін тебірене жырлайды.Енді қыздарымыз өздерін қалай таныстырар екен.Ең болмаса бір шумақ өлең айтып өтер?

Бұрында Қазбек би былайша таныстырған екен:

Біз қазақ деген- мал бақққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай,жәй жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзағайға үкі таққан елміз

Ешбір дұшпан басынбаған елміз

Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз.

Дем-тұзды ақтай білген елміз

Асқақтағанхан болса

Хан ордасын таптай білген елміз

Сен қалмақ болсаң,біз қазақ

Қарпысқалы келгенбіз.

Сен-темір болсаң, біз көмір,

Балқытқалы келгенбіз

Танымайтын жат елге

Танысқалы келгенбіз…..деген екен.

Сонымен I-таныстыру бөлімінде қыздарымыздың алған ұпайларын қорытындылаймыз.

II бөлім «Шебердің қолы ортақ»

бөліміне жол берейік. Оның шарты:Мұнда әртүрлі ине,әртүрлі жіптер,әртүрлі мата қиындысы,әртүрлі түйме берілген.Қыздарымыз мата түріне,құрылысына,сай түймелерді таңдап қадаулары керек.

Бұл шартта өздерінің білімдерін практикада сынайды.

Уақыт бірлігі 3 мин,

Мың бұралып билеген

Мұндай қызды көрдің бе?

Таң қалып біз сүйсінген

Сұлулар көп дүниеде,

Енді қыздарымыз қалай тапсырманы орындағанын бағалау үшін қазылар алқалары ұпай сандары арқылы бағалайды.

III Бөлім «Тапқырлық» бөліміне жол берейік.

Ойын шарты: «Аспаздық» бөлімінен сұрақтар қойылады.Мұнда 4 түсті конвертте тағам жайлы,ұлттық тағам түрлері жайлы сұрақтар жасырылған.Әр конвертте 4сұрақтан бар.

Енді III бөлімді Тапқырлықта қыздарымыздың білімін бағалар қазылар алқаралы өзұпай сандарын көтереді.

IV бөлім «Өрнегіне өнері сай» бөліміне жол берейік.

Ойын шарты:Мұнда қыздарымыз стол үстіндегі түрлі-түсті қағаздардан қазақ халқының ою-өрнегінің үлгісін қияды.

Ертеде атам «Қазақ» төрт түлік мал бағып оның етін жеп,сүтін ішіп,жүнінен киім,төсек орын,бұйымдар,терісінен төсеніш,қалың киімдер тигіп,тұрмыстық бұйымдар жасаған.Осы ұйымдарға нақышын келтіріп,ою-өрнектер салған.Мысалы:киімдерге өсімдік тәрізді ою-өрнеті,жануар тектес,аспан әлемі ,геометриялық пішіндес.Ою-өрнекті киіз үй бұйымдарына алаша,басқұр,тұс киіздерге, құрал-саймандарға,сандықтарға,әшекей бұйымдарға-сырға,сақина,білезік,алқаларға салып отырған.

Бұл оюларды әже -аналарымыз түсіне сай әртүрлі бояулардың сәйкес үйлесіміне көп көңіл бөлген.Бояуларды көбіне табиғаттағы ағаш қабықтарын қайнатып, әртүрлі түстер алған.Түрлі жеміс ағаштарынан қызыл ,жасыл шөптерден сары,күлгін түстер алған.Бұл да үлкен өнер болып есептелген.Мысалы төртқұлақ оюы қыздардың сандығына салынған.Мағынасы-төрт құбыласы сай болсын деген.Шынжыр оюы үйдегі қабырғаға ілінген түскиіз,кілемдерге салынған.Мағынасы-бір-біріне байланып ,күн артынан күн туып ,ұзақ өмір сүрсін деген.Жұлдыз оюы әр уақытта жұлдызы жансын,бақытты болсын деген.

Ирек оюы өрнектерді қоршап тұрған осы бақыт,ұзақ өмір тілейтін төрт құбыласы сай болсын деген ұғымдар сыртқа шығып кетпесін деп оюды қоршап қойған.

Енді қыздарымыз өздерінің ойған оюларының атын атап қалай, қайда қолданылатынын атап өтеді.

Орындалған IV Өрнегіне өнері сай бөлімін қорытындылап,бағалауды сіз, қазылар алқасынан күтеміз.

Vбөлім «Ғажайып қоржын»

Дәл осы сәтте сіздер бар қайрат-жігер,білімдеріңізді жұмсауларыңыз керек.Ойын шарты:еңбек сабағының әр бір бөлімі техникалық қауіпсіздік ережесін орындауды талап етеді.Соның ішіндегі кейбір құралдарды қолданудағы қауіпсіздік ережесін анықтап,тоқталып өту үшін ғажайып мынау қоржынға бұйым,не құралдар жасырынған.Соларды қоржыннан ала отырып ойланбастан жауап бересіздер.

Қазылар алқасы барлық бөлім бойынша қыздарымыздыңжалпы ұпай санын есептеп болғанша сыныбымыздың ерке қыздарын қошеметпен ортаға шақырамыз:

Бар ма екен табиғаттан нәзік нәрсе

Қыз бала серік болған оған жерде

Сұлулық сұмбасымен ғашық қылған

Қазақтың ақынан да,ерлерін де! дегендей кешкі сән көйлек үлгілерінің бірнеше жиынтығын назарларыңызға ұсынамыз..

Осымен бүгінгі еңбек сабағының «Өнерлінің өрісі кең» -атты сайыс сабағы аяқталды.



© 2010-2022