Тәрбие сағаты Қазағымның жыл басы құтты болсын! 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Қазағымның жыл басы құтты болсын! 2 сыныпҚазағымның жыл басы құтты болсын!

Мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін көрсету , наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын, өрісін, шығармышыл, іздену негіздерін дамыту.

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Шарлар, қанатты сөздер,дастархан, үнтаспа.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру:

Мұғалім:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің асыға күтке Наурыз тоймыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз-«Жаңа күн» деген сөз. Бұл күні-біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері асыға күтіп тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күнінде денсаулығымыз мықты, шаңырағымыз биік болсын, керегеміз берік болсын, тілектерімзі қабыл !болсын

  1. жүргізуші

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - Жаңа жыл-Наурыз мерекесі.

Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық..деседі.

2-жүргізуші:

Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан..Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі - «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

1 оқушы: Жыл басында нұр жауған түн-Қызыр түні

2 оқушы: Жыл басында алғаш жауған қар-Ақшақар

3 оқушы: Жыл басында алғаш күні-Ұлыс күні

4 оқушы: Жыл басының алған төлі-Дүбір аяқ

5 оқушы: Жыл басының алғашқы сүті -Уыз

6 оқушы: Жыл басының алғашқы көгі -бәйшешек

7 оқушы: Жыл басының алғашқы асы-Наурыз көже.

8 оқушы: Жыл басының алғашқы белгісі-Көрісу.

9 оқушы: Жыл басының алғашқы сый тағамы-Ұйқыашар

(Ән «Саржайлау» )

1-жүргізуші:

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

Көрініс: «Наурыз» ауылы

Бала: -Алақай, наурыз мерекесі келді.

Апа, қонақ келді!

Анасы: Балам, көршілерді шақыр

(Қонаққа Қызыр баба, Күн ана, Наурыз батыр, Көктем ару келді)

Отағасы шығып қарсалайық қонақтарды.

Отағасы: Ассалау мұғалекім,

«Қонақ келсе құт»- деседі ,жоғары шығыңыздар қадірлі қонағымыз болыңыздар.

Қызыр баба: Жаз келер, қыстыгүні қысым өтіп,

Қар, суық, аяз, боран-бәрі кетіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,

Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.

Анасы: Төрлетіңіздер, дастарқан басына жайғасыңыздар...

Астан алып отырыңыздар.

Отағасы:

Наурыз тойын жұп жазбай,

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

(оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқып,оның мәнін аша білді).

1- Оқушы: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер. Бүгін бізде -

Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.

Хормен

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық..

2- Оқушы

Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсые Наурыз!

3-Оқушы:

Наурыз той салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз

Қуанышқа кеңеліп,

Көшеге тал егеді.

«Көктем биі»

4-Оқушы:

Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын.

Наурыз тойы-берек,

Наурыз, Наурыз-жасасын.

5-Оқушы:

Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша - бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.

(«Домбыра » би)

2 - жүргізуші:

Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға,батар күнге тәу-тәу!

Күн Ана

-О, қасиетті Жер Ана! Алла -тағаланың әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған бас иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау - тасыңнан,жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.

(Бозжорға би)

1 - жүргізуші:

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке.

Көктем Ару.

-Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

(Бозжорға би)

2 - жүргізуші:

Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ

«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше,Наурыз мейрамының салтанаты

Наурызды шақырайық.

1 - жүргізуші:-

Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен,

Ел болып қарсы алайық!

Күн Ана.

- Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді - ау!

Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет,әрі кет.

Алас,Алас! Бар бәледен қалас.

Наурыз батырым келе ғой!

Наурыз батыр.

Сәлем бердім иіліп

Анам алтын күн,

Нұр шуаға халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас - кәрің.

Жыл иесі қойыңмын,

Құт иесі қойыңмын,

Бақыт әкел еліме

Құт - береке молшылық

Дари берсін жеріме.

Тоқтамасын күлкіменен қаныш

Ағыл-тегіл болсын ағымыз,

Құтты болсын Наурыз думан,

Мерекеден шаттансыншы-халқымыз!

2-жүргізуші:

Ақ тіліегі бабалардың қабыл болсын, батаны Қызыр баба үйіп төксін

Қызыр баба: Бата

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Шараң толсын уызға

Сабаң толсын қымызға.

Әумин десең маңан құдай берсін саған.

Әумин

Құтты болсын бұл наурыз халқым менің!

Асапанымыз жарқырап тұрсін күнің

Берекелі қазақтың бұл тойында

Қуанышқа бөленсің менің елім!

2 - жүргізуші:- Рахмет;Қызыр баба, Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

Қашанда құт береке орналсын деп,

Тойларда шашу шашу-салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсынғ жамағат, ақ тілеуің!

1 - жүргізуші:

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Хор: Жарқыраған жыл нұрды,

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

(«Қош келдің жаңа жылым қазағыма әні»)

Мерекелік кеш әсем ән, би,өлең - жырмен жалғасты.

Наурыз көже таратылды.

Тамашалағандарыңызға рахмет!



























Келісемін: Бекітемін:

Келісемін: Бекітемін:

директордың тәрбие жұмысы № 3 Талапкер орта

жөніндегі орынбасары мектебінің директоры

Хамзина Г.А Абеева С.Х





(Тәрбие сағаты)





Өткізген 2 «Б» сынып жетекшісі: Аубакирова А.С

2016 оқу жылы

© 2010-2022