Зат есім (ашық сабақ)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зат есім (ашық сабақ)Зат есім (ашық сабақ)Зат есім (ашық сабақ)Зат есім (ашық сабақ)Зат есім (ашық сабақ)Зат есім (ашық сабақ)Қазақ тілі 2- сынып

Тақырыбы: Зат есім

Мақсаты: 1.Оқушыларға зат есім, зат есімнің түрлерін таныстыру,

2. Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы зат есімдерді дұрыс табуды

меңгерту, тіл байлықтарын байланыстырып сөйлеуді дамыту ,

сауатты жазуға машықтандыру

3. Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: топпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекілігі: сөзжұмбақтар, тірек сызбалар, ойындар

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Технологиялар: сыни тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту

Күтілдетін нәтиже: Оқушылардың зат есім, оның түрлері туралы

білімдері кеңейеді, сөздік қорлары , шығармашылық

қабілеттері артады, ұйымшылдыққа үйренеді

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық.

  • Балалар, біз жылдың қай мезгілінде оқимыз?

  • қыс, көктем, күз. Ендеше қыс, күз, көктем болып үш топқа бөлініп жұмыстанамыз. ( оқушыларды топқа бөлу) Топ басшыларын сайлау.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда житондарды жинау арқылы бағаланамыз.

II. Үй тапсырмасы тексеріледі.

« Бәйге» ойыны арқылы бекіту

10. Қазақ тіліндегі әріптер санын ата.( 42 әріп)

20. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?( екіге, дауысты, дауыссыз)

30. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9 )

40. Буын құрайтын дауыстылар ма, дауыссыздар ма? ( дауыстылар)

50. Қосарлы дауысты дыбыстарды ата.( я, ю, е)

60. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу, ата. ( 9 дыбыс: ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ)

70. Сөздерден не құралады? ( сөйлем)

80. Мәтін дегеніміз не? ( Екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралып, тиянақты ойды білдіреді.)

90. Мәтін түрлерін атау. ( әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

III. Жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Сөзжұмбақ шешу . 1. Ең қадірлі жан. ( ана)

2.Тиіп кетсе жырлаған,

Даусы көпке ұнаған. ( домбыра)

3.Қос қанатын иіп алып,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп алып,

Балшықтан үй соғады. ( қарлығаш)

-Бұл сөздер нені білдіреді?

- Заттың атын білдіріп тұр.

Кім? Не?

Атын білдіреді

Зат есім

Жекеше,

көпше

Кімдер? Нелер?

жалқы Зат есім ( топтастыру)

жалпы негізгі жіктік

туынды көптік жекеше тәуелдік

септік көпше

Оқулықпен жұмыс: 1- жаттығу Зат есімдерді табу

1 топ. Кім? сұрағына

2 топ: Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу.

3 топ: 2-3 сөзге сөйлемдер құрастыру.

Кім? дәрігер, оқушы, биші, зейнеткер. ( түбірі мен қосымшасын ажырату.)

Не? Торғай, дала, кеме, өзен. ( дыбыстық талдау жасау)

Перфокарталармен жұмыс.

Зат есім

Кім?

Не?

Кім дер?

Нелер?

дәрігер

+

тігіншілер

+

қарлығаштар

+

жаңбыр

+

Топтық тапсырмалар:

1.Топ « Қыс» Берілген сөздерден сөйлем құрастыру, зат есімдерді атау

Кірпіш, отын, білім.

2.Топ « Көктем» Жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түрге айналдыру

Әкем ініме жаңа ойыншық әкелді. Көлде аққу көрінеді.

3.Топ « Күз» Жалқы, жалпы есімдерге 5 сөзден жазу.

Сергіту сәті:

« Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Иәрпінен басталатын зат есім сөздерін табу. Ит, ине, иірім, инелік, икем т. б.

Сабақты қорытындылау:

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағын,

Сөйлемдегі ой иесі боламын.

Не істеді? сұрағымен көркейемін, толамын,

Мен қай сөз табы ?

- Зат есім

Рефлексиялық бағалау.

Нені білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?


Бағалау. Әр топтағы оқушылардың қанша житон жинағандарын санап, бағалау.

12-10 ж- 5 9-7ж- 4 6- 4 ж- 3

Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу. Зат есімдерге байланысты сөзжұмбақтар құрастырып келу.



© 2010-2022